Сын есім

128

Сабақтың  тақырыбы: Сын есім

Сабақтың  мақсаты:cын есім  тақырыбын  меңгерту.

Білімділігі: cын есім  туралы  толық  теориялық  білім  бере  отырып,  сөйлем  ішінен  сын есімді  тауып, сұрақ  қоюға  ынта   ықласын  аудару.

Дамытушылығы: oқушылардың  сөз  таптары  туралы  білімдерін кеңейту, сөздік  қорын дамыту.

Тәрбиелігі:  kішіпейілділікке,  жылдамдыққа, мәнерлі  сөйлеп, сауатты жазуға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  суреттер,  кесте, қима қағаздар  слайдтар

Әдісі: Түсіндіру,  сұрақ  жауап,  сөзжұмбақ, венн диограммасы,  топтастыру,  ойын.

Түрі:  аралас  сабақ

Сабақтың  барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың  сабаққа  әзірлігін  бақылап, назарларын  сабаққа  аудару.

Қазақ тілі –бал  тілім,

Өзің  барда  шалқыдым.

Тілімнен  нәр  табармын,

Тіліме  кім  тағар  мін,-деп

Қазақ  тілі  сабағын  бастаймын.

II.Үй  тапсырмасын  тексеру.

403-жаттығу. Көп  нүктенің  орнына  тиісті зат  есімдерді  қойып сөйлемдерді  көшіріп жазу болатын  жазған жаттығуларын  тексеру.

 «Сөзден  сөз тер»  ойыны

Ойынның  шарты:   Бауырсақ  сөзінен  сөзіне  бірнеше  сөз теріп жазу.

III.  Өткен сабақты бекіту.

Етістік деген не?

Етістік қандай  сұраққа жауап береді?

Дара етістік деген не?

Күрделі  етістік  деген не?

Дара етістікке мысалдар айтыңдар.

Күрделі  етістікке мысалдар айтыңдар.

  1. Жаңа сабақ

«Сөзжұмбақ  шешу»

1.Тілден ұшып  құлаққа  қонады. (Сөз)

2.Қанаты бар ұшпайды,

Су астында қыстайды. (Балық)

  1. Жатса да үш ай көгенде, тіл үйірер жегенде. (Қауын)
  2. Қанаты жоқ ұшады,

Аяғы жоқ қашады. (Жел)

  1. Жылт-жылт етеді,

Жылғалардан  өтеді. (Су)

  1. Дегендей ешкім тимесін,

Алыпты  қадап  инесін. (Кірпі)

  1. Өзі жап-жас мұрты бар

Ет пен  сүтке ұмтылар. (Мысық)

Қандай  сөз шықты?  «Сын есім»  сөзі шықты. Олай  болса,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы:  «Сын есім»

Қызығушылықтарын  ояту.

-Балалар  мынау не?

-Алма.

-Иісі қандай?

-Жұпар  иісті, жағымды.

-Үлкен.

-Түсі қандай?

-Қызыл.

Яғни, біз  бір заттың  сындық  ерекшеліктерін  атадық.

Ереже  шығарайық.

Заттың  сынын, сапасын, түрін,  пішінін  білдіретін  сөздерді сын есім дейміз. Сын есім қандай?  қай? сұрақтарына жауап береді.

Қазақ тілі өте бай тіл. Оның  құрамында  әлденеше  мыңдаған сөздер бар. Сол сөздер құрамына, қызметіне қарай  бірнеше  топқа  бөлінеді. Зат есім  заттың,  құбылыстың атын  білдірсе,  етістік  сол заттың  қимылын, іс-әрекетін білдіреді, ал сын есім  сол заттың   түрін,  түсін,  сапасын  білдіреді.

Ой шақыру  стратегиясы .

Оқушыларға сын есімнің ережесін айтқызу.

  1. Заттың түрін,  түсін  білдіреді:  ақ,  сұр, қызыл т.б
  2. Заттың көлемдік,  салмақтық  белгісі: биік, кіші, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл.

3.Заттың  сапалық  белгісі, сипатын  білдіреді: жақсы, жаман, зерек, ақылды.

  1. Заттың дәміне сипатталған  белгілер: ащы, тәтті, қышқыл.

 Венн  диограммасы


Заттың  түрін,  түсін,сапасын  білдіреді.  Қандай?   Қай?  деген  сұрақтарға жауап береді.
Заттың  қимылын, іс-әрекетін білдіреді . Не істеді? Неғылды? Қайтті?  деген сұрақтарға жауап береді.

Ортақ  қасиеті   екеуі де  сөз таптары.

Ойын  «Ойлан, тап!»

Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл тәп-тәтті.  (Қарбыз)
Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Олар заттың  несін  білдіріп  тұр?    (түсін,  сапасын,  дәмін)

  1. Оқулықпен жұмыс.

407-жаттығу. Өлеңді оқып,қарамен жазылған сөздер нені  білдіреді?

408-жаттығу.
Мақалды жатқа жаз. Сын есімдерді тауып қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен   көрсету. Мақалдың мағынасын  түсіндіру.

Жақсы адам –елдің ырысы,

Жақсы жер-жанның тынысы.
3. Сергіту сәті.

 «Мен қандаймын?» ойыны

Шарты:  Сыныптағы  әр оқушы  өзінің  аты қандай  әріптен  басталса,  оған  сол  әріптен  басталатын  сын  есім  сөзін қосып айтады. Мысалы: Айнұр-ақылды.  Әйгерім- әдепті, Санжар-сыпайы.

409-жаттығу. Жуас, қалың  тегіс  сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

Тақтаға  құраған  сөйлемдерін жаздыру.
Кім зерек? ойыны

Ойынның шарты:  Cуреттегі заттың  атын,түсін және дәмін  ажыратады.. Міне, осылай түр мен түсті қайталауға болады.

410-жаттығу.Бағандағы  сөйлемдерді  салыстыру. Сын есімнің  не үшін  қажет  екенін дәлелдеу.

  1. Сабақты бекіту.

Ойын. «Тез ойла, сөз ойла»
Тәтті, жасыл, әдемі
“Бұл не?” ойыны.

Сипатталған заттарды тап.

Ақ, тәтті, қатты, ұсақ – бұл  не?  (Қант)

Домалақ, жұмсақ, үрленген – бұл не?  (Шар)

Ащы, қызыл, жасыл – бұл не?   (Бұрыш)

Тәтті, нәрлі, қызыл, сары, көк –бұл не?  (Алма)

Сын есім деген не? Ол қандай  сұрақтарға жауап береді? Сын есімге мысалдар  келтір.

  1. VI. Қорытынды..

«Сөз құрастыр» ойыны. Есептерді  шеше  отырып   «Үйге»  деген  сөзді  шығарып   алу

60-20  Ү   60+120  Г  35+40  Е  20+30  Й

40 50 180 75
Ү й г е

 

VІI. Үйге:411-жаттығу. 147-бет ,ережені  жаттау.
VІІI. Бағалау