Темір. Түсті металдар

461
САБАҚ ЖОСПАРЫ      

 

Бірлестік:

бастауыш сынып мұғалімдері

Мұғалім: Балтабаева Д.А.
Пәні: дүниетану
Тақырыбы:  Темір. Түсті металдар.
«Пайдалы қазбалар» тарауы бойынша

 10 сағаттың №8 сабағы.

Өткізілетін күні:  13-желтоқсан.
Сыныбы: 3 «Б»
Сабақтың мақсаты:

Білімдік:

ü темір және түсті металдар туралы алған білімдерін еске түсіреді, қайталайды;
ü пайдалы қазбалар ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетініне пысықтайды;
ü кенді, кенсіз, жанғыш қасиеттерінің ерекшілігін түсінеді.
 

 

Дамытушылық:

 

ü өзбетінше, жұппен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытады;
ü ассосиация  әдісі, суреттерді пайдалана отырып оқушылар ойын қозғау арқылы  сабаққа деген
ынтасын арттырады;
ü сөздік қорын, ой-өрісін, шығармашылығын, белсенділігін,  сабаққа дегенқызығушылығын
дамытады.
 

 

Тәрбиелік:

 

ü тапсырмалар арқылы оқушылар жұмыс жасай отырып,  алғырлыққа, тапқырлыққа,
байқампаздыққа, көркем жазуға тәрбиеленеді;
ü табиғатты қорғауға, қамқор болуға;
ü  бір-бірімен қарым-қатынас жасауға;
ü бірін-бірін тыңдауға,  дәлелдеуге, ортақ шешімге келуге  тәрбиленеді.
Пәнаралық байланыс: ü әдебиеттік оқу; ü қазақ тілі; ü еңбекке баулу;
ü өмірмен байланыс; ü музыка; ü бейнелеу.
Сабақтың түрі:      7 модульге негізделген  жаңа сабақ.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: 1. өздігінен жұмыс; 4. сыныппен  жұмыс; 7. «ЖИГСО-І»  стратегиясы;
2. жұппен жұмыс; 5. «Топтастыру» стратегиясы; 8. «Семантикалық карта» стратегиясы;
3. топпен жұмыс; 6. тест; 9. Эссе.
 

 

Сілтеме:

ü дүниетану оқулығы, Алматыкітап баспасы, 2012 жыл, Қ.А.Аймағамбетова, Т.С.Идилова, Б.Л.Хаджибаева;
ü дүниетану әдістемелігі, Алматыкітап баспасы, 2012 жыл, Б.Л.Хаджибаева;
ü ғаламтор;
ü электронды оқулық.
 

Көрнекілік-тері:

ü интерактивті тақта; ü қазбалар түрлері; ü А-4 қағаздары;
ü электронды оқулық; ü стикерлер; ü маркерлер;
ü бейнетаспа; ü түрлі түсті борлар; ü ватман.
 

 

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

1. 1-2 сыныптарда  алған білімдерін еске түсіреді;
2. темір және түсті металдар туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастырады;
3. кенді, кенсіз және жанғыш пайдалы қазбаларды ажырата біледі;
4. пайдалы қазбаларды ерекшеліктері, қасиеттері бойынша ажырата біледі;
5. қоршаған денелер неден жасалғанын ажырата біледі;
6. сөздік  қорларын байытады;
7. семантикалық картаны дұрыс белгілеуге;
8. жаңа танысқан сөздерді өмірде пайдалануға үйренеді;
9. табиғатқа қамқор болуға;
10. қазбаларды үнемдеуге  тәрбиеленеді;
11. сабаққа қызығушылықтарын әрі қарай дамытады;
12. өз ойларын ортаға сала білуге;
13. бір-бірінің пікірін тындауға, ортақ  шешімге келуге  үйренеді;
14. өзіндік, жұптық, топтық жұмыс түрлерінде іс-әрекеттері, белсенділіктері арттырады;
15. тақырыптың өмірге қажеттілігін түсінеді;
16. сыни ойлауға үйренеді.
 

 

Бағалау:

 

Топ ішіндегі жұмыстарды бағалау критерийлері:

 

 

«5» 0  қате
«4» 1  қате
«3» 2-3  қате
«2» 3 қатеден артық

Тест тапсырмаларды бағалау критерийлері:

 

Үй жұмысына нұсқаулық:

 

І-топ – «Мен – темірмін» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
ІІ-топ – «Мен – алюминиймін» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
ІІІ-топ – «Мен – мыспын» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
IV-топ – «Мен – алтынмын» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
IV-топ – «Мен – алтынмын» тақырыбы бойынша эссе жазып әкеледі.
Пайдалы қазбалар туралы мақал-мәтелдер жинағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кезеңдері Тәсілі Уақыт өлшемі Қойылатын сұрақтар Күтіле-тін нәтиже
1.  

