Қорытынды. Қайталау

Сабақтың  тақырыбы .  Қорытынды.  Қайталау

Мақсаты:Халықымыздың мәдениетіне,  көнеден келе  жатқан өнеріне  сүйіспеншілігін  арттыру.

Керекті  құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз,  жұмсақ  өшіргіш.

Көрнекіліктер:  Ою-өрнек  үлгілері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

 

 

Қайталау:

Бүгінгі  қайталау  сабағын  ойын  арқылы  өткізейік.

«Шынжыр » ойынын  біз  білеміз.  Оқушы бір біріне өтілген  тақырып  бойынша  сұрақтар қойып, өз білімдерін  тексереді.  Білмей қалған  оқушы  шынжырды  үзіп, ойыннан  шығады.

Өткен сабақта ою-өрнектің шығу  тарихы,  даму жолы, көне ою-өрнек  түрлері, аталуы  және қолданылатын  терминдермен  танысып өттік. Ал енді   сол білімімізді  еске алып  көрейік.

Сұрақтар:

  1. Ою-өрнектің пайда болу тарихы.
  2. Ою-өрнек сөзінің мағынасын  түсіндер.
  3. Ою дегеніміз  не?
  4. Өрнек өрнек дегеніміз не?
  5. Осы кезге дейін ою — өрнектің неше  түрі анықталған?
  6. Ою-өрнек неше топқа бөлінеді?
  7. Колорит дегеніміз не?
  8. Композиция дегеніміз не?
  9. Ырғақ дегеніміз не?
  10. Ою-өрнекте симметрияның маңызы.

 

Қорытындылау.

 

Үйге  тапсырма .  Қайталау. Үлгілер дайындау.