16*5 және 80:5 жағдайларындағы ауызша көбейту мен бөлу

56
Сабақтың этаптары: Сабақтың барысы:
Тақырыбы: 16*5 және 80:5 жағдайларындағы ауызша көбейту мен бөлу
Мақсаты:

А)білімділігі.

 

Ә)тәрбиелігі.

 

 

Б)дамытушылық

16*5 және 80:5 жағдайларын қарастыра отырып, ауызша көбейту мен бөлу тәсілі жайлы білім қалыптастыру.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, экологиялық тәрбие беру, тазалыққа, тапқырлыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

«Көбейту және бөлу» тарауынан алған білім-икемділіктерін іске асыра білуге, алған білімдерін пысықтау.

Түрі: Пәнаралық сабақ.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Әдісі: Түсіндіру, көрнекілік
Көрнекіліктер: Математикалық диктант, бәйтерек, Қазақстан картасы, Арал теңізі, жеке суреттер, мақал-мәтелдер.
І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлемдесу.   Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

Оқушыларды төрт топқа бөлемін.

Математика сабағын хабарлау.

1-топ. 1 дегенім білім, білім жарық күнің..

2 дегенім еңбек, еңбек бәрін жеңбек.

3 дегенім үміт, үмітсіз жоқ жігіт.

4 дегенім талап, талмайтын қанат.

5 дегенім бірлік, бірліксіз жоқ тірлік.

 

2-топ. Өмірдегі заттардың,

Есептейміз бәрін біз.

4 амалды қолданған.

Математиак пәнімін.

 

3-топ. Математика толған тәртіп, мағына

мен мән,

Математика толған тамаша заңдылық

пен сән.

4-топ. Математика толып жатқан терең сыр,

Шетсіз, шексіз дариядай бейне бір.

1.ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ОЯТУ.

1.Сабақтың тақырыбын  хабарлау.

2.Сабақтың міндетін белгілеу.

а)2 таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту жағдайын қарастырамыз.

ә)2 таңбалы санды тиімді қосылғыштарға жіктеп үйренеміз.

б)есеп шығарамыз.

в)теңдеу шешеміз.

г)көбейту мен бөлу амалына байланысты теңдік құрастырамыз.

ІІ.Өткенді қайталау. 1.Үй тапсырмасын тексеру.

2.Ауызша жаттығулар.

Кубизм стратегиясы.

3.Таза жазу сәті.

4 топқа әртүрлі беріледі.

4.Математикалық диктант.

Жауабы тақтағы ілінеді, дәптерлерін көршілерімен алмастырып тексереді.

ІІІ.Өткенді қорыту. Өткенді қорыту үшін «Математикалық – білім бәйтерегін» құрастырамыз.Ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз.

1.    көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?

2.    көбейтудің терімділік қасиеті дегеніміз не?

3.    көбейтудің компоненттері….

4.    бөлудің компоненттері….

 

Кіріспе сөз. Қазақтан картасы, соның ішінде Арал теңізін көрсете отырып,суының азайып бара жатқанын дүниежүзін алаңдатуда. Өйткені тартылған теңіз орнынан тұз тозаңы бүкіл әлемге жайылып, жердің бетін бүлдіруге, өсімдігінің азаюына, жан-жануарлардың қырылуына әкеліп отыр. Белгілі ақын Мұхтар Шаханов дүниежүзіне жар салып, Арал «қорын» ашқан.Сол қорға жиналған қаржымен Арал проблемасын шешу көзделуде. Сондықтан біз бүгінгі сабақта Арал теңізін қалпына келтіру жұмысына өз үлесімізді қоспақпыз. Біздің үлесіміз-біліміміз. Ендеше білімімізбен Аралды құтқарайық.Елбасы Н.Назарбаев «Арал теңізін қорғау» атты жоспар жасауды үкіметке тапсырды.
ІV. Жаңа сабақ.

 

 

1- тапсырма.

Егер жаңа материалды жақсы меңгерсек жоспардың дұрыс жасалғаны. Арал суреті ілінеді.

Жаңа сабақты түсіндіру.

16*5=(10+6)*5=10*5+6*5=80

80:5=(50+30):5=50:5+30:5=16

2 таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу үшін екі қосылғышта ыңғайлы тәсілді пайдаланамыз. Ол үшін қосылғыштардың екеуі де 5-ке қалдықсыз бөліну керек.

 

 

2- тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3- тапсырма.

 

 

 

 

4- тапсырма.

 

 

 

 

 

 

 

5- тапсырма.

2.МАҒЫНАНЫ ТАНУ.

Жоспар жасалады. Жоспардың 1-ші бөлімі қаржы мәселесіне арналады. Еліміздің ірі бизнесмендері «Арал» қорына миллиард доллардан қаржы аудармақ.

—         Жаңа сабақты жақсы түсінгендеріңді білсеңдер қаржы мәселесі шешіледі. Ортаға бизнесмендерді шақырайық.

—         4 топтан 1 оқушыдан шығады.

№2. 139 бет.

 

Арал теңізіне Сырдария, Амудария өзендері су құяды. Өзендерге су толық құйылу үшін ауыл әкімдері келісім шарт орындайды.

№3,4 139бет.

 

Арал теңізі астындағы күн көзі бітелген. Соны ашу керек. Ол оңай жұмыс емес.

№6 шығарсақ, теңіз көзі ашылады.

1 топ- ағаш орнатады.

2 топ- құсты қондырады.

3 топ- балық жібереді.

4топ- жануарлар жібереді.

 

Жан-жаққа қоныс аударып, көшіп кеткен Арал тұрғындары туған жерлеріне оралмақ. Ата кәсіптері балық шаруашылығымен айналысуға көмектесейік.

№7. 140 бет.

Шығармашылық тапсырманы орындау.

Жоспар жасалып бітті.

—         Балалар, біз үлкен азаматтық іс атқардық. Арал теңізін қалпына келтіру арқылы дүниежүзі табиғатын қорғап қалдық.

—         «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ »,- деп жырлығандай табиғаты аялайық.

 

   
 

V.Бекіту.

3.ОЙ ТОЛҒАНЫС.

Топпен жұмыс.

1топ- Табиғат немесе су туралы өлең жазады.

2топ- Жарнама көрсетеді.

Шаршағанды басатын,

Сарайыңды ашатын.

Су болсада әрқашан

Қайнаған судан асатын.

3топ- Мақал айту.

Сулы жер – нулы жер.

Сусыз өмір жоқ.

Судың да сұрауы бар.

4топ- Сурет салу.

Әр топ өз жұмысын белгілейді.

.Қорытынды. -2 таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтеміз?

-қалай бөлеміз?

Мақсатын орындалғанын дәлелдеу.

 

VІІ.Бағалау. Рефлексиялық бағалау нормасы.

Оқушының аты-жөні. Тапсырмалар. Ұпай саны. Бағасы.
VІІІ.Үйге тапсырма. №5. 139 бет.