16 желтоқсан Тәуелсіздік күні

Тәуелсіз   елім  — тірегім

Сабақтың тақырыбы: «16  желтоқсан  Тәуелсіздік  күні»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресімен, қол жеткен жетістіктермен қысқаша таныстыру.
  2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге  тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі  үшін аянбай күресуге және еңбек етуге баулу.
  3. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: «Тәуелсіздік — тұғырым» атты қабырға  газеті, Қазақстан Республикасының  рәміздері, нақыл сөздер, мақал – мәтелдер, плакаттар, буклет, үнтаспа, суреттер, т.б.

Сабақтың түрі: Әдеби – көркем монтаж.

Әдісі:  Топпен жұмыс.

 Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

Әнұран орындалады:

Мұғалім сөз алды:

Қайырлы күн қымбатты ата – аналар ұлағатты ұстаздар! Және оқушылар. Елбасымыздың Н.Ә. Назарбаевтың «Еліміздің болашағы – жас ұрпақтары  қолында, жас ұрпақтың болашағы – ұстаздардың  қолында  демекші». Егеменді  еліміздің іргетасын  қалаушы да нығайтушы да осы шәкірттер. «Отан үшін – отқа түс күймейсің» деп ұлы батыр атамыз Б. Момышұлы  айтқандай біздің туған еліміз  Қазақстан Республикасы. Отан деген қасиетті ұғым. Отанымызға туған  халқымызға адал қызмет ету – біздің азаматтық борышымыз. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаны қазақ  тарихында ұмытылмастай күн! Олай болса  бүгінгі мереке сіздер үшін де,біздер үшін де мереке. Тойларының тойға ұлассын. Шәкірттер атаның ұлы емес, халықтың ұлы болсын! Менің елім – Тәуелсіз қазақстан атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!  Енді  кешімізді бастауға  рұқсат  етіңіздер.

    Сөз  кезегі  оқушыларға

 

Оқушы:   О, халайық  құтты болсын

Қуанышың  шат күнің

Баянды боп бейбітшілік  бақ күнің

Құт береке, бақ – дәулет ырысың!

Ортаймасын, айналайын халқым  менің!

Оқушы:  Атыңнан айналайын егемен ел

Тәуелсіз  күнің туды кенеле бер

Мерейін құтты болсын егемен ел

Ғасырдың тойы болсын келе берер

Оқушы:  Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар

Көп алқапты жасыл жайлау далам бар

Ел бірлігін, ел тірегін  тілеген

Ақ ниетті халық деген данам бар.

Мұғалім:  Балалар біз осы тәуелсіздікке қалай жеттік?

Оқушы:     Елбасымыздың арқасында

Мұғалім:  Тағы да кімдердің арқасында  қол жеткіздік?

Оқушы:     Желтоқсанда құрбан болған аға әпкелеріміздің арқасында!

Қазақ халқының ең соңғы өліп, тірілуі – біздің халқымыздың қайғы – қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылы  Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды.264 адам жоғарғы оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан, 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды., әр түрлі жазалар берілді.Қазіргі күнде 16 – 17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін  жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен ақталды.

Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн  орнатқан қайсар аға – апаларымыз- Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

Оқушы: Тәуелсіздік бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары .

Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

Оқушы:  Тура келіп тарихи бір орайға

Тәуелсіздік түстідеме оңайға.

Бастан өткен «Шұбырынды ақтабан»

Не көрмеді қазақ елі соны ойла.

Оқушы:   Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр ұрпақтың құрбандары  жеткілік

Дербестікке кім сұрамақ басқа құн

Мұғалім сөзі:    Туым – теңдігім

Елтаңбам-елдігім

Әнұраны – айбыным

Демекші елімздің  елтаңбасы , әнұраны көк байрағы бар. Ал балалар, осы тәуелсіздік жемістерін еске түсірейікші. Еске түсіру үшін «Ойнайық та ойлайық» деген атпен ойын ойнайық. Мен сендерге сұрақ қоямын. Сендерге соған жауап бере қойыңдаршы.

  1. Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелсіздігін алды?

Оқушы: 1991 жылы еліміз  тәуелсіз мемлекет болып  жарияланды.

  1. Қазақстан Республикасы астанасы қай қала?

Оқушы: ҚР астанасы Астана қаласы . 1996 жылы еліміздің астанасы Ақмола қаласына көшірілді, 1997 жылы Астананың тұсау кесер тойы болды.

  1. Еліміздің рәміздері қашан қабылданды және авторлары кім?

Оқушы:  1992 жылы 4 маусымда еліміздің рәміздері қабылданды.

  1. ҚР Ата Заңы қашан қабылданды?
  2. Теңгеміз қай жылы шықты?

Оқушы: 1993 жылы 15қараша ҚР Ұлттық ақшасы теңге айналымға енді.

  1. Тұңғыш ғарышкеріміз кім?.

Қорытынды сөз: Тәуелсіздік  үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай  бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбаттымыздай  құрметтей білейік.

Елтаңбамыз ажарлы , әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін!

Еліміздің , елдігіміздің белгісі – көгңлдір туымыз, қасиетті  көк байрағымыз көкте қалықтап , желбірей берсін!

Сабағымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш – жігерін салған  оқушылар, сіздерге рахмет!

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз – аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат – ниеттеріңіз үшін сіздерге  зор алғысымды  білдіргім келеді! Осымен сабағымызды әдеттегідей  музыкалық қоштасумен аяқтаймыз.