Г дыбысы мен әрпі

55

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой — өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс — тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, үнтаспа, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру :

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психологиялық дайындық
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін.
Қайырлы күн, қайырлы!
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау :
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау
— Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
1. Ү дыбысынан басталатын адам аттарын ата

  1. Үйрек деген сөзді кім жазып көрсетеді?
  2. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
    4. Үкі деген сөзге сөйлем құра
    5. Ү қандай дыбыс?
    — Балалар, сұрақ — жауап арқылы нені құрастырдық?
    — Гүл құрастырдық.
    — Барлығың гүл деп айтып көрейікші.
    — Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
    — Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
    ІІІ. Жаңа сабақ :

— Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз.
«Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:

— Бағандағы сөздердің мағыналарын түсіндіре отырып, хормен буынға бөліп оқыту. Слайд арқылы суреттерін көрсету.

—  «Ақ көгершін» өлеңін  мәнерлеп оқу. Мағынасына тоқталып өту. Авторы Н.Баймұхамедов туралы мағлұмат айту. Оқушыларға әуенін тыңдату.

Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Дәптермен жұмыс :
— Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
— Тақтаға үлгі көрсету.

— Ауада жазып көрсету.
ІҮ. Сабақты қорыту :

Ойын «Буындардан сөз құра»

Ше , шін , кө , ге , іл , гер , гіш , өшір  буындары арқылы сөздер құрату.

Ү. Үйге тапсырма : «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу , көгершіннің суретін салу ;

ҮІІ. Бағалау , мадақтау : Оқушыларға сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақтап , гүл шоқтарын табыс ету.