Үлпілдек жүнді балапан

Тақырыбы: «Үлпілдек жүнді балапан»

Мақсаты:Балапанды бейнелеудемақтаны саусақтарымен жұлмалау арқылы саусақ маторикасын дамыту,желіммен,акварельді бояумен жұмыс жасау әдістерін  меңгертуді жалғастыру. Тақпақ жаттату арқылы есте сақтауға, мәнерлеп айтуға  дағдыландыру, тілдерін дамыту.

Көз мөлшерін,түс пен ырғағын сезінуін,көркемдік талғамды қабылдауын дамыту.

Ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелей отырып,құстарға қамқор болуға баулу.

Құрал-жабдықтар:Мақта, желім,акварельді бояу,суқұйғыш қылқалам, қағаз сүлгі.

Сөздік жұмысы:балапан, үлпілдек, мекен.

Әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБаланың іс-әрекеті
Мотивациялық-

қозғаушы

1.      Ұйымдастыру

Балаларды топқа кіргізу.

2.      Сәлеметсіңдер ме балалар?! Бүгін біздің тобымызда қандай ерекшелікті байқап отырсыңдар?

3.      Дұрыс балалар, олай болса

бәріміз « шаттық шеңберіне» жиналайық

 

Сәлем саған алтын күн!

Сәлем саған көк аспан!

Сәлем,сәлем достарым!

Армысыздар қонақтар!

Болсын бүгін ерекше,

Сізге,бізге сәтті күн!

Тамаша балалар,орнымызға жайғасайық.

 

Балалар, білесіңдерме ? бүгін мен сендерге жапсырудың  тағы бір жақсы  түрін үйретемін.

Қазір нені жапсырып, үйренетінімізді білу үшін мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.

Балалар:

қонақтар келіп отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қонақтармен, бір-бірімен амандасады.

 

 

Іздену-

ұйымдастырушылық

 

 

 

4.      Жұмбақ жасыру арқылы, тәрбиеші жаңа ұйымдаса жасалатын жұмыстың тақырыбын ашады.

Ақ сарайды талқандап,

Шықты біреу қалтаңдап.

Жұмбақтың жауабын шешкеннен кейін,жұмыртқадан балапан шығады.(арнайы дайындалған)

Балапан:

Үлпек сары балапан,

Мен боламын балақан.

Келдімсізге қонаққа,

Соқшы кәне,алақан!

5.Жұмыртқадан шыққан балапанның түр-түсіне назар аударту.Тақтадағы дайын жапсырылған балапанға назар аударту.Мақтадан үлпілдек жүн жасауға үйрету.

Үлпілдек сөзінің мағнасын түсіндіру (жұмсақ, мамық )

6. Балаларға дайын бастырма тарату, өздіктерінен жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру.

а)Арнайы бастырылған балапан суретіне желімді жағып мақтадны жапсыру.

Сергіту сәті:  Би «Шеп-шеп шөжелерім»

б) Мақтаның үстінен акварельді бояумен сары түскетұмсығын,аяғын қызыл түске бояу.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмбақтың жауабын шешу: (Балапан)

 

 

 

 

 

Қолдарын шапалақтайды.

 

Балапан мен мақтаның түстерін ажыратып, қандай түстерге бояу керектігін айтады.

 

Желімді жағып, мақтаны жұқалап жапсырып,қажетті түске бояйды.

 

 

Рефлексивті-

корригиялық

Дидактикалық ойын: «Құстардың мекенін тап»

Тәрбиеші балаларға құстардың адамға пайдасын айтып,оларға қамқор болуға шақырып, өлең шумағын жаттату.

Жем бергенде, жем жейді, «Кел!» дегенде келмейді.

Балапаным сары үрпек,

Әрі қорқақ, әрі үркек.

Дұрыс емес келмеген,

Алақаннан жем берем.

Қорықпаймын мен сенен,

Қорықпашы сен менен.

Бауыржан Жақып.

 

 

 

 

 

 

Балалардың жасаған жұмыстарын талдау. Жақсы жасалған жұмыстарды көрсету.

Мадақтау.

Балалар үй құстары мен дала құстарын ажыратып орналастырады.

 

 

 

Балалар өлеңді тәрбиешімен бірге бірнеше мәрте қайталап, жаттайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жұмыстарын талдайды.

 

 

 

Болжамды нәтиже:           

 

Білуі керек:  түстерді ажырату,мақтамен, жұмыс жасауды білу.

 

Қалыптасқан әдет:  желімдеу,акварельді бояумен, қылқаламмен жұмыс жасау.

 

Істей біледі:жұмыртқаны жарып шыққан үлпілдек жүнді балапанды жасай алады.