Сөйлем мүшелері

131

Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем мүшелері

Сабақтың мақсаты: а) Сөйлем мүшелері, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер туралы алған

білімдерін пысықтау.

ә) Сөйлем ішінен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді сұрақ қою арқылы таба

білу дағдыларын арттыру.

б) Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың әдісі: жаттығу, практикалық.

Сабақтың түрі: Сыни ойлау

Сабақтың көрнекілігі: белсенді тақта,топшама

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

Бүгінгі сабақтың бағалау шкаласымен таныстыру.

 

  1. Қызығушылықты ояту «ой қозғау».

Өтілген материалды тексеру, қорыту.

Дыбыс үндестігі дегеніміз не ?

Буын үндестігі дегеніміз не ?

Сөз тіркесі қалай жасалады ?

Жай сөйлеммен құрмалас сөйлемді қалай ажыратамыз ?

 

III. Мағынаны тану.

— І –ші слайд.

-Жалаң сөйлем дегеніміз не?

(Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. )

-Жайылма сөйлем дегеніміз не?

(Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемнің түрі жайылма сөйлем деп аталады.)

 

Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін еске түсіру:

1.Сөйлем мүшесі белгілі бір сұраққа жауап береді.

2.Толық мағыналы сөз немесе күрделі сөз сөйлем мүшесі болады.

3.Сөйлем мүшесі бір сөзден де, бірнеше сөзден де жасалады.

 

2.Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу.

Сөйлемді көшіріп жазу.

Бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сызу.

 

-Сөйлемнің бастауышы мен баяндауышын алып тастап, оқып көрейікші. Не байқадыңдар?

-Тұрлаусыз мүшелердің өздері сөйлем бола алмайды. Сөйлемдегі ой әр уақытта тұрлаулы мүшелер, яғни бастауыш пен баяндауыш арқылы білінеді.

 

2-жаттығу.

Жұмбақты көшіріп жазу. Тұрлаусыз мүшелерді тауып, сұрақ қою.

 

Мейіріммен сүйеді ол бар адамды,

Өзіне жаратпайды қарағанды.                   (күн)

 

Көкшіл айна үйдегі

Көрсетеді киноны.                 (теледидар)

 

 

Топпен жұмыс

3-жаттығу

 І –топ

Сурет бойынша әңгіме құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

ІІ — топ

Сурет бойынша өлең құрастырып жазу. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді белгілеу.

 

5-жаттығу.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді атату.

-Ол сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болады?

 

  1. Сабақты бекіту. Ой толғаныс.

Семантикалық карта

 

                    Сөйлем   бастауыш    баяндауыш

 

  1. Бағалау.

                             8 – 9 балл           « 5 »

                             6 — 7  балл           « 4 »

                             4 – 5 балл           « 3 »

 

 

Аты, жөні Жаңа сабақты түсінуі

1     2        3

Топтық жұмыс

 

1    2       3

Жаңа сабақты талдау

1     2      3

Жалпы балл

 

 

 

 

 

 

  1. Үйге тапсырма.

4-жаттығу. (47-бет)