Теңдеулер әлеміне саяхат

47

Семей қаласы Т.Ы. Аманов атындағы №16 мектептің математика пәні мұғалімі Чултуков Нартай Советханұлы

Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер әлеміне саяхат. (Слайд №1)

Сабақтың түрі:    Ой жарыс, білім сайыс сабағы.

Сабақтың типі:                 Практикалық сабақ .

Әдіс-тәсілі:                         Ұжымдық, топтық оқыту.

Сабақтың мақсаты : оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу.

Сабақтың міндеті: 

а) БІЛІМДІЛІК: теңдеулерді шешудің формулалары мен ережелерін өмірде, математикалық есептеулерде, практикалық іс-әрекеттерде қолдана білу ;

ә) ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдылығы мен ой ұшқырлығын қалаптастыру;

б) ТӘРБИЕЛІК: Есеп шешімін іздеу арқылы  қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке,  дәлдәкке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интереактивті тақта, тапсырмалар жазылған парақтар (слайдтар).

Сабақтың барысы :

  1. Ұйымдастыру .

Оқушыларды түгендеу. Топтарға бөлу. Сабақтың мақсатымен және сайыстың шарттарын қысқаша  таныстыру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару (слайд №2).

Үй жұмысын тексеру.

  1. Қайталау – білім анасы. Әр топқа қайталауға арналған сұрақтар қою.

І кезең «Нысана» (слайд №6)

  • Квадрат теңдеудің анықтамасы;
  • Келтірілген квадрат теңдеулер;
  • Толық квадрат теңдеу;
  • Толымсыз квадрат теңдеу.

Жауаптары: слайд №7.

ІІ кезең «Қорамсақ» (слайд №8):

  • Толық квадрат теңдеулерді шешу формулалары (әр формула 1 ұпай);
  • Дискриминант сөзінің мағынасы (1 ұпай);
  • Толымсыз квадрат теңдеулерді шешу жолдары (әр түрі 1 ұпай);
  • Виет теоремасына кері теорема (2 ұпай);
  • Рационал теңдедің анықтамасы (1 ұпай);
  • Рационал теңдеуді шешу алгоритмі (2 ұпай).

ІІІ кезең «Жебе» (слайд №10): Әр топ қалауы бойынша 7 ғаламаттың біреуін таңдайды, сол ғаламаттың артында жасырылған тапсырманы топпен орындайды.

  • Тадж Махал: 1) -12; -2. 2) -1; 2. 3) -2; 1/3.
  • Қытай қорғаны: 1) -13. 2) -6; 4. 3) –1; 1,5.
  • Египет пирамидасы: 1) -2; 10/3. 2) -1/3. 3) 3; 4.
  • Колизей: 1) -1/2; 4/3. 2) 3/2. 3) 5.
  • Дубай: 1) 0. 2) -3. 3) 4/3.
  • Мұнара: 1) -2; 10. 2) 0,5; 5/4.      3)-5,5; 1.

ІV кезең «Мерген» (слайд №17): Бұл кезеңде тиісті жолақтарды таңдау арқылы әр топ берілген түбірлер бойынша теңдеулер құрып, шапшаңдықпен  шыңның басына шығу керек.

1-нші саты. Жауаптары.

Күлгін  түсті жолақ:

Жасыл түстіжолақ:

Қызыл түсті жолақ:

Сары түсті жолақ:

2-нші саты. Жауаптары.

Күлгін  түсті жолақ:

Жасыл түстіжолақ:

Қызыл түсті жолақ:

3-нші саты. Екінші коэффициенті -15, ал түбірлерінің бірі екіншісінен екі есе артық болатын квадрат теңдеу құрыңыз.

 Жауабы. (слайд №21):

V кезең «Көкпар» (слайд №22): оқушылардың логикасы мен ой ұшқырлығын, интеллектуалдығын бақылау сұрақтары:

  1. ХV ғ. Самарқанд ғалымы, “Арифметика кілті” еңбегінің авторы? (Әл-Каши).
  2. Әріпті өрнекті енгізген ХVІ ғ фрацуздық көрнекті математик? (Франсуа Виет).
  3. “Хисаб ал-джебр вал-мукабала” еңбегінің авторы, ІХ ғ. Орта Азияның белгілі математигі? (Әл–Хорезми).
  4. Мектебіміздегі №15-і кабинет кімнің атымен аталған? (Жомарт Базенұлы).

 

  1. Қорытындылау. ( слайд №23)

Кез келген квадрат теңдеуді шешуге болады. Ол үшін:

  1. жалпы жағдайда ДИСКРМИНАНТТЫ табу формуласын біліуіміз қажет, оның үш жағдайын. D>0. D=0. D<0;
  2. Келтірілген квадрат теңдеу болғанда, оны Виет теремасы арқылы шешу;
  3. a+b+c=0 және   a+c=b дербес жағдайларды мұқият ескеру:

д) Рационал теңдеулерді шешкенде ең бірінші ММЖ-ны анықтау, БӨГДЕ түбірден сақ болу.

  1. Үйге тапсырма беру. № 182, 184.  ( слайд №23)
  2. Бағалау. ( слайд №24)

 

Шығамын десең биік шыңның басына,

Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.

Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,

Тула, толқы, тебірен бірақ тасыма!

 

Назарларыңызға рахмет! Сабақ бітті.