Сын есім

Сабақтың тақырыбы:  Сын есім

Сабақтың мақсаты:

  1. Сын есім, оның негізгі және туынды түрлері туралы алған білімдерін қайталау, кеңейту.
  2. Сын есімдерді сөйлеу, жазу кезінде стильдік тұрғыда орнымен қолдана білу дағдыларын әрі қарай дамытады.
  3. Балаларды ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың түрі:  Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Қазақ тілі – өз жұлдызын көктегі

Қазақ тілі – көгіндегі шам-шырақ.

Қазақ тілі – өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге

Қазақ тілі – болашаққа жетелеп.

Сабақтың ұраны.

Адамның арманы биікке, шыңға жетелейді.

Бүгін біз «Білімнің шыңына» шақырамын.

Сабағымыздың ұраны: «Көп білсең шыңға жетерсің!»

ІІ. «Қайталау – білім анасы».

1 топ:  Зат есім

ІІ топ:  Етістік.

ІІІ топ:  Сан есім.

Енді әр топ өз атын қорғайды. Ол үшін мына қағазға топтастырып жазасыздар.

ІІІ.  Жаңа сабақ

«Сөзжұмбақ шешу»

  • Аяқталған ойды білдіретін сөзді не деп атаймыз?
  • Түбірге қосылатын бөлшекті не дейміз?
  • Оңынан оқы тағаммын, солынан оқы тағаммын.
  • Заттың қимыл, іс-әрекетін білдіретін сөзді не дейміз?
  • Сөйлем неден құралады?
  • Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігін не дейміз?
  • Сіздер оқитын оқу орын?

 

 

 

 

 

 

ІV.  «Өнерлі өрге жүзеді»

Сын есім дегеніміз не?

Сын есімдерге қандай сұрақ қойылады?

Сын есім

 

А. Құнанбавтың  «Қыс»  өлеңі.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Сын есім айтылатын ойға жан-жақты әсерлі, көрікті ұғымдар үстемелеп адам ойын көріктіріп, тілді әдемілеп жатық етіп тұрады.

Осы өлеңді оқыған кезде көз алдыңа қандай елес келеді.

Сол елестерді сын есімдер беріп тұрады.

  1. Бүгіңгі күнді жазу,көркем жазу.

К к әрпін жазу.

Көп білсең, шыңға жетерсің!

Дәптермен жұмыс. «Түртіп алу стратегиясы».

Терме диктант.

Көкшіл бояу әперші             Ақшыл бояу әперші

Көк теңізді салайын.             Ақ теңізді салайын.

Жасыл бояу әперші              Қоңыр бояу әперші

Жапырақты салайын.           Топырақты салайын.

1-жаттығу.

Көп нүктенің орнына сұраққа жауап болатын сын есім қойып, мақалдарды толықтырып жаз.

  • Мақалдардың мазмұнын түсіндір.
  • Мағынасы қарама-қарсы сын есімдерді ата.

2-жаттығу.

Өлеңді оқып, көшіріп жаз.

  • Туынды сын есімдердің астын сыз.
  • Оларды сөз құрамына талда.
  • Туынды сын есім қандай сөз табынан жасалған?

VІ.  Сергіту сәті

    Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз

Ақылдымыз,парасаттымыз, көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқормыз

Көп оқимыз

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін.

Біз қазақ елінің болашағымыз.

  VІІ.  «Ізденген жетер мұратқа»

      Ізденіске берілген жаттығу.

3-жаттығу.

Төмендегі зат есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын есім тауып,  тіркеп жаз.

  …… өрен.      …… күн.      ….. еңбек.   

  ….. көше.   ….. су.   … … күн.   

   ….. талап.

VІІІ.  Шығармашылық жұмыс

І топ:  Өз сыныбыңды  сипаттап жаз.

ІІ топ:  Күнге  бес жол өлең  шығарып жаз.

ІІІ топ: Күнге хат жаз.

ІХ.  «Арманы биіктің,алмағы биік»

Х. Үйге тапсырма

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Сын есім туралы алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.

 4 – жаттығу.