2-ні қосу және азайту тәсілдері.

96

Тақырыбы:       2-ні қосу және азайту тәсілдері.

Мақсаты:         1.Оқушыларға 2-ні қосу және азайту тәсілдерін уйрету.

  1. Есептер шығара отырып оқушының ой өрісін дамыту.
  2. Ұқыптылыққа, мейірімділікке , шапшаң болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:  суреттер,жазылған сөздер.

Сабақтың барысы:

 І.  Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа бейімдеу.

— қазір кезекті математика сабағы.

— Қане бәріміз түзу отырып, зейінімізді тақтаға аударып, мына мақалды

оқимыз.

«ЫНТЫМАҚСЫЗ ІС БІТПЕС»

-Осы мақалды қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі  сабақта осы мақалды басшылыққа ала отырып,берілген тапсырмаларды бірлесе, бір-бірімізге көмектесе отырып орындайық.

Назарларыңды суретке аударыңдар.

-Мынау ненің суреті?

-Тауықтың жанында нелер жүруі керек?

-Ал мына суретте тауық жалғыз жүр ,себебі жаймашуақ ашық күнде балапандарымен қыдырып жүрген тауықты ,қу түлкі аңдып жүріп, тауықтың балапандарын ұрлап әкетіпті.Тауық сендерден көмек сұрап келіпті.

Қу түлкі тауыққа бірнеше тапсырма беріпті, осы тапсырмаларды орындасаң балапандарыңды жіберіп отырамын депті,яғни әр тапсырманы орындаған сайын бір балапанды босатады екен.

Міне мынау ненің суреті?

-Әрине қу түлкінің суреті.

-Балалар сендер түлкінің қулығын қандай ертегіден оқып білдіңдер?

-Әрине «Бауырсақ» ертегісінен білесіңдер.

-Енді бұл жолы түлкі қулығын асыра алмай қалу үшін сендер тауыққа көмек берулерің керек.

Ал тауықтың тапсырманы орындауға шамасы жетпейді , сендер көмектесесіңдер ме?

ІІ.Өткен сабаққа шолу.

Түлкінің 1-ші тапсырмасы: «ТЕЗДЕТ БІРАҚ ҚАТЕЛЕСПЕ»

Бұл тапсырмада түлкі сендер өткен сабақты қалай меңгердіңдер, соны сынап көрмекші     .2+2   3+2     4+2      5+2       6+2       7+2        8+2

3-2    4-2       5-2       6-2        7-2        8-2

Жақсы 10-ға дейінгі сандарға 2-ні + — сендер өте жақсы меңгеріпсіңдер.

Енді мына өрнектердің компоненттерін атап жіберіңдер.

Түлкінің бұл тапсырмасын өте тез қателеспей орындадыңдар ,түлкі уәдесінде тұрып бір балапанды жіберді.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.       2+2

          2+2=2+1+1                                              4-2=4-1-1     

    Жаңа сабақты  бұтақта отырған торғайлардың суретімен түсіндіру. Бұтақта 3 торғай отыр еді, тағы 1 торғай ұшып келіп қонды.Бұтақта 4 торғай отыр,бұтаққа тағы 1 торғай қонды, сонда барлығы 5 торғай болды.Торғайлар бұтаққа бір бірден келіп қонғанын түсіндіру. Тура осы тәсілмен кері амалды түсіндіру.                     

Түлкінің 2 — ші тапсырмасы: «ҚАРАП АЛ ДА БІЛІП АЛ»

Бұл тапсырмада мен сендерге бүгінгі жаңа сабақты түсіндіремін сендердің міндеттерің сол жаңа сабақты түсініп, біліп алуларың керек.

Бүгін біз санға 2-ні қосу және азайту тәсілімен танысамыз. Назарларыңды сабаққа аударып түсініп алуға тырысыңдар.

/Сабақты сурет бойынша түсіндіру./

Ал енді мына мысалды тақтаға шығарып сабақты қалай түсіндіңдер көрсетіңдер.

5+2                 6+2                4+2                            6-2                          5-2

5+1+1              6+1+1           4+1+1                        6-1-1                     5-1-1

Сендер түлкінің тапсырмасын жақсы орындадыңдар,енді түлкі тағы бір балапанды босатады.

ІV. Сергіту сәті.

  1. Оқулықпен жұмыс.

3-ші тапсырма:  «ЕСЕПТІ ШЫҒАР.»

Інісі -5 ж

Ағасы -? 2ж үлкен.

Ш: 5+2 =7/ж/          5+1+1=7 /ж/

Ж: ағасы 7 жаста.

Түлкі тағы бір балапанды босатады.

  1. 4-ші тапсырма «КЕЛ САНАЙЫҚ»

Ретімен санау, екі сан аттап санау.

Кері санау, бір сан аттап санау.

Түлкі тағы бір балапанды босатады.

VII. 5-ші тапсырма. «КЕСІНДІНІ ӨЛШЕ»

   

 3 см+2 см  =5 см                                            3 см+ 1см = 4см

Түлкі тағы бір балапанды босатады.

VIII. 6-шы тапсырма.      «КІМ ТЕЗ ЕСЕПТЕГІШ»

Аулада 5 үйрек                                               Он асықтың 2-уін

Қорада 2 үйрек                                                Досың сұрап алады

Аулаға келді  1 үйрек                                     Айтшы сонда нешеуі

Қораға келді 1үйрек                                       Оң қолыңда қалады?

Барлығы неше үйрек?

Бір ешкіде 2 мүйіз болса

Екі ешкінің мүйізі қанша?

Түлкі тағы бір балапанды босатады.

Х. 7-ші тапсырма.               «Ойлан тап»  Салыстыру.

2+2    3+2             4-2     5+2                 6+2      7-2   

  1. Жеке оқушымен жұмыс.

2+2                3+2                 4+2        5+2

Түлкі тағы бір  балапанды босатады.

ХІ.   Қорытынды.

Міне балалар сабақтың басында айтып кеткендей бірлесе отырып, бірліктің арқасында тауыққа балапандарын түлкіден аман алуға көмек бердіңдер,сендердің бұл істерің жақсы іс ,әрдайым көмектеріңді аямаңдар.

Ал енді біз бүгінгі сабағымызда жалпы нестедік қорытынды жасаймыз.

Өткен сабақты қайталадық. Есеп шығардық. Өрнектерді орындадық.

Түлкінің тапсырмасын орындадық.

Ал бүгінгі жаңа сабақта не үйрендік? — 2-ні қасу тәсілімен таныстық.

Қане кім айтады қандай тәсілі бар екен?- 2-ні санға қалай қосуға болады екен?

Яғни 2-ні санға біртіндеп қосуға болады екен.Ал жаңа түлкіде балапандарды

Қандай тәсілмен берді? Әр балапанды біртіндеп берді.

ХІІ. Бағалау. Мадақтау.