 

Ұйымдастыру

 кезеңі.

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Шаттық шеңбері 2 минут сабаққа дайындық, қызығушы-лығын

оятатын сұрақтар

жылы атмосфера ортату
1.        «Шаттық шеңберіне» шақыру

Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер-ана.
Сәлем саған, достарым,
Сәлеметсіз бе, мұғалім!
1.        Топқа бөлу (қима сөздер арқылы)

 

2.        Сабақтың мақсатымен таныстыру.

1. темір және түсті металдар туралы алған білімдерін еске түсіреді, қайталайды;

2. пайдалы қазбалар ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтайды;

3. кенді, кенсіз, жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерінің ерекшілігін түсінеді.

— Сыныпта кім кезекші?

— Сабақта  кім жоқ?

Балалардан  көңіл-күйлерін сұрау.

— Олай болса, үйге қандай тапсырма берілді, кім айтады?

— Жақсы. Олай болса, үй тапсырмасына  бәріміз  әзірміз бе?

 

 

Балалар өлең жолдары арқылы бір-біріне жылы қатынастарын көрсетеді.

 

 

Қима сөздер арқылы 6 топқа бөлінеді.

І-топ – Таскөмір.

ІІ-топ – Әктас.

ІІІ-топ – Мәрмәр.

IV-топ – Гранит.

V-топ – Саз.

VI-топ – Мұнай.

 

 

 

Кезекші сабақта кім жоқ екенін айтты.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

 

 

 

 

Топтарда жұмыс істеу ережелерін еске түсіреді.  

Топ ережелері:

1.        Уақытты үнемдеу.

2.        Әркімнің пікірі құнды.

3.        Бір-бірімізді сыйлаймыз.

4.        Айтқан сөзді тыңдаймыз.

5.        Тыныштықты сақтаймыз.

 

1 мин
2. Қызығушылықты

ояту.

«Топтастыру» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты ашу.

—          Балалар, «пайдалы қазбалар» дегенде ойға не келеді?

—          Ал, енді ортаға салайық.

Пайдалы қазба

Мұғалім интерактивті тақтада жазып тұрады.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жеке, жұппен,топпен жұмыс істейді.

Өз білгендерін, көршілестердің білгендерін ортаға салады.

Оқушылар білгендерін айтады.

Мұнай

Пайдалы қазба

Көмір                                      Темір

 

 

 

Газ                                               Тұз

 

Ас тұзы                          Гранит

Әктас

жеке, жұппен,

топпен жұмыс

4 минут жаңа ұғымға қызығушы-лығы артады
3. Үй тапсыр-масын

тексеру.

Тест жұмыстарын таратады.

Тест №3-5-8.                    І-нұсқа.

1. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата?

А). қатты, сұйық, газ түрінде

В). мұнай, газ, көмір

С). темір, мыс, қорғасын

2. Жанғыш пайдалы қазбалардың басты қасиеті қандай?

А). қызиды       В). жылу береді

С). жанады

3. Мұнайдан өңдеу арқылы не алынады?

А). жанармай, жермай, тыңайтқыш, ермексаз

В). қоңыр түсті, айрықша зат

С). табиғи газ

4. Қоңыр түсті, айрықша иісі бар майлы пайдалы қазба?

А). мұнай       В). керосин       С). бензин

5.  Суға құйғанда, ол еріп кетпейді, бетін жауып тұрады.

А). айран        В). сүт          С). мұнай

6.  Газ…

А). құбырмен тасылады     В). өңделеді

С). мұнаймен бірге ілесе жүреді

Әр топ сол сұрақтар бойынша жұмыс істейді.

Бір-бірін тексереді.

Тест кілттері

Тест №3-5-8.                   І-нұсқа.

1. В

2. С

3. А

4. А

5. С

6. С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

сұрақ-жауап,

өзін-өзі

тексеру

3 минут Тест №3-5-8

І-ІV нұсқа

Өткен тақырып-

тарды еске түсіру

Тест №3-5-8.                    ІІ-нұсқа.

