Су. Судың күйі.

229

Сабақтың тақырыбы: Су. Судың күйі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға су туралы мағлұмат беру. Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушылардың сөзік қорын дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру.

Тәрбиелілігі: Судың адам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат бере отырып, суды
қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Глобус, карта, табиғатта кездесетін судың күйі, жұмбақтар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Топпен жұмыс.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақта қолданылатын әдістер: ой-қозғау, миға шабуыл.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Психологиялық дайындық

Күндей жадырап,

Жұлдыздай жарқырап,

Таңдай арайлап,

Судай мөлдір таза көңілмен

Сабақты бастаймыз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына жауап алу (тест жауаптарын тақтамен өздері тексереді).

III Жаңа сабақ.

1 Ой қозғау стратегиясы.

Сонымен, балалар, табиғаттағы тірі ағзалар өмір сүру үшін ауа қажет екенін білесіңдер.

  • Жер бетінде тіршілік болу үшін тағы не қажет деп ойлайсыңдар?
  • Су.
  1. Су туралы не білесіңдер? (Бабалар су туралы білетін мағлұматтарын алдындағы бетте қызыл түспен боялған бағыттаушылардың тұсына жазады)
  2. Су қандай болады? (ыдыстағы суға қарап отырып, қасиеттерін айтады)
  3. Су не үшін қажет?

Мұғалім су туралы кіріспе әңгіме айтады.

2 Оқулықпен жұмыс.

«ЖИГСО» стратегиясы бойынша мәтін толығымен талқыланады. «Су» тақырыбын төрт топқа бөліп беремін. Әр топ мүшелері топтың ішінде өздері оқып, талқылайды. Әр топтан бір оқушы өздеріне тиісті бөлігін дауыстап оқиды. Әр топ өз ойларын қорытындылайды. Судың үш күйі туралы түсінік қалыптасады. (Cу күйлері туралы слайд)

Сергіту сәті (билейді).

IV Ой толғаныс. Топпен жұмыс.

1-топ. Су — тіршілік көзі (оқушылар өз ойларын жазады).

2-топ. «Ойлайық та, ойнайық». Берілген өлеңнің ұйқасын табу.

Су дегенің немене,

Достым, білгің келе ме?

Су ———— баласы,

Су ———— анасы.

Сусыз  ————  жоқ болса,

Дейміз оны ————  жұмса.

Керекті сөздер: үнемдеп, өмір, табиғат,тіршілік.

3-топ. 5 жолды өлең құрастыру.

Не?

Қандай?

Не істейді?

Сөйлем.

Синоним.

4-топ. Су туралы мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндіру.

Сумен ойнама батарсың,

Отпен ойнама жанарсың.

 

Су бар жерде ырыс бар:

ұстап балық жейсің, ақ бидай егіп, нанын жейсің.

 

Қорытынды:

Сонымен, балалар, судың қандай күйлерімен таныстық.

Су ассоциациясын жалғастыру.

Қорытынды сұрақтар:

Су деген не?

Жер бетінде құрлықтан судың көп екендігін қалай дәлелдей алар едіңдер?

Суды неге ерекше зат дейміз?

Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Су туралы мақал – мәтелдер жазу.

Бағалау.