Жай бөлшекті бөлу

65

Математика. 5 сынып

Тақырыбы: Жай бөлшекті бөлу

Мақсаты:

Білімділік: Жай бөлшекті бөлудің ережелерін пайдаланып, оларды қолдана алуы.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: слайдтар, компьютер, видеопраектор

Жүрісі:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру №752 есеп
  3. «Еске түсіру» сұрақ-жауап
  4. Жай бөлшек, жай бөлшекке қалай көбейтеміз.

Алымы берілген бөлшектердің алымдарының көбейтіндісіне, бөлімі бөлімдерінің көбейтіндісіне тең бөлшек.

  1. Натурал санды бөлшек санға көбейткенде натурал сан бөлшек алымына көбейтіп, көбейтінді бөлшектің алымы болады да, бөлімі өзгеріссіз қалады.
  2. Аралас сандарды жай бөлшекке қалай көбейтеміз? Оларды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін бөлшекті бөлшекке көбейту ережесін қолданамыз.
  3. Егер көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең

«Ой салу» (Сергіту сәті, сөзжұмбақ шешу)

  1. Алымы бөліміне тең немесе одан үлкен бөлшек
  2. 2*2 неге тең?
  3. Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан
  4. Құрамында мәнін табу қажет болатын әріпті өрнек
Б Ұ Р Ы С
Т Ө Р Т
А Р А Л А С
Т Е Ң Д Е У

Жаңа сабақ «Меңгерту»

Жай бөлшектерді бөлу

Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін, бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшектің кері санына көбейту керек.

Санды нөльге бөлуге болмайды

Аралас санды аралас санға бөлу

Аралас санды аралас санга бөлу үшін, оларды бұрыс бөлшек түрінде жазып алып, бөлшекті бөлшекке болу ережесін қолдану керек

 

 

Натурал санды бөлшекке бөлу және бөлшекті натурал санға бөлу

Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда натурал сан бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазылып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Есте сақта»

Ұлы педагог Ушинский: «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмытылғанды ескере түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау» Есіңде сақта!

       

Санды 0-ге бөлуге болмайды

«Қолдану»

Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау. Бөлуді орында (ауызша)

=1      =2     =1

Есепте:

=3                =              =1             =1

Бөлуді орында:

=          =           =        =45

=62

Оқулықпен жұмыс №794 (5,6,7,8)

№795 (4,5.6,7,8)

«Жауаптарын тап»

 

 

«Кім жылдам?»

  1. Қораптағы шай 1/4 кг. Неше қорап шай 1 кг? (4 қорап)
  2. Поезд 1 сағатта екі қала арақашықтығының 1/3 бөлігін жүрді. Поезд бір қаладан екінші қалаға қанша сағатта барады?
  3. Бір орам өрік 3/4 кг. Неше орам өрік 6 кг болады?

 

«Біле жүрейік»

Атау Уақыты Ұлты Тегі
Бөлшек сызығы,

бөлшек

ХІІ Итальян Леонардо Пизанский
Алым, бөлім ХІІІ Грек Максим Плануд
Б.з.д.   287-212 Грек Архимед
Бөлшек туралы толық мәлімет ХХ Орта Азия   математигі Әл-Хорезми

 

Жас кезіңде алған білім,

Тасқа жазған жазумен тең.

Есейгенде алған білім,

Құмға жазған жазумен тең.

 

Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Белсенді оқушыларды марапаттау. Үйге тапсырма.       № 784 (5,6,7,8)            № 785  (5,6,7,8)