1. Қандай қазба суда ерімейді және судан жеңіл?

А). мұнай            В).  құм         С). гранит

2. Жақсы жанады, жылуды көп береді, күл қалдырмайды?

А).таскөмір  В).мұнай      С).ағаш отын

3. Мұнайды өндіру үшін не қазады?

А). құдық     В). шұңқыр        С). шахта

4. Мұнайды жердің терең қабатынан алу үшін не орнатады?

А). станция     В). бұрғы мұнарасын

С). Зауыт

5. Мұнайды теңіз, өзен, көлдерде не арқылы тасиды?

А).  танкермен      В). кемемен   С).қайықпен

6. Мұнаймен бірге не ілесе жүреді?

А). бензин       В). керосин     С). газ

Тест №3-5-8.               ІІ-нұсқа.

1. А

2. В

3. С

4. В

5. А

6. С

 

 

Тест №3-5-8.                   ІІІ-нұсқа.

1. Мұнай ненің бойымен көтеріледі?

А). карьер     В). құбыр     С). бұрғы

2.  Газды үй-үйге тарату үшін неге құяды?

А).банкаға     В). бидонға      С). балонға

3.  Мұнай мен бірге ілесе газ алынатын орын қалай аталады?

А).карьер  В).мұнай-газ кені   С).газ кені

4. Жанғыш пайдалы қазбаларды ата?

А). қатты, сұйық, газ түрінде

В).мұнай, газ, көмір

С). темір, мыс, қорғасын

5. Жанғыш пайдалы қазбалардың басты қасиеті қандай?

А). қызиды    В). жылу береді

С). жанады

6. Мұнайдан өңдеу арқылы не алынады?

А). жанармай, жермай, тыңайтқыш, ермексаз

В). қоңыр түсті, айрықша зат

С). табиғи газ

Тест №3-5-8.                ІІІ-нұсқа.

1. В

2. С

3. В

4. В

5. С

6. А

 

Тест №3-5-8.                  ІV-нұсқа.

1. Ілеспе газ…

А). құбырмен тасылады

В). өңделеді

С). мұнаймен бірге ілесе жүреді

2. Қара түсті болады, жақсы жанады және жылуды көп  береді?

А). таскөмір         В). әктас      С). гранит

3. Тек қана газ кездесетін орынды не деп атайды?

А). карьер     В). мұнай-газ кені       С). газ кені

4. Құрамында металдар бар қатты тау жыныстары қалай аталады?

A).  жанғыш       B). кенді       C).   кенсіз

5. Тау жынысының құрамында темір болса, ол қалай аталады?

A). мыс кені         B). газ кені           C).темір кені

6. Құрамында металдар жоқ  қатты тау жыныстары қалай аталады?

A).кенді         B).кенсіз     C). метал

Тест №3-5-8.                  ІV-нұсқа.

1. С

2. А

3. С

4. С

5. С

6. В

 

 

4.

—          Тест тапсырмалардың орындалу нәтижелерімен танысып алайық. Кім қандай баға алды екен смайликтер арқылы көрсетейік. Алған бағасына сай смайликтерді көтереді. 1 минут
5 Жанұя топ-тарына

 бөліну.

Мұғалім сандарды атайды: 1,2,3,4. Оқушылар сол сандар бойынша топтарға бөлінеді Сандар арқылы 4 топқа бөлінеді.

І-топ – Темір.

ІІ-топ – Алюминий.

ІІІ-топ – Мыс.

IV-топ – Алтын.

1 минут оқушылар бөлініп

алады

6 Сергіту

 сәті.

Бейнеклиппен жаттығулар орындау. Жаттығу-

лар

 

1 минут

оқушылар сергіп

қалады

7 Мәтінмен

жұмыс.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

І-топ.

Темір – жердегі ең көп таралған металл. Осы металдың арқасында біз тіршілікке қажетті көптеген заттарды иеленеміз. Адамның, жануарлардың және көптеген өсімдік организмінде темір бар. Егер ол аз болса, организм ауруға шалдығады. Егер адам организімде темір жетіспейтін болса, дәрігер құрамында темір бар дәрі жазып береді. Сол сияқты құрамында темір бар жеміс-жидек – алма,алмұрт, шабдалы,қараөрік, таңқурай, жүзім жеуді ұсынады.

Темір – темір кенінен алынады. Темір кені тастай қатты, қоңыр қызыл түсті келеді. Ол әртүрлі тереңдікте жатады.

