Ою-өрнек үлгілерін жасау, қағазда ою, сызу, қию әдістері

904

Сабақтың  тақырыбы:  Ою-өрнек үлгілерін  жасау, қағазда ою, сызу,  қию  әдістері

Мақсаты: Ою-өрнек  үлгілері  арқылы ою, сызу, қию  әдістерін  үйрету.

Керекті  құрал-жабдықтар: дәптер, қарындаш, қалам, қайшы, түрлі -түсті қағаз.

Көрнекіліктер:  Ою-өрнек  үлгілері.

Сабақтың  барысы:

Ұйымдастыру.

Сәлемдесу,  түгендеу, тазалыққа  көңіл  бөлу.

Білімін  тексеру, өткен сабаққа  шолу.

 

Жаңа сабақ.

Аз уақыт  жұмсап тез бітіру  үшін түрлі – түсті қағаздар  жиынтығы  пайдаланылады.. Қима ою-өрнек жасау үшін  сурет дәптер, «ТМ» қарындашы,  қайшы , ақ  жұмсақ өшіргіш, желім   болу  керек.  Түрлі –түсті қағаздан қиып алынған  үлгілерді  сурет  дәптердің  бетіне  рет-ретімен  композициялап  желімдеп  отырады. Ою-өрнек элементін  қағаздан қию үшін қағазды  бір бүктеп қошқар мүйізінің жарты көрінісі қаламмен  сызылып  болған соң қайшымен  қалам  ізі  бойынша қиылады.  Күрделі ою-өрнектер  жасау  үшін  қағазды бір, екі және  төрт  бүктеп, оның  бетіне  қалам  мен күрделі ою-өрнектердің  суреті  салынады да  ұқыпты   қиылады.. Қиып  алған ою-өрнекті  бүктеуін  жазып  жібергенде  әдемі  ою алдыңнан  шыға  келеді. Міне осыдан кейін ою-өрнек дайын.  Оны  керекті  бұйымның  бетіне    түсіре  беруге  болады.

Қандай  ою-өрнек қималарын сурет  дәптерінің  бетіне  желімдеп  отырған жөн.  Ою-өрнек өнерін қиып, ойып, сызып, жасаудың  орындалу  тәсілдерінің үлгілері  беріліп отыр. Алдымен қағазда  қағазда  үлгі жасап  үйренген  соң матаға  ою-өрнек түсіру  оңайға  түседі.

Сонымен біз  әдемі ,әсем, ғажайып заттарды  жасау  үшін  біз ою-өрнек сызу  әдісін  үйренуіміз  керек екен.

 

Сарамандық  жұмыс.

Қағазды   төрт бүктеп, ою-өрнектің ¼  бөлігін  сызамыз.

Сызық бойымен  қиямыз.

Ою-өрнектің бүктеуін  жазамыз.    Дәптер бетіне жабыстырамыз. Оюдың  аты  жазылады.

 

«Шынжыр» ойыны  ойналады. Оқушылар бір-біріне  сұрақ қою арқылы білімдерін тексереді. Жауап бере алмаған оқушы  шынжырды үзеді.

Сабақты қорытындылау:

Үйге тапсырма:   Қағазды төрт бүктеу арқылы  ою-өрне  жасау.