Шал мен бала

114

Сабақтың тақырыбы:   Шал мен бала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру. Ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету.

Дамытушылық: Топпен жұмыс, әңгіме кестесі бойынша болжау стратегияларын пайдаланып, оқушыларды өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.

Тәрбиелік: Адам бойындағы жақсы қасиеттерге, жаман қасиеттерден аулақ тәрбиелеу, мақал-мәтел арқылы тәрбиелеу.

Сабаққа пайдаланылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны зерттеу, суреттеу, сұрақ қою, салыстыру стратегиясы, еркін жауап, ой толғаныс, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, әдеп, психология, халық педагогикасы, табиғаттану, дене шынықтыру, жолда жүру ережесі.

Сабақтың көрнекілігі: әңгіме бойыншы суреттер, мақал-мәтелдер, плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық жаттығу. Қонақтарға құрмет «Қонақ келсе – құт келер»

«Құс – жеткен жеріне қонар,

Қонақ – қалаған жеріңе қонар»

Оқушыларды 3 топқа бөлу

         І-топ: «Тапқыр»

Ұраны: Іздеген табады, сұраған алады.

ІІ-топ: «Талапкер»

Ұраны: Бәріміз біріміз үшін,

Біріміз бәріміз үшін.

ІІІ-топ: «Білімгер»

Ұраны: Ұқыпты – ұтар,

Оқыған – озар,

Еріншек – тозар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Нағыз адам» бөлімге бөлу кезеңі.

А) «Құдық басы»

Ә) 1-ші жолаушының іс-әрекеті

Б) 2-ші  жолаушының іс-әрекеті

В) 3-ші жолаушының іс-әрекеті

Осы бөлімдербойынша мазмұнын айту.

  1. Үшбұрыштың сары, қызыл, жасыл, 3 қабырғасы бар. 3 топтан үш оқушы шығады. Сары үшбұрыштың толық мазмұнын айтады. Үшбұрыш – жасыл – сұрақ – жауап.

Ой тастау стратегиясы.

«Нағыз адам» қандай болу керек деп ойлайсыңдар?

Топтық жұмыс жұппен.

Кез-келген сөзді алып сөйлем құрау 1-ші оқушы, 2-ші оқушы ол ойды жалғастырады.

Мысалы: нағыз адам+ еңбекқор болу керек. Еңбекқор болу үшін әлден сабақты жақсы оқу қажет.

Ойын: «Кім жүйрік» (мақалды табу)

Ой қозғау стратегиясы бойынша.

А) Неше кісі қазған құдықтан, неше кісі су ішеді?(1,1000)

Ә) өзін ғана ойлаған – ненін белгісі? (жамандықтын)

Б) жақсынын несін айтсан – нұры тасиды? (жақсылығын )

Жаманның несін айтсан – құты қашады? (жамандығын)

В) «Сіз» деген не? (әдеп)

«Біз» деген не? (көмек)

ІІІ. Жаңа сабақ

«Нағыз адам» әңгімесіндегі кейіпкерлер шал, бала, жолаушы, ендігі әңгімесінде де кейіпкерлер: шал, бала, немере, Б. Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесінен жазушы туралы  мағлұмат беремін. Әңгімемен таныстырып «Бастау», «Менің атым Қожа» мәтінді оқып, түсіндіріп, сурет бойынша түсінік беремін. Сұрақ қою арқылы қалай түсінгендігін байқаймын.

Оқиға қайда болған? Неге неге қалада деп ойлайсындар? Трамвайдың басқа көліктерден айырмашылығы қандай?

«Трамвай» өленімен таныстыру.

Бұл поездың інісі,

Жанға жайлы жүрісі.

Рельссіз жүре алмай,

Ренжиді трамвай.

Енді сол:

  1. Трамвайда кімдер отыр екен?/ шал мен бала/
  2. Қарт неге балаға рахмет айтты?
  3. Бала қарт кісіге тағы қандай көмек жасады?
  4. Шал балаға тағы қандай әңгіме айтты?
  5. Бала неге қысылды?
  6. Қарт Мәуленге неге риза болды?
  7. Мәуленді қандай бала дейміз (әдепті)
  8. IV. Ой толғаныс.

«Әдепті» деп қандай баланы айтамыз?

3 топтан сұраймын. Келесі ойынымыз мақалды жалғастырамыз.

  1. Әдепті бала- (арлы бала)
  2. Әдепті бала – ата-анасын – (мақтар)
  3. Әдепсіз бала – ата-анасын – (қақсатар)
  4. Кекшіл болма — ? (көпшіл бол)
  5. Жақсыдан үйрен, жаманнан — ? (жирен)
  6. Күтсең ата-ананды, Кешірер атаң (қатенді)

Балалар біз «Нағыз адам» «шал мен бала» мәтіні бойынша нені үйрендік? Неге тәрбиелейді екен?

Енді осы «Венн» диаграмасы бойынша жұмыс істейміз.

«Нағыз адам»                                          «Шал мен бала»

Екі мәтіннің ұқсастығы неде? Оқушылар өздері жазады.

Осы қасиеттің барлығы қай халыққа тән?(қазақ)

«Сонда, біз қандай қазақпыз?»

Өлең:

Даналарды өмір бойы қадірлеген – қазақпыз,

Халық үшін еңбек етіп, жанталасқан – қазақпыз

Үлкендерге ізетпенен жол беретін – қазақпыз.

Көп мақтаса елпілдеп, қуанатын – қазақпыз.

Ата-анасын өмірлік сыйлап өтер – қазақпыз.

Ұл мен қызын дана етіп өсіретін – қазақпыз

Салт-дәстүрді мәңгі-бақи қастерлеген – қазақпыз.

  1. Сабақты қорыту сатысы. Әңгіме аты: «Шал мен бала» ; авторы: Б. Соқпақбаев.

Кейіпкерлер: шал, бала, немере.

Тәрбиелік мәні: адамгершілік

VІ. Үйге мәтіңді оқып, мазмұндап келуді тапсырамын.

VІІ. Білімдерін бағалаймын