Түбірлес сөздер

409

Сабақ тақырыбы: Түбірлес сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «түбірлес сөздер» туралы теориялық ұғым қалыптастыру, білімдерін толықтыру.

2 Дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту.

3 Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

сұрақ-жауап, жаттығу, кітаппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өз бетінше жұмыс, көрнекіліктер, ойын, сергіту сәті, ажырату, дәлелдеу, ізденушілік.

 

Сабақтың көрнекілігі:

суреттер, тірек-сызбалар, ойын құралдары, тапсырмалар,

интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың принциптері: біртұтастық, жүйелілік.

Технология: ақпараттық технология,бейнелеу,дене шынықтыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт:

1-слайд. Тақтада қыс көрінісі.

М. Қазір жылдың қай мезгілі?

О. Қыс мезгілі.

М. Қыстағы табиғат құбылыстарын атаңыздар?

О. Қар жауу,мұз қатады,аяз түседі,боран соғады,қырау қатады,дала ақ мамыққа оранады.

М. Жақсы олай болса орынымыздан тұрайық,бүгінгі сабағымызға сәттілік тілей отыра,мына өлең жолдарын хормен айтамыз.

 

Біз қандаймыз,қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, пәкпіз,тазамыз,

Біз білімді баламыз.

 

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

354-жаттығу, ереже жаттау.

-хана,-паз,-кер,-шық,-шік.

Жұрнақтардың алдына түбір сөз қойып,туынды сөз жасау.Сөз құрамын талдау.Тапсырманы әр қатардан 2оқушыдан сұраймын,туынды сөз туралы алған білімдерін бекіту,ереже айту.

Үй тапсырмасын оқығандар ауызша бағаланады.

 

III. Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі.

2- слайд .Интерактивті тақтада мына сөздер көрсетіледі

Су,суат,сушы,суық,сулы,сусын,сулық.

Сөздерді оқыту,әр сөздің мағынасын ашу,сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

М. Қандай ерекшелік байқадындар?

О. Барлық сөздің түбірі бірдей.

М. Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?

О. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады. 3, 4 оқушы өз ойларын айтады.

ІV. Жаңа білімді игеру кезеңі.

М. Олай болса, тақтаға қарап ережені хормен оқиық. Бұл сөздер түбірлес сөздер деп аталады.

 

3- слайд. Ереже. Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.

М. Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Түбірлес сөздер деп аталады.

М. Енді, балалар, дәптерімізді ашып, күннің жадын жазайық.

Ақпанның бірі

Класс жұмысы.

Түбірлес сөздер.

 

Гүл гүлзар гүлдер егін тігінші
Гүлім гүлзардағы гүлдерге су құйды.

4 -слайд. Топпен жұмыс.

Тапсырмалар: Сөздердің түбірі мен қосымшасын сызықпен бөліп көрсету, әр сөздің мағынысын ашу, түсіндіру.

 

I топ. Ойыншы, ойыншық, ойна

II топ. Балалық, балақан,балапан

III топ. Басшы,бастық,басқар

Тапсырманы үш қатардан үш оқушы шығып,тақтаға орындайды. Қалғандары дәптерге өз бетінше орындайды.

I ойын-шы,ойын-шық,ойн-а

II Бала-лық, бала-қан,бала-пан

III топ. Бас-шы,бас-тық,бас-қар

Әр түбір сөз бен туынды сөздің мағынысын оқушылар өздері айтып отырады.

 

5- слайд. Есте сақтау диктанты.

258-жаттығу Шалғышы жаңылтпаш

Шалғы алды сурет арқылы

Шаңғышы

Шаңғы алды көрсетіледі

Жатқа жазып,түбірлес сөздерді табу,сөз құрамына талдау.оқушылар бірін – бірі бағалайды.

 

6- слайд. Ойын тапсырма Спортшығы не жетіспей тұр?

М. Қазір жылдың қай мезгілі?

О. Қыс.

М. Қыста ойнайтын қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?

О. Шаңғы тебу, коньки тебу, хоккей ойнау, т.б.

М. Өте жақсы. Олай болса, мына ойын-тапсырманы орындайық.

Тақтада шаңғышы, хоккейші, конькиші суреті корсетіледі.

М. Бұл спортшыларға не жетіспей тұр?

О. Шаңғышыға шаңғы жетіспейді.

М. Олай болса, мына тапсырманы дұрыс орындасаңдар, шаңғышы өз шаңғысын ала алады.

1 тапсырма. «біл» сөзіне түбірлес сөз жаз.

1 оқушы орындайды, білім, білгір, білгіш, білімді.

М. 2 тапсырманы орындасақ, конькиші өз конькиін ала алады.

2 тапсырма. Қыс, қыстау, қыстық, қысқыш түбірлес сөздердің түбірін тап.

М. Ал хоккейшіге ойнау үшін не жетіспейді?

О. Шайбасы.

М. Хоккейші шайбасын алу үшін мына тапсырманы орында.

3 тапсырма. Сөздерді сөз құрамына талда.

Сызғыш, сәнқой, әнші, көлшік.

Оқушылар тапсырманы дұрыс орындағанда спортшылар суреті көрсетіледі. Әр оқушыны мадақтау.

 

  1. Түсінгенді тексеру кезеңі

Оқулықпен жұмыс. 259-жаттығу.

7- слайд. Тақтада өлең көрсетіледі.

Екі аспазшының суреті көрсетіледі. Өлеңді 3 оқушыға оқытып сосын, өлеңді әр қатарға хормен оқытамын. Өлеңді көшіріп жазып, түбірлес сөзді тауып астын сызу.

Аспазшы екі жас.

Әзірлеп ыстық ас,

Тұрады келгенде

Білдіріп ықылас.

Аспазшы сөзін сөз құрамына талдату.

VІ. Бекіту кезеңдері. Жаңа білімді бекіту.

8- слайд. «Сыңарын тап» ойыны.

Ойын мақсаты: түбірлес сөздерді табу, жаңа тақырыпты игергеніне көз жеткізу.

Тақтада түрлі түсті қолғаптардың суреті көрсетіледі. Олардың әр қайсысының сыңары әр жерде тұрады. Әр қолғаптың үстінде түбір сөздер мен жұрнақтар жазылған. Қолғаптың сыңарын дұрыс табу арқылы түбірлес сөз шығару керек.

Шыққан сөздерді жай тақтаға жаздыру.

Оқулық білгір күйші өнерпаз

Оқушы білгіш күйлі өнерлі

Бұл сөздер түбірлес сөздер

М. Сонымен балалар түбірлес сөздер деген қандай сөз екенін түсіндік пе?

О. Иә. Тақтада ереже көрсетіледі, айтады.

М. Олай болса, сабақ мақсатына жетті деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар.

Ал енді орнымыздан тұрайық.

9-слайд. Қыс. Біз қандаймыз, қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз

Ақпыз, пәкпіз, тазамыз

Біз білімді баламыз

М. Өмірлерің қыстың аппақ қарындай ақ, таза болсын деп тілей отыра бүгінгі сабақта көрсеткен білімдеріңді мынадай ақша қарлармен бағалаймын.

Оқушылар қаршалармен бағаланады.

VІІ. Үйге тапсырма

257 жаттығу, ереже жаттау

М. Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

О. Сау болыңыз!