Математикалық болғың келе ме?

31

«Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» 

атты математика пәні апталығы аясында өткізілген

«Математикалық болғың келе ме?» ойынының

 

ЖОСПАРЫ

 

Тақырыбы: «Математик болғың келе ме?»

 

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
  2. Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу, құзыреттілікке бейімдеу, лидер болуға ұмтылдыру, шешім қабылдай білуге үйрету.

 

Түрі:                           Ойын

 

Формасы:                 Ойын технологиясын және АКТ қолдану арқылы

 

Көрнекілігі:              Слайд.

 

Құралдар:                 Интерактивті тақта

 

Кіріспе:

«Математик болғың келе ме?» ойынын бастаймыз. Сіздердің белсенділіктеріңіз, алғырлықтарыңыз ойынның сәнін келтіріп, оны қызықты, мазмұнды және есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді. Ойынға залда отырған оқушылардың барлығының қатысу құқы бар.

.

Ойын ережесі:

 

  1. Ойын 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңге 1 ойыншыдан қатысып отырады. Ойыншыларды залдан сұрақ қою арқылы таңдайды.
  2. Математик болу үшін берілген 10 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Ұпайлар  сұрақ нөміріне сәйкес қосылып отырады. Мысалы 1-сұраққа 1 ұпай, 7- сұраққа 7 ұпай. Ең көп ұпай саны 1+2+3+4+5+6+7+8+9+10=55 болады.
  3. Ойын барысында  3 көмекті пайдалануға болады:

достың көмегі

50/50

Көрермендер көмегі

  1. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады.

 

Ойын барысы:

Экранда слайдтар пайда болады.

Іріктеу сұрақтары арқылы 1 оқушы ойынға шығады. Оқушы 10 сұраққа жауап беру арқылы ұпай жинайды. Осы тәртіппен ойын 3 кезеңде өтеді. Ұпай көп жинаған оқушы жеңімпаз атанады.