Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің

Мақсаты:

Біліміділік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық: Оқушыларды топта жұмыс істеуге, өзара көмектесуге, белсенділік қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, үлестірме қағаздар.

Түрі: математикалық сайыс

Әдісі: топ бойыншажұмыс.

Типі: ойын түрінде

Ойын ережесі: Сайысқа әр сыныптан 3 оқушыдан 5 команда қатысады.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Назарларыңызға «Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің» атты математикалық сайысымызды ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.

Өмірде ойлап тұрсаң, бәрі де – есеп,

Айырсаң ішетұғын дәрі де – есеп.

Есепсіз сүрген өмір мазмұнсыз-ау,

Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Есептен сайысады бар команда,

Алға озар ең мықтысы осы жолда.

Көпшілік өнерлерін қызықтамақ,

Сұрайық шығуларын жұрт алдына – деп командаларды ортаға шақырамыз.

 

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділ-қазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты,

Білім мен тапқырлардың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе, әділқазылар алқасымен танысып өтсек.

1.

2.

3.

 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Кезекті әр топтың таныстыруына берсек.

1-ші кезең «Таныстыру» Ең жоғары ұпай 30 ұпай.

1-топ: 6 «а»

2-топ: 6 «ә»

3-топ: 6 «б»

4-топ: 6 «г»

5-топ: 6 «ғ»

Әділқазылардан «Таныстыру» бөлімінің ұпай сандарын сұраймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей келе сайысымыздың 2-ші кезеңі «Көңілді сұрақтар» бөліміне өтеміз. Әр топқа 4 сұрақтан қойылады, сұрақтарға жылдам жауап беру керек.  Әр дұрыс жауап 10 ұпай. Бірінші болып 6 «а» сыныбы ұяшық таңдайды.

3-ұяшық:

1.Екі қолда он бармақ, он қолда неше бармақ? (50)

2. Ең кіші жай сан (2)

3. Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын сан (аралас сан)

4. Ұшақ Алматыдан Астанаға 1сағ 30мин ұшады, ал Астанадан Алматыға 90-ақ мин.ұшады. неге? (Тең)

 

1-ұяшық:

1.    Қосудың нәтижесі (қосынды)

2.    Ең кіші үш таңбалы сан (100)

3.    Екі қатынастың теңдігі (пропорция)

4.    Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

 

2-ұяшық:

1.1кг тас ауыр ма, 1 кг мақта ауыр ма? (тең)

2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

3. Алымы бөлімен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)

4. Екі бала 4 сағат шахмат ойнағанда, 1 бала неше сағат шахмат ойнайды? (4 сағ)

 

4-ұяшық:

1.Үйрек 2 аяғымен тұрса 4кг тартады, ал бір аяғымен тұрса ше? (4кг)

2. Алымы бөлімінен кіші бөлшек (дұрыс бөлшек)

3. Қандай санға бөлуге болмайды? (0)

4. Бөлшек сызығының астындағы сан қалай аталады? (бөлім)

5-ұяшық:

1.Қай амал бірінші орындалыды? Қосу немесе көбейту. (көбейту)

2. Ең кіші натурал сан (1)

3. 2-ге бөлінбейтін натурал сандар қалай аталады? (тақ сандар)

4. Бөлмеде 7 май шам жанып тұр. Сен жаныңдағы біреуін өшірдің. Қаншасы қалды? (1)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әділқазылардан 2-ші кезеңнің ұпайын сұрамыз.

 

Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз,

Алғырлықпен, тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – деп ойынымыздың келесі 3-ші кезеңі «Ойнайық та, ойлайық» бөліміне өтеміз. Бұл бөлімде әріптерінің орындары ауысқан сөздер беріледі. Сол сөздерді құрап, арасындағы артық сөзді табу керек. Топ басшылары келіп карточка суырады. Дұрыс жауап 10 ұпай.

 

1-топ2-топ3-топ4-топ5-топ
ШБТАСМА

ЫҚЫЛЖ

УЙТАЗА

ИДУСРА

ӨЙТУБЕК ҮКІШК

 

НАЦИОРАЛ

ЫСҚЫМ

ШҰРЫБ

ТРАНАУЛ

ЕКНӨР ЛЕФНОЕТ

ЕЛӨБКЕК

РОПЦОРПИЯ

ӨУЛБ

 

1-топ2-топ3-топ4-топ5-топ
Масштаб

Жылқы

Азайту

Радиус

Көбейту

Күшік

 

Рационал

Мысық

Бұрыш

Натурал

Өрнек

Телефон

 

Көбелек

Пропорция

Бөлу

Ендігі кезекті командаларымыз тапсырма орындап болғанша оқушыларымыздың өнеріне береміз.

І.

Әділқазылардан 3-ші кезеңнің ұпайын сұрамыз.

Келесі 4-ші кезең «Есептеп көр, ерінбе!» — деп аталады. Дұрыс жауап 10 ұпай. 1 минут ойлануға уақыт беріледі.

  1. Түйе, бота маң басқан.

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Екі лақ, қос ешкі,

Екі қозы, екі қой

Бәрін бірге санап қой. (15)

  1. Он бір түйе, бес жылқы

Екі сиыр, бес ешкі,

Екі қоян, үш түлкі

Таба алмасаң бос күлкі. (28)

  1. Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Алашқа,

Қалды сонда қанша алма? (24)

  1. Атам, әжем, ағаммен,

Әкем, інім және мен,

Анам және енесі,

Енесінің бөлесі,

Отыр едік шай ішіп

Жеңгем келді майысып

Арқасында кіші інім

Саны қанша айта ғой

Үйдегі бар кісінің? (11)

  1. Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке,

Мықты болсаң, қанша екенін тез есепте!

Алдында екеу, келеді екеуі артында,

Екі-екіден келеді қос бүйірде.(4)

 

Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп, сайысымыздың 5-ші кезеңі «Танграмм» бөліміне береміз. «Танграмм» — ерте заманғы Қытайдың бас қатыру есебі. Қабырғасы 20 см квадрат көрсетілген. Ол жеті бөлікке бөлінген. Олардан әртүрлі фигуралар құрастыруға болады. Карточкадан қай топ қандай сурет құрастыратынын таңдап алады. Сол бойынша фигураларды жабыстыру арқылы тапсырмаларын орындап қазылар алқасына тапсыру керек.

Қатысушыларымыз тапсырмаларын дайындап болғанша кезекті оқушыларымыздың өнеріне береміз.

ІІ.

Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.

 

Сайысымыздың соңғы 6-ші кезеңі «Ғажайып алаң» бөліміне өтеміз. Бұл бөлімде әр топқа 1 минут уақыт және 6 сөз беріледі. Сол сөздерді қимылмен немесе жұмбақтап көрермендерге жасырады. 6 сөзі толық табылған топқа 50 ұпай беріледі.

Сөздер: кітап, жазу, мұғалім, карта, аю, қалам, сызғыш, қоян, орындық, мектеп, дәптер, жылқы, өшіргіш, мысық, бор, түйе, шар, доп, оқушы, түлкі, тақта, қой, парта, компьютер, нан, арыстан, сиыр, тышқан, жылан, бақа.

Әділқазылар алқасының қойған ұпайларымен таныс болайық.

 

Әділқазылар алқасы ұпай сандарын есептеп болғанша кезекті оқушыларымыздың өнеріне береміз.

ІІІ.

 

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып,- дей келіп бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!!!