Жылқы . С. Мұқанов

56

Сабақтың тақырыбы: Жылқы . С. Мұқанов.

 Білімдік  мақсаты: Мәтінді түсініп оқуға    баулу,оның мазмұнын ашу, жылқы туралы білімдерін кеңейту .сөздік қорын молайту,білімді өздігінен алуға үйрету.

  Дамытушылық мақсаты :Оқушылардың ойлау қабілетін, өй-өрісін кеңейту ,тілін дамыту , шығармашылық  танымдық белсенділігін арттыру.

  Тәрбиелік мақсаты: Зеректілікке баулу ,салт-дәстүрді үйрете отырып салауаттылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

 Сабақтың түрі : Танымдық  дамытушылық  сабақ

 Сабақтың әдісі : Топтық жұмыс, сұрақ – жауап, иллюстративті-түсіндірмелі,жартылай ізденіс,әңгімелеу,СТО стратегиялары

Пәнаралық     байланыс  :  дүниетану, музыка

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд,тірек сызба, С. Мұқанов портреті.

І. .Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.Оқушыларды түгендеу,  оқушы назарын сабаққа аудару.

А)Психологиялық дайындық Оқушыларға жай, орташа, қатты үш түрде айтқызу.

                        Ана тілің арың бұл,

                       Ұятың боп тұр бетте.

                       Өзге тілдің бәрін біл,

                        Өз тіліңді құрметте.

 ІІ.Қызығушылығын ояту :

Бәйшешектерді тере отырып  үй тапсырмасын тексерейік“ Ара мен шыбын” тақырыбына сай  әр бәйшешек астында орындайтын төмендегідей тапсырмалар бар

 1-тапсырма   Шығарманы рөлге бөліп оқу,кейіпкерлердің іс-әрекетін ,сезім-күйін дауыс ырғағы арқылы     мәнерлеп  оқу.

2-тапсырма  Өлеңді  қара сөзбен сахналау.

3-тапсырма Қонаққа бару және қонақ күту рәсімдерін әңгімелеу.Қазақы қонақжайлылық- қа тоқталу.

ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы  а.)Слайдпен жұмыс. —  Қаңбар ата не атасы ?

 ә.  Жылқы туралы білетіндерін  әңгіме , тақпақ     айтқыза отырып, жаңа сабақты хабарлау.

 ІҮ.  Жаңа сабақ :  Жылқы. С. Мұқанов.

А). Жазушы өмірі мен қызметіне  қысқаша тоқталу.

Сәбит Мұқанов 1900-1973 ж.

 

Солтүстік Қазақстан обл.

Жамбыл ауданы, Жаманшұбар

өңірінде туған. Аса көрнек-

ті жазушы,қоғам қайраткері.

Шығарманың авторы   және оның

шығармалары туралы  әңгімелеп,

«Ботакөз», « Балуан Шолақ» киноларына тоқталу.

Ү.Кітаппен жұмыс. Өзіміз оқып танысайық ,әңгімелейік.

Класс оқушыларын қатар бойынша 3-топқа бөлу,әр топқа жаңа сабақ бойынша

тапсырмалар беру. Оқушылардың білімді өздігінен алуына бағыт  беру.

1-топ—  Мәтіннің басынан бастап – кіріседі . сөзіне дейін оқиды,

           2-топ—   Қос  сөзінен бастап  —   қалады . сөзіне дейіноқиды,

 3-топ Тағы сөзінен бастап –соңына дейін оқиды..

Әр топ өзіне берілген « Жылқы»  әңгімесіндегі жолдарды түсініп оқып , жоспар құрады және  жоспар бойынша мәтінді мазмұнын ашып әңгімелеп береді.Соңынан мұғалімнің  жетекші сұрақтары арқылы әңгімені толық мазмұндайды.

ҮІ. Сөздік жұмысы және оны қолданысқа ендіру. Шығармадағы түсініксіз сөздерге түсініктеме беріліп ,сол сөздерді қатыстырып ауызша  сөйлем құрастырылады. ҮІІ.Танымдық – дамытушылық жұмыстар  Слайд арқылы оқушылардың жылқы туралы білімдерін  кеңейту,жобалау жұмыстарын жүргізу.

   а ) Адам мен  жылқының достығы өте ерте кезде басталған. Ертеде жылқы  кең  далада еркін  өскен   тағы жануар еді. Адам баста жылқыны тамақ  ретінде көптеп  аулаған. Келе – келе оның құлындарын қолға  үйреткен  , сол  құлындардан   қазіргі  сәйгүліктер  өсіп-өнген . Қазіргі жылқының  ата тегі Тарпан  мен Пржевальский  жылқылары болды деген  болжам  бар Бұл жылқылардың тағы үйірін 1881 жылы орыс саяхатшысы Н.Пржевальский Тянь-Шань  таулары сілемдерінде кездестіреді, көптеген  зерттеулер жүргізеді. Бұл жылқыларды Монғолияда күні  бүгінге  дейін  кездестіруге  болады. Олар қорғауға  алынған. (Слайдпен жұмыс)

 

 

   Ә). Есіңде сақта.  Адам  малдарды белгілі бір дыбыстау арқылы шақырады .Жылқыны шақырудың   өзіндік ерекшеліктері бар.

