сөйлем түрлері

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың сөйлем түрлерінен  алған білімдерін бекіту.

ә) «Ой қозғау» стратегиясын пайдалана отырып,  сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп, сауатты, әдемі жазуын қадағалау.

б) Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: ребус, сюжетті сурет, ат, шана.

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болады. Өйткені біз «Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата-бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
  • Атты, түйені, өгізді.
  • Сендер осының қайсысын қалайсыңдар?
  • Атты.
  • Атты жолға қалай әзірлейміз?
  • Атты арбаға жегеміз.
  • Атты арбаға жеккенде қандай жабдықтар қажет?
  • Қамыт, доға, белкөтерме.

Әр ауылдың өз тапсырмасы бар. Егер сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, келесі ауылға жетеміз.

  • Міне, дұрыс жауап бере отыоып, «Ата» ауылына жеттік.
  1. 1. «Ата» ауылында мынандай тапсырмалар бар екен. Ребус шешу:

С              М

КӨЙЛЕК

«Топтастыру» стратегиясы бойынша сөйлем туралы не білетіндерін жазғызамын.

І топ – сөйлем туралы.

ІІ топ – сөйлем түрлері туралы.

«Әке» ауылында бізді шығармашылық тапсырма күтіп тұр екен.

І топ – Лепті сөйлемдер құраймыз.

  1. Қандай, даусы, керемет.
  2. Әкем, алақай, әкелді, шаңғы.

ІІ топ – Сұраулы сөйлем құраймыз.

  1. Концерт, қоясыңдар ма, сендер.
  2. Өнерлі ме, оқушылар, сыныптарыңдағы.

Міне, «Бала» ауылына да келіп қалыппыз.

І топ – «Алпамыс батыр» жырынан алынған үзіндіні дауыс ырғағымен оқиды.

ІІ топ – Қ. Мырза Әлидің «Балақай» өлеңін дауыс ырғағымен оқиды.

Тапсырмаларды жақсы орындай отырып, «Немере» ауылына да келдік.

Мұнда сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.

І топ – Сурет бойынша әңгіме құрастырады.

ІІ топ – Сурет бойынша сұрақтар дайындайды.

«Шөбере» ауылында жұмбақтар шешеміз.

І топ – Биікте ұшып жүреді,

Елік, қоян бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл құсты кім біледі?     (Бүркіт).

а) Жұмбақ неше сөйлемнен тұрады?

б) Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрлері кездеседі?

ІІ топ

Сырттай ұқсас малтаға,

Қаламның  бұл ғажабы,

Жалтыр қара тақтаға

Аппақ сүтпен жазады.

Бұл не?

а) Жұмбақ неше сөйлемне тұрады?

ә) Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің қай түрлері кездеседі?

Міне, «Шөпшек» ауылына да келіп жеттік.

І топ – «Хабарлы» сөзіне,

ІІ топ – «Сөйлем» сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Міне, балалар, ең соңғы «Немене» ауылына да келіп жеттік.

Мұнда Венн диаграммасы бойынша

І топ – хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлем туралы жазады.

ІІ топ – сұраулы сөйлем мен лепті сөйлем туралы жазады.

Қорытынды:  Қазақ халқы қашанда 7 санын киелі санаған. «Жеті қазына», «Жеті жоқ» деген ұғымдар соны дәлелдейді.

«Жеті атасын білген ер,

Жеті жұрттың қамын жер» деп те тегін айтылмаған.

Қане, кім жеті атасын айтып береді.

2-3 оқушыдан сұраймын.

Бағалау: Топ басшыларының қойған бағаларын тыңдаймыз.

Үйге тапсырма: Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне 2 сөйлемнен 6 сөйлем жазу.