ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ /зияткерлік сайысы/

191

ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

/зияткерлік сайысы/

 

Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,

Жан сәулесін тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

        Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

2 «Ә» сынып оқушылары арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік  сайысына қош келдіңіздер!

Олай болса, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  сайысына қатысатын оқушылар:

  1. Аронрашид Жансая
  2. Агинов Нұрсұлтан
  3. Олжатай Ақнұр
  4. Жолдас Еркежан
  5. Кеңесбай Ердәулет
  6. Үрмеғали Ақжан
  7. Қойшыбаев Бекзат

 

Ойынның мақсаты: Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру, білімдерін көтеру.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»  сайысы мына бөлімдер бойынша өткізіледі:

1-кезең       Бәйге

2-кезең       Полиглот

3-кезең       Ғажайып жетілік

4-кезең       Жорға

1-кезең       БӘЙГЕ

1 кезең Бәйгеде  сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып белгіні көтерген оқушы жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан шығарылады.

/14 сұрақ қойылады, сұрақ 3 жауаптан тұрады,  әр сұраққа 10 балл беріледі/

1-кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады

  1. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады. Бір адам неше сағат ойнайды? /2сағ/
  2. Сантиметрмен өрнекте: 6 дм 8 см =  cм /68см/
  3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? /алмұрт/
  4. Бір апта 2 күнде неше күн бар? /9 күн/
  5. Талаптың пайдасы әңгімесінің авторы кім? /Ыбырай/
  6. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал /тұсбағдар/
  7. «Әнұран» сөзі қандай мағына береді?    /салтанатты ән/
  8. б,в,г,ғ,д,ж қандай дыбыстар? /қатаң/
  9. Жуан дауысты дыбыстарды ата. /а,о,ұ,ы/
  10. Ең мықты қандай ағаш? /емен/
  11. Құрбақа қыста не жейді? /ештеңе/
  12. Бүлдіргенді жақсы көретін аң. /аю/
  13. Байды үнемі алдап кететін кейіпкер. /Алдаркөсе/
  14. Қай құстың балапаны анасын танымайды? /көкек/

2-кезең       Полиглот

       Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.

 

Қабат — қабат қаттама,

Қаттамадан аттама.

Ақылын оның ала бер,

Айтқан сөзін жатта да.

 

Жүрсе, ізі жоқ,

Сойса, қаны жоқ.

3-кезең       Ғажайып жетілік

ҚАЗАҚ ТІЛІ — 10

ҚАТАҢ ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫ АТА

ҚАЗАҚ ТІЛІ – 20

Қ, Ғ ӘРІПТЕРІНІҢ ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ – 30

ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ АВТОРЫ КІМ?

ӘДЕБИЕТ – 10

Өнер, білім жайлы бір өлеңнен үзінді оқып бер.

ӘДЕБИЕТ – 20

-Әже, мына орынға отырыңыз, — деді.

Арман болса, қарт адамды көрмегенсіп, терезеге қарап отыра берді.

Бұл қай мәтіннен үзінді?

ӘДЕБИЕТ – 30

Оттың табы деген не?

МАТЕМАТИКА – 10

Ағаштың ең ұшында

Отыр еді 3 балық.

Ұшып келді тағы да

Бір балық,

Барлық балық санын

Ойланайық табайық.

МАТЕМАТИКА – 20

Үшбұрыштың периметрінің  формуласын айт

МАТЕМАТИКА – 30

Самат 2 балықтан, ал Марат бір балықтан ұстап отырған. Олар барлығы 12 балық ұстаса, әрқайсысы неше балықтан ұстаған?

ӘР ТҮРЛІ – 10

Сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар атауы жазылатын құжаттың аты.

ӘР ТҮРЛІ – 20

Мектебіміз қай көшенің бойында орналасқан?

ӘР ТҮРЛІ – 30

Наурыз сөзі қандай мағына береді?

4-кезең       Жорға

«Жапырақ» сөзінен топбасшылары сөз құрауы керек