Шаңырағым шаттығым

Шаңырағым шаттығым

Мақсаты:  Ата-аналармен балаларды бірге қатыстыра отырып, өзара

сыйласымдылығын арттыру, салт-дәстүр туралы білімдерін байқату. Оқушыларды ынтымақ пен бірлікке,татулық пен ұйымшылдықа тәрбиелеу. Ата-анасын қадірлей білуге, құрметтеуге дағдыландыру. Отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру. Ата-ананың мектепен тығыз байланысын арттыру. Мұғалім мен ата-ананың бірлескен жұмысын нығайту. Баланы халықтық педагогика негізінде тәрбиелеу.

 

           Көрнекілік: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, шар, гүлдер, тақырып

шарты, топтың аттары, сұрақтар т.б.

  1. Тәрбиенің  ең  тамаша  мектебі — отбасы
  2. Ата-ананың ақылы

Сарқылмайтын  көлмен тең

  1. Құс балапаны үшін тозаққа түседі,

Адам баласы үшін азапқа түседі.

  1. Адам сәні – өнер, білім, ақылы

Жердің сәні – жеміс, өнім, дақылы

Сөздің сәні – өнегелі, өткір нақылы

  1. Тәуекел тау жығады
  2. Атадан жақсы ұл туса

Елінің қамын жейді

Атадан жаман ұл туса

Елінің малын жейді

  1. Әкеге ұарап ұл өседі

Шешеге қарап қыз өседі

  1. Әке – асқар тау, ана – бұлақ,

Бала жағасында өскен құрақ.

 

Жұмыстың шарты:

  1. Мен және менің отбасым

(оқушы өзін және отбасын таныстырады)

  1. Ұрпағын тек деп өсірген

а) ата-аналарға сұрақтар беріледі

ә) үзік – үзік сөздерден мақал құрастырады

  1. Ата – баба дастүрі – асыл қазына

(1 минут ішінде неше сұраққа жауап беретіні есептеледі).

  1. Аталар айтқан асыл сөз (мақал – мәтелден жарыс. Жалғасын табу).
  2. Отбасы және өнер (отбасылық өнер көрсетіледі)

 

Барысы:

Құрметті ата аналар мен оқушылар! Бүгін сіздер мен бірлесе отырып «Шаңырағым шаттығым» атты отбасылық іс – шара өткіземіз. Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейін бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасында балалар тәрбиені ата – анадан алады. Ата –ана баласының қашанда жақсы адам, білімді маман болғанын қалайды. Осы мақсаттан шығу үшін ата –аналарың барлық өмірін, балалар, сендерге арнайды. Ендеше әр бала ата – ананың өмірлік ұстанымы болуы керек. Қош келіпсіздер!

 

а) Балаларды шақырып, топ аттарын анықтау

ә) «Бірлік» және «Ынтымақ» тобы мүшелерімен таныстыру.

б) Қазылар алқасымен таныстыру

в) Шартымен таныстыру. 5бөлімнен тұрады

г) Сәлемдесу

Мұғалім: Осынау іс – шараға

Кліпсіздер жиналып

Сәлем бердік сіздерге

Бізде міне иіліп!

«Бірлік» тобы: Қуансаңыз сіз,

Қуанамыз біз.

Сізге де, сізге де,

Бақыт тілейміз біз!

«Ынтымақ» тобы: Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

д) Арнау:

Ұлың өсіп келеді

Ата –ананың үміті.

Тәрбиелеп келесіз,

Ел қорғайтын жігіт.

Қызың өсіп келеді,

Шуақ шашып әр үйге

Гүлдей жайнап өссінші,

Сыйлы болып бәріне.

Ата – ананың жүрегі

«Бала» деп қана соғады

Баласы жақсы адамның

Басына бақыт қонады – деп отбасылық сайысымызды бастаймыз.

 

І. «Мен және менің отнің отбасым»

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса.

Сыйлы болмақ өзі де,

Олай болса кезекпен

Таныстырып өздерін шақырайық ортаға

Тыңдаған реттік номерін:

№1.Өкешевтер отбасы

№2. Кеншінбаевтар отбасы

№3. Түсіпбековтар отбасы

№4. Дәнебаевтар отбасы

№5. Дәулетхановтар отбасы

№6. Төлегеновтар отбасы

№7. Сытдықовтар отбасы

№8. Кенжебаевтар отбасы

(Қазылардың пікірі тыңдалалады. Бағасы)

ІІ. «Ұрпағын тек деп өсірген». Ата – аналарға сұрақ.

Мақал – мәтелмен жауап беруге шақырамыз.

А) 1. Қар жана ма? (Қалауынтапса қар жанар)

  1. инемен құдық қазуға бола ма? (Оқу инемен құдық қазғандай)
  2. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
  3. Қой мен қасқыр ойлана ма? (Қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың

ойлағаны арамдық)

  1. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгенің тілін алма)
  2. Адамның қай мүшесі қорқақ,қай мүшесі батыр (көз қорқақ, қол

батыр)

7.Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)

  1. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі

үлкен)

  1. Тауық түс көре ма? (тауықтың түсіне тары кіреді)
  2. Кімнен кім жаман? (олақтан салақ жаман)

ІІ. «Мақал айтсаң – жол көрсеттің, мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші, ал енді мына үзік-үзік сөздерден мақал құрастыру.

