4 санын қосу және азайту.(Бекіту сабағы)

99

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу және азайту.(Бекіту сабағы)

Сабақтың мақсаты: а) 2-4 сандарының қосу және азайтудың кестелік жағдайлары туралы  білімдерін бекіту.Қалдықты табуға және есепті шығаруға үйрету.

ә)Ойлау, есте-сақтау қабілеттерін дамыту, өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

б) Геометриялық фигураларды танып білуге, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: фигуралар, доптар, мысалдар тізбегі, ауызша есептер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сәлем бердік біз!

(сабақтың мақсатын хабарлау)

                                ІІ.Қызығушылығын ояту

1.Ауызша есептер

(оқушылар өрнектерді оқып, мәнін табады.Оқушыларды 4 топқа бөліп, ауызша есептерді жеке-жеке оқыту)

2.Жұмбақ есептерді шешу.

Маратта бар екі іні,                                      Он асықтың алтауын,

Мұратта бар екі іні.                                      Досың сұрап алады.

Қоссақ екі мен екіні                                     Айтшы сонда нешеуі

Неше болады шешуі?        (2+2=4)             Өз қолыңда қалады?           (10-6=4)

Алма ағашта бес алма                                 Егер «Т»-дан бастасам,

Қандай тәтті жесе алма                               Математикалық санмын

Жеп қойсам оның біреуін                          «Т»-ны алып тастасам,

Қалады сонда неше алма?      (5-1=4)        Тілсіз жаумын                   (төрт, өрт)

Ақеркеде 3 қызыл және 1 жасыл шар бар.Ақеркеде барлығы неше шар бар? (3+1=4)

-Қандай санға байланысты жұмбақ шештік? (4 санына байланысты)

ІІІ. Мағынаны тану

-Бүгінгі сабағымызда 4 санын қосу және азайту тәсілдеріне байланысты тапсырмалар, есептер шығарамыз, орындаймыз.

І.Оқулықпен жұмыс

1) №1 тапсырма

Сайқымазақтар амалдар мен сандар жазылған доптар мен жаттығу жасайды.Сол жаттығуды жасауға біздер де көмектесеуіміз керек.

-Доптардан ең үлкен, ең кіші сандарды табу.Қосымша доптардан өрнек құрастыру.

№2 тапсырма Есеп

Шартын оқу, талдау, қысқаша белгілеп, шығару.

Аулада 9 бала ойнап жүр еді.4 бала түскі тамақ ішуге кетті.Аулада неше бала қалды?

Аулада жүргені – 9 бала

Кеткені – 4 бала

Қалғаны — ?

Шешуі: 9-4=5

Жауабы: Аулада 5 бала қалды.

2) №5 Оқулықтағы №5 тапсырманы орындаймыз.

Суреттер қандай фигуралардан тұрады.

1 сурет – күн    (дөңгелек, сәуле, түзу)

2 сурет – гүл   (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сәуле)

3 сурет – шырша   (үшбұрыш, төртбұрыш)

4 сурет – саңырауқұлақ  (үшбұрыш, төртбұрыш)

 

Қосымша фигуралардан бейне құрастыру

І топ – машина

ІІ топ – балапан

ІІІ топ – үй

ІV топ — қайық

3) №3 Топ басшыларына беру

І топ               ІІ топ                  ІІІ топ                ІV топ

9>9-1              3<3+4                 6>6-4                 7<7+3

8-2<4+3          7+2=10-1            6-3<8-3             9-2>8-2

 

Орындарында отырған оқушылар дәптердегі №3 тапсырманы орындайды.Бояудың орнына белгі қойып отыру

5+2=7                    3+4=7

7-4=3                      1+2=3

8-2=6                      8-2=6

3+1=4                     8-4=4

 

4) Сурет бойынша өрнек құрастыру, мәнін табу.Дәптерге орындау.Қосынды айырма құрау.

5-2=3                  5+1=6                    3+1=4

 

                            ІV.Толғаныс

1.Мысалдар  тізбегін орындату

 

2

 

 

4                           -3                            +1

 

Қандай санның қосу және азайту кестесімен таныстық?         4

Ендеше 4 санынынң қосу кестесін есімізге түсірейік

4
6-2
5-1
2+4
1+4
3+4
9-5
4+4
5+4
6+4

 

 

 

 

 

 

 

 

Ненің бейнесі шықты?         Күннің

-Күн өзінің сәулесін шашып, жылуын барлық әлемге таратады.

-Сіздердің болашақ өмірлерің күннің сәулесі сияқты жарқырай берсін.

-Білімдерің күннің шашағындай жайылып, тола берсін!

V.Мадақтау

Бүгінгі сабақта жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау

ІV. Бағалау

Осы сабақта өз білімдерімен, зеректілігімен тиянақтылығымен көзге түскен оқушыларды бағалау.