Сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сын есім жайлы түсінік беріп, сөздік қорларын дамыту

Сабақтың міндеттері:

  1. Заттың сапасын, түрін, түсін  анықтау.
  2. Сұрақ қоя білуге үйрету.
  3. Бір-бірін тыңдай білуге, өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,«Автор орындығы», топтастыру, «Миға шабуыл»

Сабақтың түрі: аралас

 

Күтілетін нәтиже:

  1. Сын есімнің сұрақтарын біледі.
  2. Заттың түрін, түсін, сапасын аныктайды.
  3. Сөйлемнен, мәтіннен сын есімді таба алады.

 

Көренекілігі: суреттер, ребустар, сөз жұмбақтар, постер, стикер, маркелер

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Псхихологиялық дайындық

Стикерге төмендегі сергіту сәтінің әр жолын жеке –жеке жазып, оқушыларды төрт топқа бөлу.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел есді

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі- әр топ өз жолдарын айтып, сұрақ қояды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

406-жаттығу.

«Қасқыр мен тиін» әңгімесін жалғастырып келу.

Әр  топтан бір оқушы шығып «Автор орындығына» отырып оқиды.

 «Миға шабуыл»

І – топ.

ЕтІСтІК
ЖАлҚЫ
НЕ
ЕкІ
қОСыМшА
күРДеЛІ
кІМ
  1. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрағына жауап беретін сөз таптары.
  2. Бас әріппен жазылатын зат есімнің түрі
  3. Зат есімнің сұрағы
  4. Қосымшаның неше түрі бар?
  5. Түбір сөзге ….. жалғанады
  6. Келе жатыр, оқып отыр етістіктің қай түріне жатады?
  7. Оқушы сөзіне қандай сұрақ қойылады?

 

ІІ-топ.  Ребусты шеш

ІІІ-топ. Сөз жұмбақ

еКі
ЗАт
тҮБіР
ҚОсЫмша
лЕПтІ
мӘТіН
кҮрдлі

 

  1. Етістіктің неше түрі бар?
  2. …тың атын білдіретін сөз
  3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі
  4. Түбір сөзге не жалғанады?
  5. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем
  6. Мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады.
  7. Етістіктің түрі

 

ІҮ-топ. Суреттегі зат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап оқы.

46

ІҮ. Жаңа сабақ. Мағынаны ашу.

Сабақтың тақырыбын оқушылар ашады.

Әр топ постерге гүлдің суретін салады. 4 топта қорғайды.

Түрін, түсін, сапасын, көлемін білу үшін біз қандай сөздерді қолдандық.

(Әдемі, үлкен, қызыл, сары, кәшкентай, ақ, ұзын ) енді осы сөздерге сұрақ қойыңдаршы.

  • Қандай?

Ережені  шығарады. Сұрақтарын  қайталайды.

 

Оқулықпен жұмыс.

 

407-жаттығу

Әр топ 2 жолдан оқып, сын есімді табады.

 

408-жаттығуды орындамас бұрын барлығы ортаға шығады.

Жақсы адам – елдің ырысы,

Жақсы жер – жанның тынысы

Әр оқушы мақал-мәтелдің жолдарын бір-біртіндеп айтып шығады. Орындарына отырып, дәптерлеріне көшіріп жазады.

 

409-жаттығу

І-топ. Жуас

ІІ-топ.Қалың

ІІІ-топ.Тегіс

ІҮ-топ.Ірі

сөздерін қатыстырып әр топ сөйлем құрайды.

Дәптерлеріне жазып, топтан бір оқушы оқып береді.

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

«Сын есімдер ұясы»  ойыны

410-жаттығу

Тірек сөздер стратегиясы – Мұғалім тірек сөздер береді. Оқушылар тірек сөздердің ретін бұзбай әңгіме немесе мәтін құрастырады.

 

ҮІ. Бағалау. Кері байланыс

ҮІІ. Үйге тапсырма

411-жаттығу

Жоспар бойынша әңгіме құрап келу.