Сұраулы сөйлем

77

Сабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем:

Сабақтың мақсасаты:Сұраулы сөйлем туралы ұығым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқушылардың теориялық ойлауын,сөйлеу тілін дамыту,сұраулық мағынаны білдіретін алғашқы түсініктерін қалыптастыру;сұраулы сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттығу;ұйымшылдыққа , достыққа адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері:Сұрақ –жауап, талдау, жинақтау,топтау, бағалау, дәлелдеу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ

Көрнекіліктер:оқулық, дәптер ,сөзжұмбақ,жеке суреттер, тірек –сызба,ойын құралдары.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Бүгінгі сабақта бір-бірімізге жаксы  тілектер айтып,сәттілік тілейік.

Ал, балалар, бүгін біздің сабағымызға сыйлы қонақ келіп отыр. Бұл кім, біз оны танимыз ба?

Өзімен бірге не ала келіпті ?

Егерде аяз атаның тапсырмаларын орындайтын болсақ, ол бізге сандығындағы сыйлықтарын тараты береді. Ал егерде орындамайтын болсақ басқа балаларға кетіп қалады. Орындайсыңдар ма?

1-тапсырма

Тапсырмаларды орындап, топқа бөлу. Оқушыларға қима қағаздарда жазылған сөздер мен сөйлемдер тарату.

1-ші топ «Сөйлем»

                 «Сөз»

2-тапсырма

Ой бөлісу отауы. Кластер құру. Әр топ тапсырманы орындағаннан кейін тақтаға шығып қорғайды.

-Сөйлем туралы не білесіндер?

 

Сөйлем

  1. Сөйлем сөзден құралады.
  2. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.
  3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
  4. Сөйлем соңына (?) (!) (.) қойылады
  5. Сөйлемдегі сөздер бір- бірімен байланысты болады
  6. Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

                  

3-тапсырма  Артық болмас білгенің.

-Балалар «Қазақ тілі» елінде бір оқыс оқиға болыпты. Ондағы барлық сөйлемдер араласып кетіпті. Оларды ажыратып орындарына қоюға көмектесейік. Онда әрбір сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқып, өз белгілерін қояйық. Біз сөйлемдерді дұрыс ажырата білдік. Енді осы сөйлемдерге назар аударайық.

  1. Менің балаларым сабаққа әзір ме?
  2. Мен мұғалімнің көңілінен шыға аламын ба?
  3. Сабақ басталды.
  4. Мұғалімдер сабаққа қатысты.
  5. Алақай, мен «5» алдым!
  6. Менің балаларым неткен ақылды!

-Міне, осы сөйлемдердегідей біздің бүгінгі сабағымыз өте жақсы өтеді деп ойлаймын.

4-тапсырма  Сауал- бізден, жауап- сізден.

-Балалар, бүгінгі сабағымызда қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін сөзжұмбақты шешеміз.

-Ал, балалар, қандай сөз шықты?

5-тапсырма

Желтоқсан айында қандай мерекелерді білеміз?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

-Тақтада мағынасына қарай қандай сөйлем?

— Неге ол сұраулы сөйлем деп ойлаймыз?

— Ережесін айтып көрейікші.

Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі қойылады.

6-тапсырма

«Суреттер сөйлейді»

Ал , оқушылар, келесі тапсырмада сіздерге суреттер таратылады. 3 минут уақыт ішінде сұраулы сөйлемдер құрастыру. Сөйлемдері көп топ жеңіске жетеді.

7-тапсырма

Оқулықтағы 2-жаттығу орындалады.

8-тапсырма

«Кім тез»

Дұрыс тапсаң, сұраулы сөйлем шығады.

  • 2  3   4   5   6   7   8   9   10  11 12   13

ы  д  а   л   т    с   б   е  ш   н    ң    р    қ

6  3  7  3  13  5  3  12  1  11

10   8  9  8  2   8

7  3  6   5  3  4  3  2  1

 

Сабақтарың нешеде басталады?

9-тапсырма

3-жаттығу жұмысын орындау

10- тапсырма    Жаңа сабақты бекіту

 

Тест тапсырмаларын орындау.

  1. Мен сабаққа кешігіп келдім. Мағынасына қарай сөйлемнің қайсысына жататынын көрсет.

А   Сұраулы сөйлем

Ә   Хабарлы сөйлем

Б   Лепті сөйлем

  1. Сұраулы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылатынын белгілеңіз.

А    .

Ә   ?

Б   !

  1. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлемді қалай атаймыз ?

А   Лепті сөйлем

Ә   Хабарлы сөйлем

Б    Сұраулы сөйлем

Оқушылардың білімдерін бағалау

Үйге тапсырма.

Оқулықтағы 82-бет 4-жаттығу