Тапқыр достар

54

Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»

Сайыстың мақсаты:

Білімділік: Топта бірлесе жұмыс істеуге, басқа адамның жұмысын бағалауға үйрету;

Дамытушылық: Қатысушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау;

Тәрбиелік: Білімге деген қызығушылықтарын арттыру:

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация

Сабақтың жүргізілуі:

1.Кіріспе.

Диас: Хош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар!

Дильназ: Бүгін бізде өте қызықты кеш болғалы отыр.

Диас:Бұл қызықты сайысты жүргізетін біздер,сыныбымыздың көркі болған, сұлу қыздардың бірі: Қаржасбаева Дильназ.

Дильназ: Рахмет, және де сыныбымыздың сегіз қырлы бір сырлы ұлдарымыздың бірі: Сартаев Диас.

Диас  Ендеше сайысымызды бастайық!

Дильназ: Олай болса, ортаға тапқыр достарымызды шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

 

Диас: Сабағымыз сайыс болғандықтан әділ қазы да болуы.

Керек. Мектеп директоры Найманова Айгүл Зейноллақызы.

Дильназ: Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетова Төлеу Танауқызы.

Диас: Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шаяхметова Гүлнар Құстаубайқызы.

Дильназ: Дайын болсақ барлығымыз,ойын шартымен танысайық.

Диас: Біздің сайысымыз 6 кезеңнен тұрады. 1-ші кезең «Таныстыру»кезеңі

Дильназ: 2-ші кезең: « Кім тапқыр?»

Диас: 3-ші кезең: « Ойлан тап!»

Дильназ: 4-ші кезең: « Сөз тапқыш»

Диас: 5-ші кезең: « Кім жылдам»

Дильназ: 6ші кезең: « Өнерлі өрге жүзер!»

Дильназ: Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың,

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын-дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі Таныстыруды бастайық.

Диас: Олай болса бұл сайысты бірінші кім болып бастайтынын білу үшін жеребе арқылы анықтап көрейік, ендеше екі топтан бір- бір оқушыдан шығып екі қағаздың бірін тандайсыздар.

 

Диас: Сонымен сайысымызды бірінші болып «Сұңқар» тобы бастайды.

 

Диас: Рахмет, «Сұңқар» тобына қол соғып қояиық.

 

 

Дильназ: Келесі  «Тұлпар» тобы, кезек сіздерге!

 

Дильназ: Рахмет, « Тұлпар» тобына ду ғол шапалақ.

 

Диас: Бәрекелді. ал енді қолдарыңыздағы әріптеріңіз бойынша берілген сұраққа жауап береді деп.шарт бойынша өз әріптеріңізден басталатын ғана сөз айтуға тиіссіздер! «Кім жылдам» кезеңін бастаймыз.

Екі топ өздеріне қандай әріп түскенін айтып шықсын.

 

Диас: Жарайсыңдар! Ал енді бірінші болып «Сұңқар» тобынан бастайық:

  1. Кеше қайда болдың?
  2. Атың кім?
  3. Қазір қандай сабақ?
  4. Үстел үстінде не жатыр?
  5. Жазда не болады?
  6. Есік қаққан кім?
  7. Кіммен доссың?
  8. Қалтаңдағы не?
  9. Ысқырған кім?

10.Кімді жақсы көресің?

Жарайсыңдар! «Сұңқар» тобына қол соғып қояйық!

 

Дильназ: -«Тұлпар» тобы дайын болса, бастайық!

  1. Немен келдің?
  2. Ертең қайда барасың?
  3. Не ұшып бара жатыр?
  4. Түсіңде не көрдің?
  5. Ән айтқан кім?
  6. Қай қалаға бардың?
  7. Көктемде не болады?
  8. Сандықта не жатыр?
  9. Қасыңда кім?

10.Неден қорқасың?

-Рахмет! Бұл жауаптардың қаншалықты растығын әділ қазылар бағалай жатар?

 

Диас: Рахмет достар! Біз ойынды әрі қарай жалғастырамыз. Экранда бірнеше ұяшық бар. Таңдаған ұяшықты ашып,ондағы сұрақтарға жауап берсеңіздер, сол ұпайды қоржындарыңызға саласыздар. Қане «Сұңқар» тобынан бастайық, ойлануға 30 секунд. Сонымен « Ойлан тап кезеңін» бастаймыз.

 

Дильназ: Жақсы, ал енді достар экранда берілген « Сайқымазақ» атты сөздің құрамындағы әріптерден қысқа сөздер құрастырып жазуларың тиіс.Берілетін уақыт 1минут. Ал ендеше 1минут уақыт ішінде қай команда көп сөз жазады екен? Іске сәт! Сонымен « Сөз тапқыш кезеңін» бастаймыз.

 

Дильназ: Ал енді 1 минут уақыттарын бітті. Ал енді « Сұңқар» тобы жазған сөздерін оқып шықсын!

 

 Дильназ: Жақсы « Сұңқар» тобына қол соғып қояйық.

Диас: Келесі «Тұлпар» тобы өз сөздерін оқып шықсын.

Диас: Жарайсыздар! Сонымен бұл сыннан өттіңіздер,ендігі тапсырма топ мүшелері кезектесіп 1 минут ішінде сөздерді көрермендерге тек мимикамен көрсетіп, шештіре алу керек. Әр топқа 2минут уақыт беріледі. Сонымен         « Кім жылдам?» сайысын бастаймыз! Бірінші болып « Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз.

 

Диас:  Жақсы, уақыт аяқталды, келесі « Тұлпар» тобын ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз!

 

Дильназ:-Тамаша! Міне, ойынның да аяғына жеттік. Енді шешуші кезең әр топ өнер көрсету керек. «Өнерлі — өрге жүзер» дегендей, бұл сайыстан сүрінбей өтіңіздер.Қай топ дайын? Сол топты ду ғол шапалақпен ортаға шақырамыз!

 

Диас: Қанекей достар шапалағымызды аямаймыз! Келесі топты жақсы көңіл күймен  ортаға шақырайық!

 

Дильназ: — сендерге рахмет! Ал енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік!

 

Диас:-Енді, жеңген тобымыздың жеңілген топқа бұйымтайы бар екен. Сіздер не бұйырасыздар, жеңілген топ соны орындауы керек.

 

Дильназ:-Сіздер барда, біз де аман боламыз. Көп-көп рахмет!

Диас: Келесі кездескенше сау болыңыздар! Осымен сабағымыз да аяқталады.