А. Халимулдина, Ә.Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті»

40

Ана тілі    4 — сынып

Сабақтың тақырыбы: А. Халимулдина, Ә.Халимулдин «Мәншүктің жұлдызды сәті»

Білімділік мақсаты: Мәтімазмұны арқылы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жан аямас қиян-кескін соғыс тауқыметін бірге көрген қаруластар достығын, ондағы ер азаматтармен қатар күрескен батыр қыз Мәншүктің ерлігін үлгі ету

 

Дамытушылық мақсаты: Мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу;

 

Тәрбиелік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдары елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеп, батырларға құрметтепен қарауға тәрбиелеу, мақтаныш және патриоттық сезімдерін дамыту.

 

Көрнекілігі:   Флипчарт, Мәншүк Мәметованың суреті, соғыс суреті, карта, видео-ролик

 

Сабақ түрі: Танымдық – ізденіс сабақ

 

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

 

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту, сахналау

 

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқушы назарын сабаққа аудару

 

  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

М. Ғабдуллин кім?

Төлеген Тоқтаровтың ерлігі

Тағы да басқа қандай батырларды білесіз? Әңгімелеңіз (Зерттеу жұмыстары бойынша)

 

  ІІІ. Жаңа сабақ

М.Мәметованың соғысқа дейінгі өмірімен таныстыру

Мәтінді оқу

Сөздік жұмыс

Оқушыларлың тізбектей оқуы

Cұрақтарға жауап алу

ІV. Топтық, жекелеме жұмыс

1-топ: Тақырыпты үш оқушыға бөліп әңгімелету

2-топ: Генерал Галицкий мен Мәншүктің арасында болған әңгімені рөлге бөліп оқыу, сахналау

3-топ: «Мен зерттеушімін» айдары бойынша Мәншүк туралы өзі білетін деректермен ой бөлісу

 

  1. Сабақты бекіту.

— Мәншүк нешінші дивизияда болды?

— Бөлімше пулеметшілері қандай бұйрық алды?

— Генерал Галицкий Мәншүкпен қалай кездесті?

— Осы мәтінді оқу барысында қандай сезімде болдыңыз?

 

VІ. Сабақты қорытындылау 

Отан ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмаған шөгеді екен жерге бұлт.

Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Халқымыздың қаһарман қыздары Әлия мен Мәншүк ерліктің, батырлықтың, отансүйгіштіктің тамаша үлгісін көрсетті. Қазақтың қаһарман қыздарының ерліктері жоғары бағаланып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу

Мәтін бойынша сурет салу