82+18; 100-82 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін пысықтау

69

Сабақтың тақырыбы. 82+18; 100-82 түріндегі қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін пысықтау.

Сабақтың мақсаты.

1.Толық ондыққа дейін толықтыру негізінде және 100 санын шығарып алудың жазбаша қосу, азайтудың тәсілдерін пысықтау, есепті шығару кезінде оны қолдануды қайталау; ойын арқылы оқушылардың белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру.

2.Логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілеттерін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін, математикалық тіл байлығын дамыту, шапшаң есептеу дағдыларын дамыту.

3.Оқуға, ұжымшылдыққа, әсемдікке тәрбиелеу, жолдастық, достық қарым-қатынаста еңбек етуге тәрбиелеу; тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар, компьютер, экран, видеопроектор, таратпа материалдар, «Қошақан» әнінің минусовкасы, ойындар, бағалау тақтасы, бағалау карточкалары, үлестірмелі карточкалар.

Типі: білім-білікті қалыптастыру.

Әдіс –тәсілдері:сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау-жинақтау, ойын,  ребус шешу, таңдау,топпен жұмыс, жұппен жұмыс, психологиялық тренинг.

Түрі:сайыс сабақ

Сабақтың барысы.

 Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық дайындық.1-слайд.

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз,

Есептерді шығарып,

Білімді шәкірт боламыз.

  1. Ребус шешу.2-слайд
І М Л І Б
40 50 30 20 10

 

3.Сайыс ережесімен таныстыру.

Сыныпты топтарға бөлу. Таңдау әдісі бойынша

Топтардың  аттары.

Алғырлар 3-слайд

Білгірлер

Тапқырлар

Үй тапсырмасын тексеру.4-5-слайдтар.

7-мысал. Ауызша тексеру.

а

12 32 9 19 29
38+а
90-а

 

d 25 55 21 41 61
100-d
D+14

 

Өтілген материалды пысықтау.

«Аққала жасау» ойыны.6-слайд.

47+9                                          90-8                                 65-7

70-59                                         38+32                              81+19

43+40                                        79+6                                 7+87

78-12                                         50-23                                65+12

«Математикалық бұлттар» ойыны. 8-9слайдтар.

2-мысал. Баған түрінде жазып, есептеу. Тақтада әр топтан оқушылар шығып, түсіндіріп орындайды.

  • топ. 90-58                        25+55                                 95см-43см
  • топ. 57+13                       56-36                                  55см+41см
  • топ. 42+28                       100+65                               79кг-56кг

«Кім шапшаң?» ойыны

Топпен жұмыс.10-слайд.

3-есеп.Қысқаша жазылуын толықтырып, есеп құрастыр. Оны шығар. Топ болып, ұжымдасып шығарады.

1- топ

а) Музыкамен-         б.

Бимен      —         б.                  100 бала

Спортпен      -? б.

2-топ.

ә) Музыкамен-       ?  б.

Бимен      —         б.                  100 бала

Спортпен    —         б.

3-топ.

б) Музыкамен-         б.

Бимен      —        ? б.                  100 бала

С портпен      —     б.

Сергіту сәті.

«Қошақан» өлеңінің әніне қимылмен би билеу.

«Жұлдызшалар» ойыны

Жұппен жұмыс.11-слайд.

5-мысал. Балалар жұпта талдап, жауаптарын ауызша айтады. Тақтадағы дұрыс жауаптарымен тексереді.

4+57  * 57-4                                 55+45   *   45+55                          80-20   *   80-23

13+8   *  8+15                              77-14   *    87- 14                          24-8      *   20-8

95-65   *  90-65                           80-20   *    20+8                             80-55    *    86-55

«Қызықты математика» ойыны.12-слайд

Логикалық есептер.

Қызықты есептер.

Жұмбақ есептер.

 

«Эстафета» ойыны.

Соңғы партада отыратын барлық оқушылар бiр – бір карточкадан алады да, карточкада жазылған бір мысалды орындап, өзінің алдындағы партада отыратын оқушыға береді. Осылай эстафета бойынша оқушылар өз кезегі келген кезде мысалды орындап, алда отырған оқушыға мысал жазылған карточканы беріп, жалғастыра береді. Ойын соңында карточка ең бірінші партаға келеді де, мұғалім жинап алады.

100-ге дейінгі қосу мен азайтуды пысықтауға байланысты өрнектердің мәнін табуға беріледі.

 

Қорыту. Әр топтың ұпайларын оқушылар өздері есептеп, шығарады.  Жеңімпаз топты жариялау.

Бағалау. Әр оқушы алған карточкаларының санына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма беру. 90-сабақ. 4, 7-тапсырмалар