Үшбұрыштың түрлері тақырыбына есептер шығару

 

Сабақтың тақырыбы:      Үшбұрыштың түрлері тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

Біліміділік:          Оқушыларға үшбұрыштың түрлеріне, периметрін таба

білуге есептер шығару барысында, есептеу дағдыларын

қалыптастыру, алған білімдерін тиянақтау.

                Тәрбиелік:            Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен

ұштастыру, ұйымшылдыққа, жинақтылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

      Дамытушылық:            Алған білімдерін дамыту, жекеленген тапсырмалар беру арқылы

ізденіске құштарлықты дамыту.

Сабақтың түрі:                   Деңгейлеп және саралап оқыту.

Сабақтың көрнекілігі:      Сызғыш, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:                       І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын түгелдеу.

ІІ. Ой қозғау  (Үй тапсырмасын сұрау).

ІІІ. Қызығушылықты ояту.  Деңгейлік тапсырмалар.

ІҮ. Өзіңді-өзің тексер.

Ү. Өзіңді -өзің жаттықтыр.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма.