Тарихқа тұнған туған өлкем

143

Сабақтың тақырыбы : Тарихқа тұнған туған өлкем

Мақсаты:  Туған жерін, елін сүюге, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.  Туған жер тарихын зерттеуге қызығушылықтарын ояту.

Туған жеріміздің тарихы туралы  түсінік беру, өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет-ғұрып, салт –дәстүрін сақтап,  әрі қарай  жалғастыруға тәрбиелеу.

Туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру, Қазақстанды  өркендетуге  білімді адамдар керек  екенін  түсіндіру.
Сабақтың түрі:  танымдық сабақ
Көрнекі құралдар: Орал қаласының тарихына шолу- слайд, сурет  көрмесі,жерлес ақын  Қ.Мырзалиев, А.Бақтыгереева  шығармашылылығынан көрме.

І.Ұйымдастыру бөлімі.

(Орал қаласы туралы слайд жүріп тұрады)
1-Жүргізуші: Гүлхан
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде-құрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам,
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!
2-жүргізуші:Нұрбол
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белдер сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

Сәлеметсіздер ме, құрметті мұғалімдер және оқушылар!
Бүгінгі «Тарихқа тұнған туған өлкем» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

І.Қызығушылығын ояту  слайд №1  Слайдта не көріп тұрсыңдар?

Мүғалім :Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер намысты  ұрпақ   бойында  ұлттық сана  көрініс  тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне  деген  сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың  қалыпты  дамуы, өркениетке  ұмтылу жолындағы  нәтижелі  көрінісі болып саналмақ.

Олай болса құрметті қонақтар барлығымыз сүйікті қаламыз Ақ Жайығымыздың көрнекті жерлеріне саяхат жасайық. (слайдта көрсетіледі)

2-жүргізуші: Келесі кезегімізді «Өз қалаңды білесің бе?» айдарына береміз.

.Балалар, Орал қаласы  қаласы биыл қанша жасқа толып отыр?
Ендеше, Орал, Теке, Жайық атына ие болған жылдан бастап осы жыл аралығында қалада қандай маңызды тарихи оқиғалар болғанына көз жүгіртелік:
Ақ Жайық өзенінің бойында негізі қаланған  Орал қаласы өзінің тарихын ғасырлар қойнауынан алады. 1613-жылдары Орал қалашығы салынды. Орал қаласы  Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысының сағасында негізі қаланған. Қала  Жайық қалашығы деп аталған. Қаланың ең көне бөлігі – «Курени» ауданы деп аталады. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына,  Жайық қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған,үйлер әлі де сақталған

    Оқушылардыңшығармашылығы  /өлеңдерін оқу/

Қаланың көне бөлігінде орналасқан ең көне ғимарат- Михайл-Арханегль  шіркеуі. Қазіргі таңда «Ескі шіркеу» атауын алған бұл ғимарат ХҮІІІ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып саналады. Слайд 2
Тарихы терең ғимараттардың бірі- бұрынғы атаман үйі.Слайд 3. Ғимарат 1825 жылы әскери архитектор М.Дильмединоның италиян стилінде салынған. Осы үйде В.А. Жуковский, В.И. Даль, Л.Н. Толстой, сондай-ақ А.С. Пушкин де болған. Ғимарат ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші ретінде мемлекеттің қарауында.

Еліміздің барлық халықтары тәрізді қазақ халқының да А.С. Пушкинге деген ілтипаты ерекше. Ол адам үшін де, әр буын үшін де – қашан да ерекше жаңалық, жаңа бүтін бір дүние, өзгеше көркемдік дүниесі шетсіз-шексіз өнер мұхиты, поэзия мұхиты. Даңғайыр ақын кезінде қазақ даласында болып, Россияға қосылған көршілес халықтың өмір-тынысымен танысқан. Екі ел арасындағы дәстүрлі достықты дәнекерлей түсетін оқиғаның бірі – ұлы Пушкиннің Оралға келуі. Жайық өңірі көптеген даңқты адамдар аралаған өлке. Солардың арасында бұл өңірге А.С. Пушкиннің де табаны тигендігін Оралдықтар ұрпақтан- ұрпаққа жеткізіп, зор мақтан етеді.

