Жаңа дыбыспен таныстыру. Д д дыбысы.

Пәні:   Сауат ашу .                                                                                                          Класы: 1 «Ә»

Тақырыбы:      Жаңа дыбыспен таныстыру.  Д д дыбысы.

Мақсаты: 

                        Оқушыларды  жаңа Д д дыбысымен таныстыра отырып, тілін дамыту,

өз ойын айтуға үйрету, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру.

 Сабақтың барысы:

I.Алғашқы ұйымдастыру

а) Оқушыларман амандасу, түгендеу;

ә) Сабақтың ерекшелігіне тоқталу;

ІІ.  Өткен сабақы еске түсіру.

а) «Ы» дыбысын қайталату мақсатында «ы» дыбысынан басталатын қимылды білдіретін сөдер айтқызу. Мысалы: ырымдар, ысқырды.

 

 

ә) Буын жасау

 

 

б) Сөз жасау

шы-           ,        сы-           ,               —  лы —            ,                 — ыр .

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

Жаңа дыбысты таныстыру үшін жаңылтпаш қолданылады.

Доп, доп

Топ, топ

Доп жоғалды

Доп жоқ

Тап, тап

Көп қайталанып тұрған сөзді таптыру. Жаңылтпашты қайталату.

Доп сөзін айтқызы отырып, д дыбысының орнын анықтау, сөз басында, ортасында көп кездесіп, сөз соңында тек орыс тілінен енген кейбір сөзде ғана кездесетінгін ұғындыру.

Д д — [д] – дауыссыз, ұяң дыбыс.

а) Дидактикалық ойын «Буынғы буын қос»

да – дауылпаз,       д – домбыра,    ду – дуадақ.

ә) Бағандағы сөздерді оқи отырып, мағынасын ашу.

б) Д д әрпінің бастама түрін ауада жазып көру.

д) 1. «Хан талапай» ойыны немен ойналады?

  1. Ал волейбол ше?
  2. Тағы доппен ойнайтын қандай ойын түрлерін білесіңдер

 ІV. Оқулықпен жұмыс. Оқу түрлерін жүргізу.

а)  Тізбектеп оқу

ә) Хормен оқу

б) Түртіп оқу

  1. Дәптермен жұмыс

а) Қолды еркін жазуға жаттықтыру.

ә) д әрпінің кіші жазба түрінің бөліктерін үлгідегідей жазып көрсету.

б) Д д әрпімен дос сөзін көркем етіп көшіріп жазу. Дыбыстық талдау жасау.

в) Ұйқасты тап ойыны:

Да – да – да  ілгегіңді _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Дыр – дыр – дыр ойынды үйге _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

VІ. Сергіту сәті. Поыз, паравоз ойыны.

Ду – ду – ду! Дүк – дүк!

Пойыз келеді.

Ду – ду – ду! Дүк – дүк!

Бәрі жол береді.

а) Кластағы оқушы аттарын атап шығып, үлкен, бас әріппен басталатынын меңгерту.

ә) Солардың ішіндегі сабаққа жақсы қатысқанын мажақтап, аттарын тақтаға жазу.