«Есепке жүйрік өрендер» (математикалық сайыс)

27

Тақырыбы: «Есепке жүйрік өрендер» (математикалық сайыс)

Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Зейінін, есте сақтау қабілетін, байқағыштығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ойларын ұшқырлау.Шапшаңдыққа, жылдамдыққа биімдеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаздар, газет, бағалау парағы, мадақтама

Өту барысы:

І Ұйымдастыру.

Бір-білім ал,

Екі-ерлік көрсет,

Үш- үлгі тұт,

Төрт-тәртіп керек.

Бес- бестік баға ал

Алты-алғыс ал,

Жеті-жеңіс біздікі,

Сегіз- сенім керек,

Тоғыз- тоқу керек,

Он- оқу керек.

Оқушыларды ойын кезеңдерімен таныстыру.

-Таныстыру

-Ойнайық та, ойлайық

-Сиқырлы сандар

-Жаңылтпаштар сайысы

-Кім жылдам?

-Ойлан тап

*Таныстыру кезеңінде әр оқушы өздерін таныстырып өтеді және әр бала өз ұранын айтады.

*Ойнайық та, ойлайық

Бұл кезеңде оқушыларға математикаға қатысты сұрақтар қойылады.

-3-ке бөлінетін 13-ке дейінгі үлкен санды ата?

— Жұп сандар дегеніміз не?

-10 мен 5-тің көбейтіндісінің мәнін ата?

— Тақ сандар дегеніміз?

-400 бен 2-нің көбейтіндісінің мәні?

-4 сағатта неше минут бар?

— Шаршы дегеніміз не?

— Егер әрбір вагонда 20т көмірден болса,

8 вагонда неше тонна көмір бар?

— 354 пен 487-нің қосындысы

*Сиқырлы сандар кезеңінде оқушылар 6 ұяшықтағы сұрақтарға жауап беруі керек. Ең аз ұпай жинаған 3 оқушы осы кезеңнен кейін ойынды доғарады. Таңдау ұпай саны аз оқушыға беріледі

— 3 биді ата (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би)

— 7 саны туралы мақал-мәтел айт (Жігітке жеті өнер де аз)

— Киелі санды ата (7)

— Ең үлкен үш таңбалы санды ата (999)

-Белгісіз қосылғышты тап     + 365=850 (485)

— 153 пен 3 тің көбейтіндісі (459)

*Жаңылпаштар сайысы кезеңінде әр оқушының жылдам әрі жаңылмай оқуы бағаланады.

Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді ұшқыш.

*Кім жылдам сайысы

— Мұнда аяқтарына қапшық киіп, жылдам  әділқазылардың жанына барып , тапсырмаларды орындап,қайта қапшықты киіп  оралу қажет

Берілген тапсырмалар қима қағаздарда жазылады.

-Теңдеуді шешу

-Амалды орында

*Ойлан тап кезеңінде оқушыларға түрлі кестелер беріледі.

-Мына кестеден геометриялық фигураларды оқи алады.

ш ж г и к у ұ р ы ш
ы а е х ө п б о и е
т ө р ь ю ф э б ұ я
ч р т ш щ к е с р ы
ү б ұ ы с с і ь ш
ш б ө р ы ә у н д у
ң ұ р і ш і л е і з
р д ы ш ө з қ һ т ү

«Сөз құрау» ойыны

Математика— ат, ит, ата, мата, ет, мама, ми т.б сөздер құрау

Жеңімпазды анықтап, марапаттау қағазын беру

*Қорытынды

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаТөрт пәсил
Келесі жазбаТоп жарған – 2014