Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сын есім туралы алған ұғымдарын

кеңейту.

  1. Оқушылардың байқау,бақылау қабілеттерін

арттырып,сөздік қорларын молайту.

3.Оларды адамгершілік қасиеттерге,табиғатты қорғап,

аялауға тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

 

Қазақ тілім – өз тілім,ана тілім

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені

Болашағым,бақытым дара тілім

 

  • Балалар, қазір бізде кемеңгер,ғұлама ақындарымыздың тілі – туған

тіліміз қазақ тілі сабағы.Сөзжұмбақ шешу.

  1. Қазақтың пулеметші батыр қызының есімі?
  2. Бейнелеу өнеріндегі жабыстыру тәсілімен жасалатын шығарма?
  3. Біздің рәміздеріміз
  4. 100 жыл нені құрайды?
  5. 1 сағатта неше минут бар?
  6. Қ.Р – ның бас қаласы?
  7. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі?
  8. Көкжиек тұсын анықтайтын құрал?
  9. Адам өміріне ең қажет нәрсе?

 

  • Балалар,қызыл жолақшадан шыққан сөзді оқиықшы
  • Біздің облысымыз қалай аталады?

 

2 – 3 оқушыны Маңғыстау туралы сөйлету

 

  • Олай болса,біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ түрінде өтеді. Біз

бүгін Маңғыстау жеріне саяхатқа шығамыз.

  1. Жетібай кенті – үй тапсырмасы.

396 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып,сын есімді тапқызу. Олардың

қай сөз табымен байланысып  тұрғанын табу.

  1. Қарақия ойысы – көркем жазу.
  2. Ақтау – 397 – жаттығу.

 

Тақтаға үш оқушы шығарып,мақалдарды жазып,сын есімдерді табу.Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.

  1. Ақшұқыр – 398 – жаттығу.

 

Сын есімді қатыстырып,сөйлем құрау.Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау. Сұлу,ауыр,жуан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

  1. Кетік – сергіту сәті.
  2. Шетпе – 399 – жаттығу.

 

Өлеңді мәнерлетіп оқытып,мағынасын түсіндіру.Сын есімдерді өздеріне қа тысты зат есімдермен бірге көшіріп жазғызу.

 

  1. Қорытынды. Бекіту. Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма. 400 – жаттығу. Ереже жаттау