Егер темір кені өте тереңде жатса, ашық әдіспен карьерден өндіреді. Кенді жарылыс арқылы жеке кесектерге бәлшектейді. Одан кейін экскаватор арқылы өзі аударғыш машинаға немесе вагонга тиеп, зауытқа алып барады. Зауытта кенді орасан зор пеште қорытып, шойын, ал шойыннан болат алады.

Шойын мен болаттан тұрмыстық бұйымдар, станок, көлік жасалады. Сен күн сайын үйіңде болаттан жасалған қасық, шаныщқы, пышақты пайдаланасың. Көшеде автобус, трамвай, жеңіл және жүк машиналары, егістікте трактор, комбайн, аспснда ұшақ, тікұшақ, теңізде қайық пен кеме көзіңе түседі. Осылардың бәрін жасауға шойын мен болат қажет.

Табиғатта темір, шойын мен болаттан басқа да металдар бар. Сен алюминийден, мыстын, күміс пен алтыннан жасалған заттарды жиі кездестіресің. Темір кенін өндіретін карьер.

Эксперт парақтардағы сұрақтарға жауаптарын береді.

І-топ.                Эксперт парағы.

 

1. Темір қандай метал?

2. Егер организмде темір аз болса қандай  жағдай туады?

3. Организмде темір аз болса, оны көтеру үшін нелерді жеу керек?

4. Темірді қайда өндіреді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке,

жұппен, топпен жұмыс жасау

8 минут

 

Мәтінді төрт топқа бөлу, өздері мазмұнын оқиды өз

беттерімен мәтін мазмұнын түсінеді,

бірлесе

жұмыс жасайды,

ойын ашық айтады

     ІІ-топ.

Алюминий – бойында алюминий бар кеннен алынады. Ол кеннің сыртқы түрі сазға ұқсайды. Бірақ ол суға жібімейді. Алюминий – күмістей жарқыраған жеңіл металл.

Ол болат пен мыстан бірнеше есе жеңіл. Оның бұл қасиетін тексеру оңай. Бір қолына болат қасық, екінші қолына алюминий қасық ал. Салмақтарындағы айырманы бірден сезесің. Осы қасиетіне байланысты алюминий ұшақ пен ғарыш кемелерін жасауға пайдаланылады. Алюминийден қасық, шанышқы, қәстрөл, шоколадты, шайды, балқытылған ірімшікті және басқа тағамдарды орайтын жылтыр қағаз- фольга жасалады. Алюминийден электр сымын жасайды.

Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында Ақмола және Торғай ойысында (Амангелді торабы). Бүлардағы боксит қоры онша коп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат коздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий ондіру жөнінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

ІІ-топ.              Эксперт парағы.

 

1. Алюминий қандай металл?

2. Алюминий болат пен мысқа қарағанда қандай металл

3. Алюминий болаттан ауыр ма, әлде жеңіл ма?

4.Қасиетін еске ала отырып, алюминийден не жасайды деп ойлайсың?

 

 

ІІІ-топ.

        Мыс кенінің түсі қызғылт болады. Мыс электр тогын жақсы өткізеді. Сондықтан оны теледидар, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, компьютер және басқа техника түрлерін жасағанда қолданады.

       Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазган. Жезқазған кен орны Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады.

Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз.

    Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, тағы басқа металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян, т.б. жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауындағы Текелі жәнө Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар. Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қаскаайғыр т. б.) барланды.

ІІІ-топ.            Эксперт парағы.

1. Мыс нені жақсы жүргізеді?

2. Мыс пен алтын қандай металл?

3. Мысты неге теледидар, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, компьютер және басқа техника түрлерін жасағанда қолданады?

4. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде нешінші орын алады?

 

IV-топ.

Күміс пен алтын – бағалы металдар. Олардан зергерлік бұйымдар жасайды. Олар табиғатта қоспасыз таза күйінде кездеседі.

Қазақстанда 190 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жоңғар және Іле Алатауларында да бар.

Сирек кездесетін металдар. Бүл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме т. б. жатады. Аталмыш кен орындары бойынша Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап т.б.), сондай-ақ полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауы мен Алтайда шоғырланған.

 

ІV-топ.           Эксперт парағы.

1.        Күміс пен алтын табиғатта қандай

күйінде кездеседі?

2. Қазақстанда қанша алтын кен орны бар?

3.     Сирек кездесетін металдар бойыншақай облыс алдыңғы орында?

4. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындарын ата.