Жоқ, өлмен, жаным тірі өлеңімде,

Жаңғырады, құрымайды денем мүлде,

Жалғанның жарығында мен ардақты,

Жасаса жалғыз ақын керегі не…,- деп ақын өзі жырлағандай (ауд.Б.Бұлқышев), оның өлеңі де, өзі де халықпен бірге жасай береді.Сондай-ақ ел аузында Махамбет пен Пушкин кездесіпті деген «ауызша дерек» айтылып жүр. Ғылым, оның ішінде әдебиеттану ғылымы да «ауызша деректермен» жасалмайды. Пушкин қазақ жерінде бір сапарында ғана болғаны талассыз. Ол күндер 1833 ж. 18-23 қыркүйек аралығы. Пушкин өз елінің досы қазақ халқын таза махаббатпен сүйді. Өзінің шығармашылығымен екі елдің арасындағы шынайы достықты нығайтып, топас тобыр шеттеткен мейрімді қазақ халқын өз бауырына тарта түсті.  Орал қалаларында ақынның ескерткіштері бар. Орал қаласындағы Пушкин тоқтаған үй мұражайға айналыды.

Музей меңгерушісі – Танабаева Сара Есқайырқызы.       Мекен-жайы: Орал қаласы, Достық даңғылы 168
ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткіші болып саналатын  тағы бір  тамаша ғимарат «Ванюшиндер үйі» деп аталады. Слайд 4.

1880 жылдар шамасында  ағайынды көпестер Ванюшиндер  салған  бұл үйде Коммерциялық клуб, сауда орындары болған. Қалалықтар арасында «Карева» үйі  атауымен белгілі ғимарат 1900 жылы тұрғызылған. Ол үйді миллионер көпес А.Т. Карев бастап салған

«Дыбыстар сөйлейді» /Слайд 5
А — Атадан балаға аңыз болып айтылар жарқыраған Ақжайық.
Қ — Қадыр мен Ақұштап сынды ақындардың туған өлкесі – Ақжайық.
Ж-  Жайнаған гүлге толы сұлу қала-Ақжайық.
А-  Ата мен балаға сыншы бола білген қала-Ақжайық.
Й-  Игі істердің бастауына айналған жарқын қала – Ақжайық.
Ы-  Ынтымағы мен достығы жарасқан қала – Ақжайық.
Ғ-  ғимараттары бой көтеріп, көркіменен тамсандырған –Ақжайық.
Ы — Ысқырған аязы мен суық қысы бар – Ақжайық.
М — Мәдени ошақтары көп кездесетін қала – Ақжайық.

  1. Ескерткіштер сыр шертеді. /Слайд/
    Халықтың сыйы басым ерге деген,
    Сыр түйдім ескерткішті көргенде мен.
    Тіріде таға алмаған жұлдызы тұр
    Орын ап жалын атқан өр кеудеден…
    Абай ескерткіші.
    Абай өткен «қалың ел-қазағым…» – деп,
    Жүректегі дертіңді жазамын деп
    Қолдан келер қайран жоқ,
    Жырға сусап
    Ой құдығын ел үшін қазамын тек…
    Жұбан ескерткіші.
    Тоз-тоз болды жазира, құлан дала,
    Көгімізде тұрды тек ұран ғана.
    «Мың өліп, мың тірілген қазақпын», – деп
    Қалай айтқан дәл тауып Жұбан аға?!
    Мәншүк Мәметова ескерткіші.
    Темірдей суға салған көрікшінің
    Алады қас батырлар өліп тыным!
    Кей кезде ерлік жасау қыз түгілі
    Қолынан келмес әрбір бөріктінің!
    Болғанмен қан майданда мәңгі құрбан,
    Тұрғанда елі тыныш, халқы да аман,
    Өшпейтін ерлігімен өзі бүгін
    Шығысқа жұлдыз болды жарқыраған!

/Ақжайығым/ әнін тыңдау

Ән орындалған кезде қандай сезімде болдыңыздар?

Туған өлкемізге туған күні қарсаңында қандай тілек айтасыз

Мақалдың жалғасын тап Слайд 5/

 Отансыз адам — … ,

Ел іші —  … .,

Отан  ….  ыстық,

Туған  жердей –…,

Туған елдей –……………

ІV.Қорытындылау

Өз қалаң туралы не білдің?

1.Орал қаласының іргетасы  қай жылдары қаланған?
2. Оралдан шыққан атақты адамдардан кімдерді білесіңдер?
3. Оралда  тарихи ескерткіштер бар ма?
4.Орал қаласының қандай көрнекті жерлерін білесіңдер?
5.Қаламызда қандай ескерткіштер бар?