Сабақтың тақырыбы: Сын есім

89

Сабақтың  тақырыбы: Сын  есім. 417 — 421  жаттығу

Сабақтың  мақсаты : Сын  есім  жайлы  білімдерін  кеңейту.

Міндеттері :

Білімділігі :  Сөйлемдерден  сын есімдерді тауып , дұрыс  сұрақ  қоюға үйрету.

Дамытушылығы:  Оқушылардың  сөздік  қорын байыту.

Тәрбиелігі : Табиғатты  қорғауға ,  әдемі  жазуға  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас  сабақ

Сабақтың  әдісі : талдау,  сұрақ-жауап, түсіндіру, « Кім тапқыр » , « Ойлан тап » ойындары

Сабақтың көрнекілігі:  кесте , ребус , ойын

       Сабақтың  барысы

1Ұйымдастыру  кезеңі

Психологиялық  сәт

Амансыңба  алтын  күн ?

Амансың  ба көк  аспан ?

Амансыңба  достарым ?

Сендерді  көрсем  қуанам !

Кәне  бері  қараңдар

Сабақты  біз бастайық.

Жаттығуларды қиналмай

Лезде        жазып  тастайық.

  • Яғни , біздер қандай сабақ

   Қазақ тілі  сабағы

  • Міне , балалар біз қазақ тілі  сабағымызды  бастайық.

Сыныпты  жыл мезгіліне қарай  топқа  бөліп ,  топ  басшыларын  айту.

I  топ   Көктем                       III  топ     Күз

II  топ  Жаз                              IV  топ    Қыс

  1. Үй тапсырмасын сұрау

« Кім көп құрады ? «    ойыны

416 —  жаттығу “ Ат  жарысы ”  тақырыбында  әңгіме  құрап  келу.

Топтарға  тапсырма  беру

I  топ  Әңгімені   оқыту

II  топ  Іңгімені   оқыту

III  топ  Суретті  сипаттау

IV  топ  Ережені  сұрау

 

  1. Үй тапсырмасын бекіту.

Суретпен  қорытындылау.

Сөз  таптарын  еске  түсріу.

  • Сөз таптары нешеге бөлінеді? Оларды ата.
  • Зат есімнің жекеше және көпше түріне мысал келтір .

Оқушыларды  смайлик арқылы  бағалау.

III.  Жаңа  сабақ

Жаңа сабақтың тақырыбы  мен мақсатын хабарлау

  Сын есім.  417 — 421 жаттығу Топтық жұмыс

417 —  жаттығу.  Өлеңді  көшіріп  жаз.

Құшағы  кең  теңізден ,

Аясында  гүл бақтың.

Аппақ  сүтін  емізген ,

Қымбаттысы  қымбаттың —

Анам  қандай жақсы  адам.           ( Әли   Ысқақбаев. )

Сын  есімдердің  астын  сызу.   Оларға  сұрақ  қой.

I   топ  Мәнерлеп  оқыту.

II  топ  Сын  есімдерді  табу.

III  топ Сын  есімдердің  астын  сыз.  Оларға  сұрақ  қой.

IV  топ  Сын  есім  қай  сөзбен  байланысып  тұрғанын  айтып , сызу.

418 —  жаттығу.  Сын  есімдерді  зат  есімдермен  байланыстырып  жаз.

Үлгі :  Жуас  ат.  Таза бұлақ

I    топ  таза   …….                III   топ  сұйық  …….

II  топ  биік   …….                 IV топ  жүйрік  ……..

             Ұзын  …….

418 — жаттығу.  Ұжымдық  жұмыс.

 « Кім тапқыр » ойыны

Ребусты шеш.  Шешуінднгі  сөзді  қатыстырып сөйлем құра.

    “  Қалың ”

Биыл қыста  қар қалың  жауды

I  топ  Ребусты  шеш.

II  топ  Сөйлем  құрау

III топ   Тақтаға  жаздыру.

IV  топ  Сын  есімді  тауып ,  астын  сыз.

IV      Сабақты  бекіту

« Ойлан тап » ойыны

420 —  жаттығу  берілген  сөздердің  сын  есім екенін  дәлелде.

I  топ  Адал  ……                         III   топ  Қең ……

II  топ   жіңішк е…….                   IV   топ  семіз …….

Қандай ?  – деген  сұраққа  жауап  береді.

Бұл —  сын есім ,  өйткені

Заттың  сапасын  білдіреді.

V . Сабақты  қортындылау.

                 Ойын  “ Артығын  тап ”

Қызыл                көк            ойнады            жақсы                      ақылды  жүгірді

Жасыл                сары                                         жаман              жалқау

 

Ережені еске түсіріп  айтқызу.

 

Үйге    тапсырма  беру.  421 —   ЖАТТЫҒУ.  Сын есім ережені жаттап келу

 

Оқушыларды   бағалау. Смайлик арқылы бағаланады , мадақтау .

Рефлексия : Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ауызша айтады.