Сын есім

Сабақтың  тақырыбы:  Сын  есім

Құзіреттілікке жеткізетін  сабақтың  мақсат- міндеттері:

А) 2 сыныпта  өтілген  сын  есім тақырыбы  бойынша  білімдерін тиянақтау, кеңейту,  тереңдету.

Ә) шығармашылық  жұмыс  түрлеріне  баулу  арқылы  өз  ойын  еркін  жеткізуге,  ізденуге,  қиялын  кеңейту,  жетелеу.  Сауатты  жазу  дағдыларын  жетілдіру.

Б)  оқушыларды  тапқырлыққа, тілін  қадірлеуге,  тиянақтылыққа  баулу.

 

Күтілетін  нәтиже :  шығармашылық  ізденіс,логикалық  ойлау  қабілеттері  дамиды,сын  есім  туралы білімдері  кеңейеді.

 

Сабақтың  типі:  дәстүрлі  емес  сабақ.

 

Сабақтың  түрі: аралас  сабақ.

 

Сабақтың әдісі: талдау,ажырату,  дәлелдеу,  ізденушілік

 

Пәнаралық  байланыс:  дүниетану,  әдебиет.

 

Көрнекілігі:  тірек – сызба,  интерактивті  тақта,  суреттер.

 

 

Сабақ  барысы:

 

  1. Қызығушылығын ояту.

(Оқушылар  3  топқа  бөліп  отырғызылады.)

Психологиялық   дайындық.

  • Балалар ,  өздеріңізді  таныстыру  мақсатында, адамгершіліктеріңізді  білдіретін  әдемі  сөздермен  аттарыңызды  атап  беріңіздер.
  • ( әр оқушы  өзінің  атының  алғашқы  әрпінен  басталатын  сын  есім  айтып  таныстырады.)
  • Ал, осы  айтылған  сөздерге  сұрақ  қойып   көрейікші.
  • Қандай ?
  • Қай сөз  табы?
  • Сын есім.

 

  1. Мағынаны тану:( интерактивтік  тақтадағы  сызбаға  оқушы сын  есім  туралы  таныс  мәліметтерді  жазады.)

 

                                         Сын  есім

 

Сұрақтары                                                                           Мысалдар  

  Қандай?                                                                               Әдемі ,дәмді,             

  Қай ?                                                                                    қызғылт, үлкен,                                                                    

Сын  есімнің  ережесін  айтқызу.  

 Көру  диктанты.

Жылқының  құйрығының  ұзын  қылдары  төгіліп  тұрады. 

-Сын  есімді  табамыз.

  • Дәптерімізді көршілерімізге  береміз,  тексереміз.(бір-бірінің  диктантын  тексереді.)

 Оқулықпен  жұмыс. ( топпен  жұмыс)

1-топ  тапсырмасы. 2-  жаттығу .  Көп  нүктенің  орнына   сын  есімдер  тауып  жаз.  Өзің таңдаған 3  сөзге  сөйлем  құрап  жаз.

-Дәптерге  жазып  орындаймыз,  топ басшысы  тексереді,  бағалайды.  Жақсы  жазылған  сөйлем  оқылады.

2- топ  тапсырмасы.

4- жатттығу.   Мәтінді  оқы.  Сын  есімдерді  өзімен  байланысты  зат  есімдермен  қоса  теріп  жаз.

        3- топ тапсырмасы.  Сөйлемдерді  көшіріп  жаз.  Заттың  сынын  білдіретін сөздерді  тауып,  сұрақ  қой.             

Сергіту  сәті .

   Ән  жарысы.

Шарты:  1 топ  әнді  бастайды,  екінші  топ   жалғастырады.

1-топ  Жұмбақ  құрастыру.

Сын  есімдерді  қатыстырып  жұмбақ  құрау.

 2- топ.  Шығармашылық   тапсырма.

______________________     сайрайды,

______________________     жайнайды.

______________________     құлпырып,

_____________________        сыйлайды.

 3-топ.   Танымдық  тапсырма.

Берілген  сөздерден  сын  есім  жаса: сый,  май, ой,  су,  білім,  тау,біл,ақыл.

Ой  қорыту:   өзге  сөз  таптарына  жұрнақ  жалғау  арқылы  сын  есім  жасалады.

  Ертегі  құрау. (ауызша)

Мына  суреттерге  қарап  ертегі  құрастыр.(интерактивті  тақтада)

(Үш топқа  әртүрлі  суреттер  беріледі. Сол  суреттер  бойынша  сын  есімдерді  пайдаланып, ертегі  құрастыру.Топпен  жұмыстану.)

III. Толғаныс:

Семантикалық  картамен  жұмыс. (топтық  жұмыс)

Сөз таптарыӨнегеліТазаҚышқылӘдепті
қымыз
қыздар
ауа
өмір

 

Үйге  тапсырма.  « Күлме  досыңа,  келер  басыңа.»  деген  тақырыпқа  әңгіме  құрап  жаз.

Бағалау:   әр  топ  бір-бірін  бағалайды.