Бірдей сандарды азайту

77

Пәні: Математика    

Сыныбы: 2 класс

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың бірдей сандарды азайту тақырыбы бойынша алған білімдері мен білік — дағдыларын анықтау. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, әдемі жазуға баулу. 2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, шапшаңдылыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу. 3. Оушылардың ақыл ой қабілеттерін, логикалық ой ойлау қабілеттерін дамыта отырып,  ой — өрістерін кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек – схема, дидактикалық материалдар, тақта, үлестірмелі қағаздар, компьютер, тест сұрақтары.

Сабақтың жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ – жауап, тиянақтау, өзіндік және жұптық жұмыс, логикалық.

Пәнаралық байланыс: Музыка, өмірмен байланыс, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы: І Психологиялық дайындық.

                                ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

                                ІІІ Білімдерін тексеру.

  1. Математикалық диктант.

2 + 10,     65 – 53,    8 + 4,   78 – 64,  12 + 0,

 

  1. Балалар, біздің диктанттымыздағы сандарды атап шығайықшы. Кәне, енді 0-ден 12 – ге дейін тура және кері санайық.

 

1 слайд

12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Сонда әр тәрелкеде неше алмадан салынды?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 слайд

Әжей шарадағы 4 литр қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.

Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?

 

 

 

 

3 слайд

Ойын «Кім жылдам?»

Әр кеседе тапсырма бар. Егерде тапсырманы тез және қатесіз орындасаң. Әжейдің қымызынан ауыз тиеді.

4 кеседе 14,  15,  16,  18, деген сандар бар. Осы сандардың нәтижесінде нөлге шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.

Мысалы: 12 – 6 – 6 = 0

12 – 2 – 2 – 2 – 2 — 2 – 2 = 0

 

4 слайд

Наурыз мерекесі туралы не білеміз? Мерекені есімізге түсірейік. Кімдер және қандай өнер көрсетіп еді? Міне, сол наурыз мерекесіне арналған есеп берілген. Есептің шартын, сұрағын оқып орында. (№4, 182 бетте)

 

5 слайд

Ойлан, тап!

Бірліктерін қосқанда , ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы санның қосындысын жаз. Оның мәнін тап.

Мысалы: 29 + 29 = 58       58 – 29 = 29

 

6 слайд

Тақтамен жұмыс

34 + 19 =                       53 – 18 =                           5 + 9 – 6 =

72 – 18 =                       50 – 17 =                           17 – (12 – 5) =

46 + 25 =                       71 – 24 =                           90 – (13 – 6) =

ІҮ Қорытынды кезең

 

Үйге: №5, 183 бет

Бағалау: Өзін — өзі бағалау парағын толтырту.