y=ax2+bx+c функциясының графигі тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

47
Тақырыбы:
«Математика пәні  бойынша білім мазмұнына жаңалық енгізудің маңыздылығы»

y=ax2+bx+c функциясының графигі  тақырыбына қысқа мерзімді  жоспар

Сабақтың тақырыбы y=ax2+bx+c функциясының графигі
Сілтеме Алгебра 8 «Б»  сынып, А.Әбілқасымова,  В.Корчевский, А.Абдиев, З.Жұмағұлова
Жалпы мақсаты Оқушыларға y=ax2+bx+c функциясының графигін  түпкілікті түсіндіріп бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Міндеттер •        Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

•          Өткен  тақырыптарды  оқушылардың бар білімдерін пайдалана

отырып жеткізу

•          Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім үшін оқу нәтижелері •          Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты

пысықтау

•          Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

•          Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

•          Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптастыру.

 

Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері  Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын, «Ортада қаламсап» стратегиясын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, слайд, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар
Күтілетін нәтиже Оқушылар y=ax2+bx+c функциясының графигін сызып толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.
Ұйымдастыру кезеңі Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушыларды әр түрлі түстегі асықтар арқылы

5 топқа бөлемін. «Қызыл асық», «Сары асық», «Жасыл асық», «Көк асық», «Қара асық»                                                                                                                    2 мин

Қызығушылықты ояту

 

«Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы                                         5 мин
Мағынаны тану «Кең ауқымда қарастыру» стратегиясы.

 

Постер қорғау 10 мин

 

Әр оқушы өзіне берілген тақырыпты игеруге арналған тапсырмаға ұқсас тапсырмаларын орындайды. Жұпта талдайды, дұрыс не бұрыс екендігін айтады.

 

Есептер шығару. 15 мин

Деңгейлік тапсырмалар бойынша

 

 

 

 

Әр топқа үлестірме парақтар беріліп, оқушылар

постер қорғап тапсырмаларды орындайды.

 

Сергіту сәті Just Dance Kids — The Hamster Dance Song (Wii Rip).mp4                  3 мин
Ой толғаныс                                                                 «Ортада қаламсап» стратегиясы.                                                         4 мин

Ортадан алынған қаламға сол қаламның иесі жауап береді.

Бағалау   «Білім ағашы»  қолданылады. Бағалау прақшалары арқылы топ басшысы топты бағалау. Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару.

5мин

Үйге тапсырма                                                                №273, №274

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу.                                    30 секунд

Рефлексия Оқушыларға смайликтер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.

                                                                                                                 30 секунд