Ерлік ұрпаққа ұран

78

Тақырыбы:« Ерлік ұрпаққа ұран»

Сабақтан тыс  іс-шара

Мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке , Отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Оларға патриоттық тәрбие беру.

  1. Оқушылырды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой — өрістерін дамыту.
  2. Балаларды үлкен адамды сыйлауға,

оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Барысы:

Қош келдіңіздер ! Қазақстан Республикасының әнұраны әсем әуенмен шырқалсын.        « Қ.Р.М. Гимні орындалады.»

Тарих көші үнемі жаңаланып отырады.Десе де ұмытылмайтын , ескірмейтін тарихи  оқиғалар болады. Соның бірі — әлемді дүр сілкіндірген 1941жылы 22- маусым  күні болған  еді. Бірақ , сол кездегі  Кеңес елінің бірлігі мен  достғының  арқасында  1945 жылы  9- мамырда бұл оқиға   Ұлы жеңіспен аяқталды. Міне сдон бері 65 жыл  мерзім уақыт өтті. Биыл ұлы жеңістің 65 жылдығына  орай өткізгелі отырған  « Ерлік  ұрпаққа ұран»  атты  кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Дәл осындай жадыраңқы жай күйі,

Болса -дағы қай ғасырдың қай жылы,

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. «  1 мин үнсіздік »

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған,

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ сылқылдат барабанды,

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.

«Кешіміздің қонағы  арамыздағы ұстаз Даниар Уәлитұлына оқушылар тарапынан  бірер сұрақ.»

Соғыстың алдында елімізде 6,2 миллион  халық тұатын еді.Осы жылдары  республикамыздан  1 миллион  196 мың 164 адам қару  асынып,майданға аттанды.Республикамыздан  еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.Сонда Қазақстаннан  соғыс жылдары  әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мың адам сапқа тұрды.

Ән «  Бейбітшілік сақталады.»

Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ  Кеңес халқы жан – тәнімен Отанды қорғады.Әрбір ауыл,  әрбір қала үшін  кескілескен ұрыс болды. Қаныішер неміс басқыншыларымен  Кеңес азаматтары  аянбай шайқасты.

Соғыс жалмап аға – іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды,

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы7

Көрініс « Соғыстың басталуы   және   бесік жыры»

Жеңіс… Ия, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы  минуттап , сағаттап  сарыла күтті емес пе?

Ақыры олардың сенімі мен үміттері ақталды.

Тілектері орындалды.

Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ.

Жеңіс  жолында Отан үшін от кешіп миллинодаған асыл азаматтар  мерт болды. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгінгі арамызда Отан алдындағы парыздарын дал атқарып келген ағаларымызға басымызды иіп тағзым етейік.

Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

« Отан алдындағы парызын атқарып келген азаматымыз Тұрлыбек Ермекұлына бірер сөз»    «  Шағын бейне материалдан көрініс»

Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды,

Қасиетті жер үшін,

Қастерлеп батыр елі үшін,

Әлиә , Мәншүк Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар,

Бақытты болсын балалар ,

Соғысты сүймес адамдар,

Өркендей берсін қалалар,

Гүлдене берсін далалар.

 Ән « Көгершіндер маршы»

Халық тыныштық үшін , бақытты өмір үшін күресті.Сондықтан да әділетсіз соғысты бастаған фашистік  Германияны жеңіп шықты.

 Көрініс «Жеңіс тұғыры»   Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары,

Жеңіс деген —  қөұштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұланы.

 «Кешіміздің келесі қонағы Сайран Тоқтарұлына сөз береміз.»

Тыныштық , жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық,

Көрекейе берсін еліміз,

Көркейе берсін  ырыс – құт.

Қазақтың атын,

Халықтың атын самғаттық,

Жасасын Жеңіс!

Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс,

Болмасын соғыс,

Болмасын.

Осы тілекпен барша халық түрегел!

 Ән «Атамекен»  қорытындылайды.