Баланың тырнағын кеміруі нені білдіреді?

88

Баланың тырнағын  кеміруі нені білдіреді?

«Райхан» балабақшасының директоры  С.Ж.Жанғали

  • Жалпы баланың тырнақты кеміруі оның жан дүниесінің жайсыз болуына байланысты. Яғни бала өзінің ішкі күйзелісін тырнағын кемірумен басады деп айтуға болады.
  • Бұл баланың ішкі күйзелісімен өзінше күресінің бір түрі.

Оған ескерту жасау, саусақтарына соғу қажет емес керісінше бұл жағдай оған кері әсерін тигізеді, одан да баланың ішкі жан дүниесін түсінуге тырысыңыз.

Бірінші. Сұрап біліңіз бұл жағдай қашаннан бері болғанын не болмаса бақылауға алыңыз.  Мүмкін Сіз шектен тыс балаға қаталдық көрсеткен боларсыз, не болмаса баланың түсінігімен Сіз қатты талап қойғансыз. Сондай – ақ қызғаныштан да болуы мүмкін, ата – ана мен бала арасындағы, апа мен аға арасындағы. Себептер көп болуы мүмкін, сондықтан бірінші баланың бойынан қорқынышты шығару керек, қайта жақсы көңіл күй силау қажет.

Екінші. Кіші жаста балаға  аз көңіл аудардыңыз. Соның ішінде балаңыздың өзінше үлкен кісідей ойлай білгеніне мән бермегеніңізден. Бұл жағдайда балаңыздың жетістіктеріне махаббатпен, сүйіспеншілікпен қарағаныңыз жөн.

  • Ата – ананың шектен тыс агрессиядан арылуы қажет, отбасында ұрыс – керіс, жанжалдың болмауы тиіс — бұл баланың тырнағын кеміруін тоқтатуға бірден бір септігін тигізетін жағдай.