 

8 Сергіту сәті —          Көздерімізді демалтып алайық. 1.        Шыққан бейнелер бойынша көздерін ғана қимылдатады. сыныппен 1 минут Көз-дерін демалтып алады
 

9

Жұмыс топтарына кету. —          Қазір топтың спикері басқа топтың балаларына өз топпен жасаған жұмыс түрлерімен таныстырады. 1         Балалар үзіндіні оқиды.

2.        Сұрақтармен танысады.

3.        Сұрақтарға жауап беріп көреді.

4.        Жұппен бөліседі.

5.        Топтың ішіне салады.

6.        Спикер жауаптарын қабылдайды.

7.        3 минуттан әр топта жұмыс істеп, өз табына қайтып оралады.

 

Жеке,

жұппен,

топпен жұмыс

18 минут жаңа ұғымға қызығушылығы артады
 

 

 

 

 

 

10

Пайдалы қазбалар туралы бейнефильмдер   4 минут жаңа ұғымға қызығушылығы артады
 

 

11

 

Шығармашылық

қабілеттерін

дамыту.

 

 

Түрі

Қатты

 

Сұйық

 

Газ

 

Қара

 

Қызғылт

 

Жылтыр

 

І-деңгей
Темір
Алюминий
Мыс
Алтын

 

 

 

 

 

Түрі

Қатты

 

Сұйық

 

Газ

 

Қара

 

Қызғылт

 

Жылтыр

 

І-деңгей
Темір +
Алюминий +
Мыс + +
Алтын +
 

 

 

 

 

Деңгейлік тапсырма-лар орындау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 минут

 

өз

деңгейлеріне байланысты жұмыс орындайды, сыни

тұрғыдан ойланады

 

 

Түрі

Ауыр

 

Жеңіл

 

Суда ерийді

 

Майысады

 

Сынады

 

Тот басады
ІІ-деңгей
Темір
Алюминий
Мыс
Алтын
 

 

Түрі

Ауыр

 

Жеңіл

 

Суда ерийді

 

Майысады

 

Сынады

 

Тот басады
ІІ-деңгей
Темір + +
Алюминий + + +
Мыс + + + +
Алтын + + +
 

 

Түрі

Қоспа

 

Қоспасыз

 

Организмде бар Таңбасы Шахта Карьер
ІІІ-деңгей
Темір
Алю

миний

Мыс
Алтын
 

 

Түрі

Қоспа

 

Қоспасыз

 

Организмде бар Таңбасы Шахта Карьер
ІІІ-деңгей
Темір + + +
Алю

миний

Мыс
Алтын +
12 Эссе жазуға тапсырма береді. І-топ – «Мен – темірмін» тақырыбы бойынша эссе жазады.

ІІ-топ – «Мен – алюминиймін» тақырыбы бойынша эссе жазады.

ІІІ-топ – «Мен – мыспын» тақырыбы бойынша эссе жазады.

IV-топ – «Мен – алтынмын» тақырыбы бойынша эссе жазады.

 

5 минут Мәтінді оқу. Пайдалы қазбалар туралы мақал-мәтелдер тауып жазу. Эссе жазуға тапсырма береді.
13 Мен сенікін – сен менікін. —          Бір-біріміздің эсселерімізбен танысып алайық. Оқушылар бір-бірінің эсселерін оқиды, ең жақсысын таңдайды. 5 минут
14 «Авторлық орындық» —          Әр топтаң бір эссені тыңдап алайық. Авторлық орындыққа 4 оқушы шығады. Әр  оқушы эссесін оқиды.
15 Үйге тапсырма Пайдалы қазбалар туралы мақал-мәтелдер тауып, жинақ дайындау.
16 Рефлексия Стикерлер таратады, сабақ бойынша ойларын білдіруге ұсынады.

-Бүгінгі сабақта саған жаңалық болған не?
— Болашақ өмірде қолдануға пайдалы  білім     алдың ба?

— Келесі сабаққа қандай ұсынысың бар?

Сабақ бойынша ойларын стикерлерге жазады. жазу 2 минут толтырады кері байланыс орнатылады
17 Бағалау Келісім шартты орындап,

Уәделеріңде тұрдыңдар

Міне, керемет!

Іздедік, таптық

Ойландық, біліп алдық.

Бәрекелді, балалар!

Бәріңе жақсы баға бар

Азамат боп өсіңдер,

Ел байлығын бағалар.

бағалау парақтары арқылы 2 минут өзін бағалау