Су.Судың қасиеті

Сабақтың  тақырыбы: Су.Судың  қасиеті

Сабақтың  мақсаты

                              Білімділігі: Оқушыларға  судың  қасиеті, тіршілік  үшін маңызы,

табиғаттағы таралуы  жөнінде  түсінік  беру.

Дамытушылығы: Оқушылардың  ізденушілік – зерттеушілік

әрекеттерін  жетілдіру,дүниетанымын  кеңейту.

Тәрбиелілігі: Қоршаған  ортаға  деген  сүйіспеншілікті  арттыру,

суды  қорғау, тазалықты  сақтау  сияқты  адамгершілік

қасиеттерін  дамыту.Экологиялық  тәрбие  беру.

Сабақтағы көрнекі – құралдар: интерактивті  тақтамен  слайдтар   көрсетіледі:

судың бейнесі, түрлі ыдыстардың суреттері

Сабақтың  түрі: Кіріктірілген  сабақ

 Сабақтың  әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап,көрсету (слайд)

 Сабақтың  жүрісі:

                                     Ұйымдастыру,қызығушылықты  арттыру

  • Балалар,бүгінгі сабағымыз  ерекше  болмақ.Себебі бүгін  бізге  қонақтар  келді.
  • Олай болса өз  білімдерімізді  көрсетелік.
  • Үйге қандай  тапсырма  берілді?
  • Ауаның қасиеті, маңызы

 

Үй  тапсырмасын  сұрау

  • Ауаның қасиеттерін  атап  шығу.  Ауаның  маңызы  тақырыбынының  мазмұнын  сұрау;
  • Слайдтан атап  көрсету;
  • Ауа туралы  өз  ойымызды  қорытындылау;
  • Мынау  ненің  дауысы?
  • Судың
  • Сонда бүгінгі  жаңа  сабағымыз  не  жайында  болмақ?
  • Су.Судың қасиеті  жайында  болмақ

 

Сабағымызға  қатынысып  отырған  ұстаздарға  оқушылардың  Қайырлы  күн  тілеуі.

Жаңа  сабақ:

«Су – тіршілік  нәрі»  ұғымын  қалай  түсінесің?    (мағынасын  ашу)

Слайдтан  судың  адам  өмірінде  алатын  орны  жайында  көрсету.

Енді  судың  негізгі  қасиетіне  тоқтала  кетсек;

Су – түссіз, оны  тәжірибе  жасау  арқылы   көз  жеткіземіз.

  • тәжірибе: Шыны ыдысқа сүт,екінші шыны ыдысқа су құй. Екеуін салыстыр. Сүт – ақ, су – түссіз.
  • тәжірибе: Екі стаканның  біреуіне  сүт,  біреуіне  су  құй. Олардың ішіне  қасық  сал.Қайсысындағы  қасық  анық  көрінеді? Неге?

Бұдан  шығатын  қорытынды: су- түссіз,мөлдір,иіссіз.

  • тәжірибе: кесеге,шыныға,стаканға су  құй.Осы  ыдыстардағы  судың  пішініне  қара.Су  қандай  пішінге  ие  болды?Әрбір  құйылған  ыдыстың  өзіндей  емес  пе?Олай  болса, суда  тұрақты  пішін  болмайды.

Су – сұйық. Су – бу. Су – мұз болатын  жайларына  мысылдар  келтіру, слайдтан  көрсету.

Мәтінді  тізбектей  оқыту.

Сергіту  сәтін  жасау   (2 мин)

 

  • Дәптермен жұмыс:
  • Күннің жадын  жаздырту
  • Сабақтың тақырыбын  жазу

Судың  жай – күйі

|                                    |                             |

1) Сұйық                        2) бу                      3) мұз

Жұмбақ  шешу:

  • Отқа  жанбас, суға  баспас,Судан жаралған бірақ судан қорқады
  • Көзге көрінгенмен,ұстасаң қолға ілінбес (бу)
  • Жылт – жылт етеді,жылғадан өтеді (су)

 

 

Қорытындылау :

Ериді, сұйық, ағады  сөздеріне  сөйлем  құрастыру.

Су  сұйық  болады. Жылғалардан су ағады. Қар еріп,суға  айналды.

Үйге  тапсырма  беру:

Осы  тақырыпты  үйден  жақсылап  оқып, мазмұнын  айтуға дайындалып  келу.

Бағалау, мадақтау.

Үй тапсырмасын  айтқан  және  жаңа  сабаққа  белсене  араласқан  оқушыларды  атау,мадақтау.