Қазақстан Республикасының рәміздері.

311

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері.

Мақсаты: 1. Оқушыларға рәміздер тарихы туралы жан-жақты хабар беру.

  1. Отандық рәміздер авторларын жете біліп айтуға, тілдірін дамыту, ой өрісін кенейту.
  2. Рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Көрнекілігі: Рәміздер суреті Президент суреті, қазақстан картасы кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

—  Сен қай елде тұрасың?

— Қазақстанда. Ол үлкен ел, ғажап ел

— Қазақстан Республиканың президенты кім?

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

 

  1. Өткенді пысықтау:

1 Оқушы

Отан – сенің ата-анаң

Отан досың, бауырың

Отан — өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың

2 Оқушы

Отан – тарих, отан – тіл,

Жасаған елің, ер халқың

Отан  — өлең, Отан- жыр

Көтерген көкке ел даңқын …

3 оқушы

Отан осы, достарым

Көңілге мұны түйе біл,

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

 

III. Жаңа сабаққа кіріспе

  • Рәміз деген не?
  • Рәміздер ол ҚР айырықша белгілері
  • Рәміздерді ата
  • Ту, елтаңба, ән ұран

 

Ту туралы өлең:

1 оқушы

Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде.

Тамылжытып төгіп нұр,

Шаттық сыйлар көңілге

2 оқушы

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп нұр,

Жандарымыз жайдары

3 оқушы

Көк байрақтың бетінде,

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркінден,

Бала өседі талапты.

 

Еліміздің мемлекеттік символдарында, ту мен елтаңбада өте пайдалы және қажетті ақпарат тұспалданған. Кімде – кім символдар тілін түсінсе – олар Қазақстан туралы талай жайытты әңгімелеп бере алады. Тудың авторы мен суретшісі Шакен Ниязбеков.

— Ел туының түсі неге көгілдір?

— Көгілдір түс – судың түсі. Су жоқ жерде өмір де жоқ. Және бұл – аспанның да түсі. Аспан жақсы үйдің шатыры сияқты, осы шатыр астында миллиондаған адам тұрып жатыр. Ол барша жаңға ортақ жалғыз шатыр.

— Елтаңбада не бейнеленген?  Көшпелі қазақтың ең жақын көмекшісі не?

— Жүйрік ат – ер жігіттің қанаты. Сәйгүлікті, тұлпарды халық айырықша қадірлеп, құрметтейді. Елтаңбаға қанатты тұлпар бейнелеу – сол құрметтің белгісі.

— Елтаңбаға неге шаңырақ бейнеленген? Қазақтар «Шанырағын биік болсын, үйіннің қабырғасы кең, іргесі берік болсын» деп бата береді және тілек тілейді.

— Ал бес шапақты жұлдыз не?  Әр адаммның өз бағдарлауыш жұлдызы бар сондай жұлдыз еліміздің елтаңбасында болуы керек.

— «Қазақстан» жазуы нені білдіреді? ҚР демокатиялық, яғни халық басқаратын мемлекет, мұнда ел басқарудың президенттік түрі қабылданған.  Мемлекеттің Негізгі заңы – Ата заң (Конституция ҚР)  деп аталады.

 

  1. Сабақты бекіту

(Әнұран айтқызу)

Әнұран

Елдің елдігі,

Ердің ерлігі — әнұран

Сезім биігі,

Төзім иығы — әнұран

Әннің асылы,

Ұранның басымы — әнұран

Сөзін жазған: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.

(Әр топ рәміздерге сипаттама беріп қорғайды)

  1. Тәрбие сағатты қорытындылау.