Қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыру

Тақырыбы: Қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға арналған есептерді салыстыру

Мақсаты: қосындыны және бірнеше бірлікке артық санды табуға

арналған есептерді салыстыра қарастыру; қосу амалы

компоненттерінің өзара байланысын анықтау; 1-ден

10-ға дейінгі ауызша қосу және азайту дағдыларын

қалыптастыру; өрнек пен өрнекті салыстыра білуге

машықтандыру; логикалық ойлауын дамыту; еңбексүй-

гіштікке тәрбиелеу; білім алуға деген құштарлықтарын

арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: геометриялық пішіндемелер,

цифрлар, санау материалдары, интерактивті тақта.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, топпен жұмыс, жарыс.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка.

                                        Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Қызығушылықты ояту.

-Балалар,қазір сергіту жаттығуын жасайық.

Хормен:       Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

-Ал, балалар, математика сабағын бастайық. Бүгінгі біздің сабағымыз жарыс түрінде өтпекші. Бірінші топ- «Азайту», екінші топ-«Қосу». Балалар,мына жәндіктің аты қалай?

-Өрмекші.

-Ол не істейді?

-Өрмек тоқиды.

-Ендеше, балалар, біз оған өрмек тоқуға көмектесейік. Біздің көмегіміз- бір тапсырма орындасақ, оның да өрмегі тоқылады. Ал, іске сәт!

                          «Менің орным қайда?»

Интерактивті тақтада шашылған цифрлар берілген. Сол цифрларды өсу ретімен  орналастыру керек.

 

 

1          4       6        3      8      9       2      10      0      7       5

 

Тапсырма дұрыс орындалған соң интерактивті тақтада  өрмекшінің бірінші өрмегі тоқылады

3.Жаңа сабақ.

А) Электрондық оқулықтан «Арифметика»  тарауынан «Салыстыру» бөлімін көрсетіп, тапсырмаларын орындату.

Ә) Электронды оқулықтан «Алгебра»  тарауынан «Әділетті таңбалар» бөлімін көрсетіп, тапсырмаларын орындату.

Б)                                     1-есеп.

                                      «Ұқсас па?»

Есептерді салыстыру. Ұқсастығын, айырмашылығын табу.

Ұл бала-7              ?                             Қыз бала-7

Қыз бала-3                                         Ұл бала-? 3 артық

Ш:    7+3=10                                           Ш:  7+3=10

Ж:барлығы 10 бала.                          Ж:ұл бала 10.

(Екінші өрмек тоқылды.)

В) Сергіту сәті.

Жақсы бала еңбекшіл,

Ер- азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай!

Г)                                   2-мысал.

                                 «Жұмбақ сан»                                    

4>              Бос торкөздің орнына әртүрлі сандар қойып шығару.

Тура теңсіздік құрастыру.

Шешуі: 4>0                      4>2

4>1                       4>3

Ғ)                                  3-мысал.

Cалыстыру.

6+3=9                      9-6=3                   9-3=6

9>6                                 9>3

Д)                           «Ойлан, тап!»

-Балалар, қосу мен азайту амалдары қашып кетіпті. Бос орындарға теңсіздік тура болатындай етіп, амал таңбаларын қояйық.(Барлық жағдайларын қарастырамыз.)

9      1>5       4

Шешуі:    9+1>5+4

9+1>5-4

9-1>5-4

Дәптерге мысалдар мен есептерді жазып отыру керек.

  1. Сабақты бекіту.Бағалау. Сайыс қорытындысын шығару. Ұпай сандарына байланысты жеңімпаз топ анықталады