Сабақта сөзжұмбақтарды пайдалану

114

Тақырыбы: Сабақта сөзжұмбақтарды пайдалану.

    Оқушылардың Сабақта сөзжұмбақтарды пайдалану туралы білім біліктерін  бекіту, тапсырмаларды орындату арқылы танымдық қызығуын, шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзара ынтымақтастыққа, таза, сауатты, қатесіз жазуға төселдіру үшін өткізген аралас сабақтарымда сұрақ-жауап, талдау, жартылай іздену әдістері. Оқушының дамыта оқытуды идеясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда, мынадай схема бойынша қарастырдым.

Осы схема арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру  үшін сөзжұмбақтар падаланған жөн.

 

1.Айтқанға сене алатын бала.

2.Сыныпты артқа таратын оқушы.

3.Оттың  жалыны.

  1. Батырдың антонимі.

5.Біздің сыныптағы балалар қандай?

6.Тез ұстатпайтын жылқы.

  1. Жылан қандай болады?

8.Қазақстан халықтары қандай?

  1. Түйе шөлге қандай жануар?

Сонымен,  тұрлаусыз мүшеміздің бірі-анықтауыш туралы сөз еттік.

Оқушыларға « Табиғат- адам- қоғам» бірлестігінің маңызын, отбасы, адамның отбасындағы алатын орны түсінік беру үшін мынадай  сөзжұмбақтар қолдануға болады.

 

  1. Қой дегенде бар,

Лақ дегенде жоқ.

Ойда бар,бақта жоқ. (О)

  1. Рәміздің бірі. (Ту)
  2. Еңбек құралы. (Балға)
  3. Ең жақын адам. (Ана )
  4. Уақытты немен белгілейміз. (сағатпен)
  5. Ырыс алды-…. (ынтымақ)

Осы сөзжұмбақ арқылы Отанның-отбасынан басталатынын айту.

Ал мына сөзжұмбақ арқылы жаңа сабаққа түсіп алуға болады.

 

1.Көктемгі жапырақ түсі.

  1. Жапырақтың қоректік заттарының бірі.

3.Тыныс алу мүшесі.

  1. Желтоқсан,қаңтар, ақпан жылдың қай мезгілі.

5.Жапырақтың қоректік заттардың бірі?

  1. Жапырақ қайда орналасқан?
  2. Гүлдің өсуіне не әсер ететін соның бірі?

 

Ертегілер еліне саяхатқа шығайық. Оқушылардың халық ауыз  әдебиетінің үлгісі «Бауырсақ» ертегісіне сөзжұмбаққа қарайық.

 

 

  1. Жерді де мекен етеді,

Көлді де мекен етеді.

  1. Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүйрігі.

  1. Қыстай жатар ұйықтап,

Көктем келсе шығар

Сыртқа жылтыңдап.

Бұл не?

  1. Төрт түліктің жауы,

Түзде жүрер көк сері.

Бұл не?

  1. Тоқыған ауа-

Шыбынның жауы.

  1. Шөп-жем беріп бағасың,

Сүтін сауып аласың.

  1. Ағашқа қонады

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ соғады.

  1. Аппақ қардай тоны,

Күжірейген жоны.

Көзі қызыл  моншақ,

Білесіңбе оны?


Мұғалімнің басты мақсаты –терең де тиянақты білім беру, ал сапасын арттыру үшін, әр мұғалім шығармашылықпен жұмыс жасау қажет. Мұғалім пәнді өзі жетік білумен қатар, оны оқушыға  меңгерту үшін, әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі тиіс деп ойлаймын. Мен осы СТО технологияны пайдаланып отырдым.  Қазіргі кезде  мұғалім оқушыны оқытпау керек, оқушы өзі оқуы тиіс . Ал мұғалім оқушының оқуынын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруға басшылық жасауы қажет.
Сабақта сөзжұмбақтарды пайдаланудың арқасында сабақта оқушылардың есте сақтау қабілеті жақсы дамыды және де тез жауап беруге дағдыланды. Сөзжұмбақ арқылы өткен сабақтарғада шолу жасауға болады. Және де өмірмен байланысы бар. Оқушыларымның өткен сабақтарға жауап алуым жақсарды.