КӘСІБИ БІЛІКТІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҰСТАЗ ІЗДЕНІСІ – БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУДЫҢ БІР КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ.

122

Тойганбаева  Салтанат   Оразамбаевна

М.М. Әсет  Найманбай  атындағы  орта  мектеп.

КӘСІБИ  БІЛІКТІЛІКТІ   ЖЕТІЛДІРУДЕГІ    ҰСТАЗ   ІЗДЕНІСІ –

БІЛІМ   БЕРУ  МАЗМҰНЫН   ЖАҢАРТУДЫҢ

БІР   КОМПОНЕНТІ    РЕТІНДЕ.

Қазіргі қоғамда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер кез-келген қызмет саласындағы жаңартуды қажет етеді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауына Қазақстан дамуының басымдылық бағыттары айқындалып, Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылған.  Жаңа технологияларды меңгерген, білікті, білімді мамандар ғана алға қойылған мақсаттар мен жоспаларды жүзеге асыра алады.

Бұл үрдісте білім берудің алатын орны ерекше.  Қазіргі білім беру саласы — еліміздің әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерін сақтауға, жастардың дамуына жас ұрпақтын өмір салтын таңдауына көмек беретін біздің қоғамымыз бен мәдениетіміздің қажетті бөлшегі болып табылады.

Бүкіл әлемдегі білім беру саласы – ұлттық жаңару үрдісінің доминанты.   Қоғам жағдайы – білім беру үрдісінің жағдайына байланысты. Қазіргі заманғы білім берудің міндеті — әлемнің жаңа бейнесін қалыптастыру адамның шығармашылық бастауын дамыту арқылы тұлғаның ішкі жан-дүниесін кеңейту. Қазіргі өмір өзгерістерді талап етсе, жастар сол өзгерістердің негізгі бастауы болып табылады.  Егер біздің жастарымыз сауатты, білімді, мәдениетті болса, онда біздің қоғамымыздың да болашағы жарқын болары сөзсіз.

Білім беру – қоғамының алға жылжуын қамтамасыз етеді.

Білім беру сапасы – бұл жаңа өмір сапасы.  Республикадағы білім беру реформасы – инновациялық технологияларды енгізу үрдісі, оқытудың жаңа технологияларын іздеу.  Оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу – бүгінгі күннің негізгі мәселелерінің бірі.  Оқытудың дәстүрлі әдістері мен жаңа ақпараттық технологияларды бір жүйеге қоюдың жолдарын қарастыру қажет.  Үшінші мың жылдықтың басында ұстаз рөлі өзгеріп, оның кәсіби біліктілігі ең негізгі мәселелердің бірі болып саналады.  Білікті ұстаз еңбегінің нәтижесін көру үшін алған білімін, білік дағдырларын кез-келген жағдайда қолдана білу кажет.  Қазіргі заман педагогы өз білімін өндірістік, әлеуметтік, экологиялық және тағы басқа жағдайларда көрсете біліп, шығармашылық, зерттеу, ұйымдастырушылық тәжірибе жинақтай білуі тиіс.  Осы жағдайда ғана ол өзін тұлға ретінде, қайраткер және жоғары сыныпты әмбебап ретінде таныта алады.  Ұстаз біліктілігін көтеру – ұстаздың кәсіби өсуінің маңызды бөлшегі.

Ұстаздың жан-жақты іздене отырып кәсіби жетілуі ұстаз жұмысындағы маңызды компонент болып табылады.

Кәсіби даярлық – дегеніміз, бұл қызметкерге жедел-қызметтік міндеттерді нәтижелі де сапалы орындауға мүмкіндік беретін іскерліктің жоғары қалыптасу деңгейі. Бұл ұғым – заңды тиімді қолданудың, оны сақтаудың, психологиялық тұрақтылықтың, батыл да, белсенді шешімдердің, дұрыс мінез-қылықтың ең басты жағдайының бірі. Мысалы, ұстаздың бірінші атқаратын қызметінің тобы біртүұтас педагогикалық процестің қызметінен — білім беру, дамыту, тәрбиелеу, әлеуметтендірумен байланысты. Екінші, ұстаздың атқаратын қызметтерінің тобы оның жобалау іс-әрекетімен — зертеушілік, диагностикалық, моделдеушілік аспектісінен көрінеді. Үшінші, ұстаздың атқаратын қызметінің тобы ұстаздың басқарушылық іс-әрекеті мынадай аспектісі — оқушылар, ата—аналар, ұстаздардың іс-әрекеттерін ұйымдастырумен бірге: жоспарлау, ынтымақтастық, бақылау, үйлестірушілік қызметтерімен байланысты.