 

Құрау-құрау – биені сауатын кезде  шақыру үшін айтылады.

Моһ-моһ —      Жылқыны   ұстау үшін  айтылады.

Тәк – тәк    —     Жылқының үстіне ер салып  мінгенше қозғалмай тұру үшін айтылады.

Тыр-р — тыр-р -жылқыны арба мен шанаға жеккенде тоқтату үшін айтылады .

 

 Оқушыларға слайдты көрсете   отырып сұрақ –жауап әдісімен қымыз және оның пайдасы туралы әңгімелету. Қымыздың құрамындағы дәрумендерге тоқталу .  Қымыз өзінің емдік және  сусындық   қасиетін күні  бүгінге  дейін  сақтап  келеді. Ол өкпе ауруларын  ,  түрлі  салқыннан  болатын  ауруларды емдеуде медицинада қолданылады. Қымызды сауда  дүкендерінен және базардан  сатып алуға болады

— Қымызға қатысты қазақ халқында қандай дәстүр бар ?

-«Қымызмұрындық» деген дәстүр бар.

-Қымыздың қандай түрлері бар?

Б) Дәптермен жұмыс. Қымыз түрлерін кітаптан тауып,  дәптерге көшіріп жазу.

Биенің сүті  сары бал , Қымыздан  асқан  – дәм  бар ма?

 

Жылқының еті құнарлы тағам. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда жылқының еті, қазы –қартысы , жал-жаясы ,қымызы аса құнарлы тағам.

— Оның басты себебі не?

 

  В). Терме  оқу .  Оқушылар  жауапты кітаптан іздеп тауып оқиды  Оның  басты себебі: жылқының  талғампаздығында  болса  керек.Ол шөптің  құнарлысын,судың тұнығын ішеді.

— Сіздің  Жылқы өніміне деген  көзқарасыңыз …  Ауызша жауап беру әр топтан бір оқушы.

 Г) Түйін сөз: Дүкен  сөрелерінен  қымызды  көру қуантарлық жағдай .Шетелдік  сусынды  алып  ішкеннен  ұлттық  сусын «қымызды »  алып ішсек  біздің денсаулығы-мызға  пайдасы   өте  зор  болар  еді .Қазақстанда жылқы шаруашылығын өркендету керек. т.б.

Жылқы ежелден қазақ батырларының- Қанаты . « Жылқы- ер қанаты» деп тегін айтыл-маған. Жаугершілік заманда  атқа мінген батырлар бір-бір атқа мініп ел қорғаған . Қазір де әскери қызметте  таулы аймақта шекара күзетіне ат мінеді. Жылқы –киелі көк пырақ . Елімізің Елтаңбасындағы  Қос Тұлпар  -осы киелі пырақтар.

.

Жылқы қолға тез  көндігетін ,иесін ұятқа қалдырмайтын  жануар. Соған байланысты оны  өнер  саласында  спорт, кино, циркте  кеңінен қолданады .    Жылқыны цирк   аренасына

  • жылы алғаш рет  ағылшын Филип Эшли  алып  шықты. Қазақстан циркінде     де

өнерпаз жылқылар бар. Жылқы туралы  әндер, өлеңдер мол ,биде бар.Соның бірін айтып,

билеп  сергіп алайық

 ҮІІІ.Сергіту сәті.   «Қара жорға» әнін айтып,билеу арқылы сергіту сәті орындалады.

 

Х. Шығармашылық жұмыс . Берілген өлең шумағындағы көп нүктенің орнына  тиісті сөздер тауып қойып, өлеңді аяқтау.Өлең құрастыруда   суретті басшылыққа алу,тақырып қою.

                                                         

 

ХІ .Қорытынды бөлім : Балалар, жылқыға байланысты қандай    ұлттық  ойындарды  білеміз?

– Жылқының пайдасын қайталамай айтып шығайық. әр топтан  екі оқушы жауабы тыңдалады.

ХІІ. Бағалау .Топ жетекшісі  білімдеріне сай бағалайды..

ХІІІ. Үйге тапсырма:   «Жылқы» мәтінін түсініп оқу,

«Жылқышы» өлеңін жаттау , жылқышы туралы шағын эссе жазу.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

 

1.Сен  білесің  бе?  Қ. Байпақов,  Алматы   «Аруна» баспасы.1997ж

2.Тұлпардың бабы мен сыны, Ж.Дәндебаев,Алматы«Бастау»1994ж

3,Қазақтың  салт  дәстүрлері.  Алматы 1998ж.

  1. Лошади 1000 фотографий. Москва. 1999ж.
  2. «Балдырған» журналы, Алматы 2003ж.
  3. Дүниетану. 3-класс. Атамұра 2003 ж

7.Әдебиеттік оқу 4- класс.     Атамұра 2008ж

8.Әдебиеттік оқу әдістемесі   Атамүра  2003ж