Сөйлем мүшелері

188
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:

Сөйлем туралы білімдерін пысықтай келе, сөйлем мүшелері туралы түсінік қалыптастыру.
2.Дамытушылық: Сауатты жазу, көркем жазу дағдыларын дамыту.сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқуға ынталандыру, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта қолданылатын

әдістер:

 

Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, таратпа материалдар, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:

 

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Күннің суреті арқылы оқушыларды бір-біріне, мұғалімге деген сыйластық көңіл-күйін қалыптастыру:

—         Күннің қандай қасиеттері бар?

—         Отбасы мүшелерінен кімді күнге ұқсатуға болады?

Үй жұмысын тексеру: «Кубизм» әдісі бойынша сұраулы, лепті, хабарлы сөйлемдер құрастыру.

—         Құрастырған сөйлемің неше сөзден тұрады?

Жаңа сабақ:

Қызығушылығын ояту:

Ой толғау

 

 

 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге.    ( Сұлтанмахмұт Торайғыров)

—         Абай туралы не білесіңдер?

—         Қандай шығармаларын білесіңдер?

—         Өлеңнің әр сөзіне сұрақ қой?

—         Олай болса, сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған сөйлем сөйлем мүшелері деп аталады.

Оқулықпен жұмыс:

 

 

 

 

1-жаттығу

Сауысқанның суреті ұсынылады.

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-жаттығу.

Алдымен үлгі орындалады.

Әр топқа бөлініп беріледі

Ережемен танысу:

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған сөйлем сөйлем мүшелері деп аталады. Мысалы: Марал (кім?) әңгімені (нені?) оқыды (не істеді?).

 

 

Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдегі әрбір сөзге сұрақ қой. Әрбір сөйлем неше сөзден құралады. Сауысқанды байқаған кездерің болды ма?

 

 

2-жаттығу.

Суреттер бойынша 2 сөзден тұратын сөйлемдер құратыр.

 

Бүркіт ұшты.    Түйеқұс жүгірді. Қарға қонды.

Бүркіт қалықтап ұшты. Түйеқұс тез жүгірді. Қарға ағаш басына қонды.

—         Қандай сөздерді қостық?

—         Сөйлемнің мағынасы қалай өзгерді?

 

Жұбын тап: тақтаға жазылған сөздердің қарама-қарсы мағыналы сөздерін жазу. Қатарлар арасындағы сайыс

1-қатар 2-қатар 3-қатар
Сол-…

Еңбекқор-…

Жас-…

Қорқақ-…

Қиын-…

Ыстық-…

Лас-…

Жаман-..

Отыр-…

Аласа-…

Қалың-…

Қатты-…

Ащы-…

Ақ-…

Алыс-…

Жылдам -…

Жуан-…

Асау-…

Ерте-…

Күн-…

Жарық-…

Арық-…

Аз-…

Өтірік-…

 

1-топ. 2 сөзден құралатын сөйлем құрайды.

2-топ. 3 сөзден құралған сөйлем құрайды.

3-топ. 4 сөзден құралған сөйлем құрайды.

4-топ. 5 сөзден құралған сөйлем құрайды

5-топ. 6 сөзден құралған сөйлем құратыр.

 

Барлығына ортақ бір сөз беріледі.

«Мысық» сөзіне осындай пирамида құрастыру керек.

Мысалы:

Қарға қарқылдады.

Қарға далада қарқылдады.

Қарға далада қатты қарқылдады.

Қарға далада қар жауардың алдында қатты қарқылдады.

Қарға далада қар жауардың алдында масасызданып қарқылдады.

 

Қорытынды: —         Сөйлем туралы не білесіңдер?

—         Сөйлемнің түрлері қандай?

—         Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Ереже жаттау 64-бет.