Алгебра-7сынып «Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығарту

Алгебра7сынып «Қысқаша көбейту формулаларына есептер шығарту

(сайыс сабақ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін арттыру.

  1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.
  2. денгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;
  3. дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;
  4. оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Дамытушылық: логикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылығын       дамыту.

Тәрбиелік:

Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сөйлемді аяқта

  1. Екі өрнектің квадраттарының айырымы …

осы өрнектердің айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең

  1. Екі өрнектің қосындысының квадраты …

бірінші өрнектің квадратына,плюс екі еселенген бірінші   және екінші өрнектердің  көбейтіндісінің плюс екінші өрнектің квадратына  тең

  1. . Екі өрнектің айырымының квадраты…

бірінші өрнектің квадратына, минус екі еселенген бірінші және екінші  өрнектің көбейтіндісіне плюс екінші өрнектің квадратына тең.

  1. Екі өрнектің қосындысының кубы ….

бірінші өрнектің кубына,пюс бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне,плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне,плюс екінші өрнектің кубына тең

5.. Екі өрнектің айырымының кубы….

бірінші өрнектің кубына,минус бірінші өрнектің квадраты мен екінші өрнектің үш еселенген көбейтіндісіне,плюс бірінші өрнек пен екінші өрнектің квадратының үш еселенген көбейтіндісіне,минус екінші өрнектің кубына тең

  1. Екі өрнектің кубтарының қосындысы…

осы өрнектердің қосындысына олардың айырмасының толымсыз квадратының көбейтіндісіне тең

7 Екі өрнектің  кубтарының айырымы…

осы өрнектердің айырмасы олардың қосындысының толымсыз квадратына көбейткенге тең

Ұшқыр ой

Қысқаша көбейту формулалары

Берілген сөйлемге өрнек құрастыр.

1) 4х және 7 санының айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі;               (4х-7)(4х+7)

2) в және 5а өрнектерінің айырмасының квадраты;  (в — 5а)

3) 2х және 1 өрнектерінің айырмасы мен қосындысының көбейтіндісі.        (2х-1)(2х+1)

Қатені түзе

Мына өрнектерді өз бағандарына жаз.

Кестені толтыр :

“?” Белгісінің орнына қандай  өрнек жазу керек?

Сөз жұмбақ

  • Бірдей көбейткіштерден тұратын көбейтіндіні  не деп атайды?
  • Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысы

Жауабы:

Үй тапсырмасы:

Қысқаша көбейту формулаларын жаттау