Сөз атасы – мақал

Тақырыбы: Сөз атасы – мақал

Мақсаты:  1. Ата –бабаларымыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт –

дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету,дәстүр

сабақтастығын ұғындыру

  1. 2. Қазақ даласында   өмір сүрген шешендердің асыл сөздерімен

таныстыру

  1.   Балалардың ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын , сөздік

қорларын  арттыру

көрнекілігі:  слайд, билердің суреттері

Барысы :   Ұйымдастыру бөлімі

Кіріспе бөлім

Оқушыларды жинап шеңбер құрып бір-біріне жақсы тілектер айту. Осы балалар  қазақтың атақты билерін атап шығайықшы балалар ?

Ендеше, балалар осы  үш бидің басын біріктірген кім?

Абылай хан, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би деп топқа бөлемін. Топ өздерін таныстырады. Абылай хан туралы айтады.

Төле би туралы айтады.

Әйтеке би туралы айтады.

Қазыбек би туралы айтады.

Мақал дегеніміз не, мәтел дегеніміз не? Қане ережесін кім айтады?

  Мақал- тақпаққа жақын салт санасына сәйкес айтылатын пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызды, шыны келеді. Тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады.

  Мәтел-кезіне келгенде кесегімен айтылатын  белгілі сөздер. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады. Мәтел мақалға ұқсас.

Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сабағымыздың тақырыбы « Сөз атасы мақал»

 

Сайыс 5- айналымнан тұрады.

1- айналым: «Жалғасын тап» мақалдың бірінші жолын айтамын екінші жолын жалғастырасын.

2- айналым: «Мақал-мәтелдердің мағынасын біліп, бір сөзбен ғана жауап бер.

3- айналым:  «Шешендік сөздер»

4- айналым:  «Мақалмен жауап бер»

5- айналым:  «Топ басшылар»

1- айналымға тоқталамыз.

       «Абылай хан»  тобы

1.Ана- бұлақ,

Бала-…         ( жағасындағы құрақ)

2.Оқусыз- білім жоқ,

Білімсіз-…     ( күнің жоқ)

3.Ақыл- тозбайтын тон,

Білім -..          (таусылмайтын кен)

     «Төле би»  тобы

1.Әдепті бала- арлы бала,

………….(Әдепсіз бала- сорлы бала.)

2.Өнерлі істе-жеміс бар,

Өрелі істе-… (жеңіс бар)

3.Анаңа ауыр сөз айтпа,

………..(Атыңа ауыр жүк артпа.)

      «Қазыбек би»  тобы

1.Өз білмегеніңдікісіден сұра,

………..(Үлкен жоқ болса кішіден сұра.)

2.Еріншектің….. (ертең» бітпес)

3.Жақсыдан үйрен,

………(жаманнан жирен)

4 Ел іші ………..

      «Әйтеке би»  тобы

1.Жалқаудың жаны тәтті,

…………..(еңбектің наны тәтті)

2.Досы көпті жау алмайды,

……………(ақылы көпті дау алмайды)

3.Бірлік болмай, ……(тірлік болмас)

  1. 4. Еңбегін қатты болса

………………. ( татқаның тәтті болар)

2 айналым  : «Мақал-мәтелдердің мағынасын біліп,бір сөзбен ғана жауап бер»

      «Абылай хан»  тобы

1.Айы оңынан туды.   (жолы болды)

2.Ит өлген жер  (алыс)

3.Көзді ашып- жұмғанша (жылдам,тез)

     «Төле би»  тобы

1.Түсі игіден түңілме (жақсы адам)

2.Тілі қылыштың жүзіндей өткір (шешен адам)

3.Ат ізін құрғатпады (жиі келіп тұрды)

    «Қазыбек би»  тобы

1.Ат ізін салмады (хабарласпады)

2.Қыздың жиған жүгіндей (әсем, көрікті)

3.Көрер таңды көзімен атырды (ұйықтамады)

    «Әйтеке би»  тобы

  1. 1. Ит терісін басына қаптады (ұрысты)
  2. 2. Қол қуырысып қарап отыр (жалқау)
  3. 3. Суығыңа тоңып, ыстығыңа күйдім (көмектесу)

3-айналым : «Шешендік сөздер»

Шешендік сөз дегеніміз не?

Шешендік сөздер – қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі. Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған. Соның ішінде қазақ халқының киелі сандарының ішіндегі 7 санына    байланысты  қандай ұғымдар бар?  Киелі санға тоқталып кетеміз.

Слайдпен жұмыс.

 

 

апта         жоқ          күн

                          мүшел          7      қазына

нан             керемет

 

Постермен қорғау

1-топқа :  7 ата

2-топқа :  7 жұт

3-топқа :  7 жоқ

4-топқа :  7 қазына

Сергіту сәтін жүргізу

4- айналым «Мақалмен жауап бер»

Қойған сұраққа мақалмен жауап бересің.

1.Жыланды қалай шығарады? (жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады)

2.Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)

3.Қой мен қасқыр ойлана ма? (қойдың ойлағаны амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

4.Инемен құдық қазуға бола ма? (оқу,білім инемен құдық қазғандай)

5.Ең тәтті не? (ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

  1. Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет, қорқақ мың рет өледі)

7.Көрдім көрмедім деген неше сөз ? (көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)

  1. Отан неден ыстық? ( Отан оттан да ыстық)

5- айналым « Топ басшылары»

Топ  басшылары мына қоржыннан  асықты алып  нөміріне сәйкес сұрақтарды алады.

1-топқа  «Білім,әке» туралы мақал ойлап айт   5 мақал

2-топқа  «Еріншек, бірлік-тірлік» туралы мақал ойлап айт  5 мақал

3-топқа  «Отан, ер батыр» туралы мақал ойлап айт   5 мақал

4-топқа  «Өтірік, тіл» туралы мақал ойлап айт   5 мақал

 

Қорытынды бөлім

Ендеше балалар ,бүгінгі  «Сөз атасы- мақал» атты сайымызда мақал-мәтелдер туралы айтып жарыстық.  Мақал –мәтелдер қай халықтың да жан дүниесінің,мінез бітімінің, тыныс –тірлігінің айнасы. Ол сол халықтың сөздік қорының байлығын танытып қана қоймайды.  Оның уақыт озған сайын құны артпаса,арзымас қазына екенін де сездірер белгісі. Өйткені қазақтың мақал-мәтелдерінің айтары – өсиет,ұлағат,тәлім,парасат, ізгілік екен.  Енді сайысымызда қай топ алда және қанша  ұпай жинағандарын әділ-қазыларымыз айтып марапаттайды.  Әділ-қазыларға сөз берелік.

ы