Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістері

79

 

Жоғарғысанатты математика пәнінің мұғалімі: Сражиева Кульзахира Сейтхадировна Тараз қаласы №39 мектеп гимназиясы

Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдістері

«Математикалық логика» ғылымы ХІХ ғасырда пайда болған.

Логика ( гректің «логос» — «сөз, сөйлем, ой, ақыл» деген сөзі) – дүниені танудағы абстрактілі ойлаудың формалары мен заңдары жөніндегі ғылымдар жиыны. Логиканың негізгі мақсаты мен зерттеу пәні танымның ақиқаттылығы, танымдық тәсілдер мен әдістердің дұрыс жүйесін қалыптастыру. Сондықтан математикадан қосымшасабақтарда логикалық есептерді шешуді үйрету олардың математикалық білімдерін тереңдетудің бір жолы. Оқушылар логикалық есептерді шығару үшін қазір ғылым мен техникада кеңінен қолданылатын алгебраның жаңа саласымен танысады.Соңғы жылдары  ҰБТ-ның математика курсында логикалық мазмұнды есептер беріледі. Академик Асқар Жұмаділдаев айтқандай, қазаққа ең алдымен логика қажет деп, оқушылармен қызықты логикалық есептер шығару мақсатында «Жұлдызды сәт»  интеллектуалдық ойынын өткіздім.

.Ойынға қатысушыларды ойынның негізгі шарттарымен  таныстыру. 1-кезеңКім жүйрікП.С.Порецкийдің «Математикалық логика өзінің пәні жағынан логика да әдісі жағынан математика болып саналады»деген қанатты сөзбен 7 логикалық сұрақ берілді2-кезеңОйлан тап«Білім жолы-қиын жол», ойлан бала, Бір ғаламат шығады ойдан ғана, деген қанатты сөзбен 6 есеп берілген. Бұл есептерді шеше білу үшін «Математикалық логика» курсын оқытып, үйреттім. Олар: логикалық алгебра, кестелік тәсіл, пайымдау, талдау тәсілі.Абзал, Дулат және Балнұр әртүрлі шет тілдерін:ағылшын, жапон және араб тілдерін оқиды. «Кім қандай тілді оқиды?» деген сұраққа біреуі: «Абзал ағылшын тілін оқиды,Дулатағылшын тілін оқымайды, алБалнұр араб тілін оқымайды» деп жауап берді. Шындығында, бұл жауаптың біреуі ғана дұрыс, қалған екеуі жалған болып шықты. Кім қандай тілді оқиды?

3-кезеңБілімділер сайысы«Ақыл қайда болса, ұлылық сонда, Білім қайда болса, парасат сонда» деген ұлағатты сөзі жазылып, үш есеп берілген.

 

 

 

4-кезең. Ғажайып төрттік (10,20,30,40 ұпайлық тапсырма берілді)

 

5-кезең. Математикалық терминдер  (таңдаған әріптеріне математикалық

терминдер жазу)

 

Математикалық логика және логикалық алгебраның  шығу тарихына шолу жасап, логиканың дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбегімен таныстыру,  логика  элементтерін пайдаланып есептер шығарту, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және проблемалық жағдайларды шеше білуге тәрбиелеу мақсатында 10 «а» сынып оқушыларымен бірігіп электрондық оқулық жасадық.

 

 

 

Математикалық логиканы зерттеу оқушының математиканы философиялық тұрғыдан пайымдауына, логикалық ойлау қабілетін дамытуына және күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі проблемалық жағдайларды шешуге қолдана білуге көмектеседі.