Тапқыр болсаң, талас жоқ

136

Тапқыр болсаң, талас жоқ

Интеллектуалды жарыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсете білуге үйрету.

                                 Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

                                 Тәрбиелілік мақсаты: болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Жан – жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді бекіту.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану.

Көрнекілігі: топ аттары жазылған қағаздар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.

  1. Психологиялық дайындық

Әрбір сабақ – үйрену, ұғу, ұлағат,

Әрбір ісің – тірлік, тірек, адалдық,

Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адамдық.

  • Балалар, бүгін біз сендермен «Тапқыр болсаң, талас жоқ» атты интеллектуалды жарыс өткіземіз. Жарысқа 2 топ қатысқалы отыр.

I топ – «Алғырлар»

II топ – «Тапқырлар»

Әділқазылар мүшелерімен жарыс ережесімен таныстыру. Жарыс 8 бөлімнен тұрады.

  1. Таныстыру
  2. Жыл он екі ай
  3. Кім тапқыр?
  4. Кім жылдам?
  5. Кім көп біледі?
  6. Білгенге маржан
  7. Сын сағаты
  8. Ұшқыр ой

1 – кезең: «Таныстыру» кезеңі бойынша әр топ басшылары өздерін таныстырып,ұрандарын айтады.

I топтың ұраны:

Нақтылы жауап, саналы шешім бере біл,

Қарсыластарды сайыстарда жеңе біл!

II топтың ұраны:

Неше сұрақ қозғайтұғын ойшылдар,

Шешуі сол сұрақтардың дәл шығар.

2 – кезең: «Жыл он екі ай» кезеңі бойынша тәулік, ай, жыл, сағатқа байланысты сұрақтар беріледі.

  1. Түнгі сағат онда 10 – да жаңбыр жауып тұрса, 24 сағатан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (мүмкін емес)
  2. Жыл он екі ай ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда)
  3. 120 минут неше сағатқа тең? (2 сағат)
  4. 2 жылда неше ай бар? (24 ай)
  5. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады? (2 сағаттан)
  6. Бір жұмыртқа 5 минут піседі. Бес жұмыртқа неше минутта піседі.
  7. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?
  8. Жамбыл Жабаев қанша жыл өмір сүрген? (100 жыл – 1 ғасыр)
  9. Жұмбақты шеш:

Бір ағаштың он екі бұтағы бар,

Әр бұтағында отыздан жапырағы бар.

Жапырақтың бір жағы ақ

Бір жағы қара    (жыл, ай, күн мен түн)

  1. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ерлан неше жаста? (8 жаста)

3 – кезең «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша  берілген сөзден жаңа сөз тудырады

Iтопқа :  Ботақан – ана, ат, бота, от, ата.

II топқа:   Қошақан – шана, қаш, Шоқан, ана, қан, ақ.

4 – кезең: «Кім жылдам?» кезеңі бойынша математика пәнінен сұрақтар қойылады.

  1. Мен бір сан ойладым, оған 30 – ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым. (50)
  2. 1 дм – де неше см бар?
  3. 9 – дан біреуі артық сан?
  4. 1 бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр?
  5. 5 ондық пен 7 ондық арасындағы толық ондық?
  6. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?
  7. Ұзындығы 2 см және 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап?
  8. Айнұрдың 8 жаңғағы бар еді. Біреуін ағасына берген кезде 2 – еуіндеде теңдей болды. Ағасында неше жаңғақ болған еді?
  9. Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастағанда, оның неше бұрышы қалады?
  10. Әтеш екі аяғымен таразыда тұрса 6 кг, 1 аяғымен тұрса қанша кг болады?

5 – кезең «Кім көп біледі?» кезеңінде  мақалдың жалғасын табу.

Өнер алды   —     ………..

Денсаулық  —   ………….

Білекті бірді жығар,

………………………………..

Отансыз адам  —  …………………………..

Білім —  өмір  ……………………..

Оқусыз білім жоқ,

………………………………………………

     6 – кезең «Білгенге маржан»  дүниетану пәні бойынша сұрақтар

  1. Қай құс өз атын қайталай береді?  (көкек)
  2. Құлағы үлкен жануар?  (піл)
  3. Ағаш тазалайтын орман дәрігері  (тоқылдақ)
  4. Шөлге шыдамды жануар?  (түйе)
  5. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кімшалшықта

Бірін – бірі мақұлдап,

Бірін – бірі жақтайды?   (бақа)

  1. Мойыны сұрақ белгісі,

Бұл қандай көл құсы?      (аққу)

7 – кезең «Сын сағаты» әр топқа сетуациялық сұрақтар қойылады.

I топқа:

Сабақта 2 алып қалдыңдар. Оған ұстазыңда, анаң да қатты ренжіді. Сол ренішті қалай өтер едіңдер?

II топқа:

Мектепке жаңа доп алып келдің. Ойнап жүріп досың добыңды жарып қойды. Не істейсіңдер? Үйлеріңе не айтасыңдар?

8 – кезең «Ұшқыр ой» ана тілі және қазақ тілі пәндері бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Үш биді ата?  (Төледи, Әйтеке би, Қазыбекби)
  2.  Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?   (42)
  3. Ертегінің қандай түрлері бар?  (қиял – ғажайып,)
  4. Диалог дегеніміз не?
  5. «Ою» сөзінде қанша әріп, неше дыбыс бар?  (2 әріп, 3 дыбыс)
  1. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы кім? (Ыбырай Алтынсарин)

7.Мәтін түрлерін атаңдар?    (сипаттау, пайымдау, әңгімелеу)

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)

Қорыту

 

Ақыл көпке жеткізер

Өнер көкке жеткізер

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену , жалықпау– деп сөз кезегі  әділ – қазыларға береміз.  ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАДАҚТАУ