Қайталау

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарн бойынша алған білімдерін тексеру.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
  2. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, СКТ

Көрнекілігі:  интерактивті тақта, топтамалар.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Ү. Үйге тапсырма.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) сабаққа даярлау

в) керекті құрал-жабдықтарын түгендеу

г) зейінін сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№3, 91 бет Қатені тап және түзет.

3+2= 4  5                    8-2=5  6       10-2= 7 8             4-2= 1 2

 

ІІІ. Білімдерін жан-жақты тексеру.

№1, 92 бет. Оқы. Есептерді салыстыр және шығар.

 

а) 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. Тағы 2 бала келді. Барлығы неше бала болды?

б) 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. 2 бала үйіне кетті. Неше бала қалды?

 

Сұрақтар қою: І-топ: —   Бірінші есепте не туралы айтылған?

  • Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
  • Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
  • 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
  • Сырғанаққа тағы неше бала келді?
  • Сырғанаққа 2 бала келді.
  • Есепте нені сұрап тұр?
  • Барлығы неше бала болғанын сұрап тұр.

 

Дәптермен жұмыс.

Болды- 6 бала

Келді- 2

Барлығы- ? бала

Шешуі: 6+2=8

Жауабы: 8 бала.

 

 

 

 

 

 

  1. Анықтама.

6+2=8 –теңдік.

 

 

2.Тану.

Оқылуы: алты мен екінің қосындысы сегізге

тең

Жазылуы: 6+2=8

 

 

 

3.Амалдау: Қосу

 

 

 

 

  1. Амал заңдары: Қосудың

ауыстырымдылық заңы

Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен,

қосындының мәні өзгермейді.

 

6+2=8        2+6=8

 

 

ІІ-топ:  —   Екінші  есепте не туралы айтылған?

— Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.

-Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?

— 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.

— Неше бала үйіне кетті?

— 2 бала үйіне кетті.

— Есепте нені сұрап тұр?

— Неше бала қалғанын сұрап тұр.

Болды- 8 б.

Кетті- 2 б.

Қалды- ? бала

Шешуі: 8-2=6

Жауабы: 6 бала қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Анықтама.

8-2=6 –теңдік.

 

 

2.Тану.

Оқылуы: Сегіз бен екінің айырмасы алтыға

тең

Жазылуы:  8-2=6

 

3.Амалдау: Азайту

 

 

 

  1. Амал заңдары:

 

№3. 93 бет. Бір бағанға тура, ал екінші бағанға тура емес теңсіздіктерді жаз.

 

7<9      10>6      6<8

0>3       4<3       5<4

Логикалық сұрақ: Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?

Жауабы: Барлығы 7 баласы бар.

ІҮ. Сабақты бекіту.

Кел ойнайық!  «Балдырғанға көмектес!» Нөмірі 6-дан артық емес сыйлықты тап.

3+2=5     7-4=3    6-3=3

-Сонымен, бүгін сабақта не үйрендік, не білдік?

Ү. Үйге тапсырма.   №2, 93 бет. Оқушыларды бағалау.