Ұстаздың кәсіби қасиеттері:

  • Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.
  • Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық, мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.
  • Экспрессивті-перцептивті – байқағыштық, креативтілік, интеллектуалдық, белсенділік, зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы, икемділік.
  • Кәсіби қабілеттілігі.
  • Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалды-еріктік тонустың жоғарылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік.
  • Педагогтың субьективті қасиеттері (ұстаздың пәні туралы білімі, сабақ бере алу шеберлігі, ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы).

Қарқынды дамып келе жатқан қоғамда педагогикалық жүйелер тек тәрбиелеп, білім беріп қоймай, сонымен қатар, дамытатын да болуы қажет. Оның осы уақытқа қандай дәрежеде жауап беруі көбіне ұстазға, мұғалімге, оның педагогикалық практиканың жаңаруына араласа білу қабілетіне де  байланысты.

Ең алдымен, болашақ ұстаздарды зерттеушілік іс-әрекетке дайындаудың мақсатын анықтап алу қажет. Қандай да бір әрекетке дайын болу дегеніміз – бұл қандайда бір қасиетке ие болу дегенді білдіреді.

Зерттеушілік іс-әрекет – бұл іс-әрекеттің ерекше бір түрі, ол өзінің субъектісінің қасиеттеріне арнайы талаптар қояды. Оның қоятын талаптарын анықтамас бұрын оның қандай ерекшеліктері бар екендігін білу қажет.

Зерттеушілік іс-әрекет – міндетті түрде шығармашылық іс-әрекетпен байланысты.

Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу өскелең ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

Тәрбие мен білім беруді жаңаща ұйымдастырудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып, оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету және қайта құрудың жолдарын талдап зерттеу керек екені анық. Қазіргі заман талабына сай білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысын жаңаша құруды қалай жүзеге асыруға болады? Ол оқушылардың даму ерекшелігін ескеріп, шаршатпай, ойната отырып тәрбие мен білім беруді қажет етеді.

Мамандық және кәсіп ұғымдарымен байланысты «біліктілік» (квалификация) деген категория қолданылады. Ол қызметкердің сол мамандыққа, не кәсіпке байланысты білімдер мен дағдыларының жиынтығын меңгеру дәрежесін көтереді.

Болашақ ұстаздарды ғылыми – зертеушілік жұмыстарға бейімдеу, икемдеу өте маңызды, өйткені олар жоғары оқу орыны бітіргеннен кейін міндетті түрде мектепке барып жұмыс істегенде осы дағды-іскерліктерін пайдаланады. Ол пайдалана отырып тек оқушыларды ғана емес, өзін де  жетілдіріп, дамытады. Ал өз — өзін дамыта алатын педагог ол, әлбетте, тез арады кәсібиліктің, шеберліктің жоғары дәрежесіне жетіп, балалардың білімге деген ұмтылысын күшейтеді деген ойдамын. Қазіргі кезде тәуелсіз ел болып енді аяғымыздан тұрған кезімізде ондай мықты кадрлар бізге керектігі айдан анық. Зерттеушілік іс-әрекеттің көптеген пайдалы жақтары бар. Мысалы, оқушының когнитивтік жағынан өсуі көрінеді, білімге қызығушылығы арттады, мотивациялық компоненті тереңдей түседі, және, ең бастысы,  бұндай болашақ ұстаз өзіндей оқушыны тәриелейтіні белгілі.

Жаңа формациядағы ұстаз – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  2005 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

// Білім, 30 қазан, 2004ж., 6 бет.

  1. «Қазақстан Республикасындағы  этникалық  мәдени  білім

тұжырымдамасы»

//Егемен Қазақстан, 1996, 17 тамыз.

  1. // Мектеп директоры №2,  2007,  №2.

С.Әбілкәрімов:  «Үздіксіз білім алу-өмір талабы»  10-12 беттер.

  1.       // Ұлт тағылымы   2007  №2.

М.Ертаев: «Білім беру жүйесін әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің

кейбір  мәселелері»  318-321  беттер.

  1. Е.А.Куребаев, Г.А.Куребаева «Жалпы және заң психологиясы»

(оқу-әдістемелік құрал). Семей қаласы. ҚР ІІМ СЗК. 2006ж, 222 б.

116-117.

  1. 6. Т.С.Сламбекова «Педагогикалық психология», оқу құралы,

Семей – 2008, — 188 бет.