  1. Ұядан … , Ұшқанда … (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің)
  2. Ата … , Бала … (Ата – байтерек, Бала – жапырақ)

3.Ер…                ,Ез…                     (Ер бір өледі,ез мың өледі)

4.Өле…              ,бөле…                (өле жегенше бөле же)

5.Таяқ…             ,Сөз…                 (Таяқ  еттен өтеді,сөз сүйектен өтеді)

6.Мал…              ,Жер…                (Мал  баққандікі,жер жыртқандікі)

7.Тентектің  ақылы…                 (Тентектің  ақылы  түстен  кейін  кіреді)

  1. … сүйсіндіреді, … күйіндіреді (Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз

күйіндіреді)

  1. Мысыққа….. , тышқанға… (Мысыққа ойын керек,тышқанға

өлім керек)

  1. Мектеп…. , білім…. (мектеп-кеме,білім-теңіз)

 

ІІІ. «Ата-баба  дәстүрі  асыл қазына»   1-минут  ішінде   сұраққа  жауап    беру.

Ата  дәстүр –абырой   көтергенге

О,бұл  сөздер  сүйектен  өтер деме

Тоқталамыз  енді  біз, ал халайық

Қанатты  сөз,мақал  мен  мәтелдерге

 

  1. Батаменен ел  көгерер…. (Жаңбырменен  жер  көгерер)
  2. Өнер білім  бұлағы …… (Білім  өмір  шырағы)
  3. Жанұяға қарап  бала  қседі …. (Қарағайға  қарап  тал  өседі)
  4. Сіз-деген әдеп …. (Біз — деген  көмек)
  5. Ұл өссе  ұрпақ … (Қыз  өссе — өріс)
  6. Жердің сәні-егін …. (Ердің  сәні — білім)
  7. Әдептілік белгісі…. (Иіліп  сәлем  бергені)
  8. Күннің шуағы  жылы … (Ананың  алақаны  жылы)
  9. Үлкенге құрмет … (Кішіге  міндет)
  10. Жақсыдан  үйрен … (Жаманнан  жирен)
  11. Білікті бірді  жығады … (Білімді   мыңды  жығады)
  12. Қына  тасқа  бітеді …. (Білім  жасқа  бітеді)
  13. Еңбектің наны  тәтті … (Жалқаудың  жаны тәтті)
  14. Өнер-бұлақ … (Білім шырақ)
  15. Шешен  сөз  бастар… (Батыр  қол  бастар)
  16. Әке  көрген  оқ  жонар … (Шеше  көрген  тон  пішер)
  17. Әдепті  бала-арлы …. (Әдепсіз бала  -сорлы  бала)
  18. Ұлың  өссе  мұратың …. (Қызың  өссе  өрісің)
  19. Балапан  ұяда  не  көрсе…. (Ұшқанда  соны іледі)
  20. Қыз  өссе  елдің  көркі …. ( Гүл  өссе  жердің  көркі)
  21. Ата-бәйтерек …. (Бала-жапырақ)
  22. Бала-көңілдің гүлі…. (Көздің  нұры)

 

  1. Отбасы және  өнер.

Ал  кімнің өнері  бар қаншалықты

Би  билеп,ал  біреуі ән  салып

Бүгінгі  сайыста  бәйге  алуға

Аналар  мен  балалар  аянбай-ақ  ат  салысты.

 

Бірлік  тобы:    1. « Ынтымақты  отбасы».

  1. «Өнегелі отбасы».
  2. «Ұлағатты отбасы».
  3. «Үлгілі отбасы».

Ынтымақ  тобы:   1. «Ұйымшыл  отбасы».

  1. «Қарапайым отбасы».
  2. «Қамқор  отбасы».
  3. «Белсенді отбасы».

Аталымдарымен  марапатталды.

 

Топтың  бағасы:

«Бірлік» тобы  бәрі  бірігіп  бірегей  білімді  екенін  аңғарта  алды. «Бірегей  білімді» топ  деп  бағалауға  болады.

«Ынтымақ» тобы  әр нәрсеге  ынталы  болды.Ықыласпен  жұмыла  білді. «Ынталы  ықыласты»  топ  деп  бағалауға  болады.

 

Қорытынды:     Қымбатты  ата-аналар  мен  оқушылар! Бүгінгі  тәрбиелік  жұмыста  көптеген  мазмұнды  пікірлер, тәрбиелік  мәні  бар  тәжірибелер  ортаға  салынды.Ата-анаға  да,балаларға  да  қажетті  тартымды  ойлар  айтылып, нақты  қорытындылар  жасалады. Жоғары  дайындықпен  келген  ата-аналарға  алғыс  айтамын. Еңбектеріңіз  жанып  балаларыңыз  биіктен  көрінсін!

 

Оқушылар  сендерге:     Өнер,білім  үйреніп

Шыңына  өмір  шығыңдар

Ата-ананы  қуантып

Мақтаны  болып  тұрыңдар! — деген  өлең  жолдарын  арнаймын. Бәріңізге  рахмет!

 

  1. ЖҮННЕН ЖАСАЛҒАН  БҰЙЫМ    (Киіз)
  2. ҰЛЫС КҮНІ   ЖАСАЛАТЫН    ТАҒАМ  (Наурыз  көже)
  3. ТҮЙЕНІҢ СҮТІ   (Шұбат)
  4. ҚЫСТА ЖЕЙТІН  МАЛДЫҢ  ЕТІН  НЕ  ДЕП   АТАЙДЫ ?(Соғым)
  5. ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ  БАС  КИІМІ (Сәукеле)
  6. ЕКІ АҚЫННЫҢ   СӨЗ  ӨНЕРІМЕН  САЙЫСЫ (Айтыс)
  7. ТЕРІДЕН ТІГІЛГЕН  КИІМ    (Тон)
  8. ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ   ЖАЙЫЛЫМЫ     (Өріс)
  9. ЖЫЛҚЫ АТАСЫ   (Қамбар)